Вагон қараушыдан программистке дейін

ҚТЖ келбеті
17.04.2023, 13:18
Cуреттерді түсірген Александр ЖАБЧУК
Әділет Мұсахаев

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің тілшісі

Астана вагон пайдалану депосының қызметкерлері әрдайым өздерін жетілдіріп, дамып отырады. Сондай білікті маманның бірі Азамат Қабиев. Аталған депода қозғалыс құраманың слесары болып қызметін бастаған ол қазір программист болып жұмыс істеп жүр.

Жастайынан техникаға жақын болып өскен Азамат Павлодардың политехникалық колледжінде теміржол құрылысы мамандығы бойынша білім алады. Алғашқы жұмысын жолшы болып бастаған ол үнемі білімін арттырып, даму үстінде жүреді. Разряды өскен сайын жалақысы да артып отырған.

«Бұл депоға 3-ші дәрежелі слесарь болып кірдім, кейін разрядтарды көтеріп 2012 жылдан бастап вагон қараушылыққа ауыстым. Әрдайым өзімді жетілдіріп, алға жылжып отырдым, солайша вагон қараушылардың жетекшісіне дейін өстім. Кейін осы мекеменің программист қызметіне ауыстым, мекемедегі компьютерлерді жөндеймін. Оған қоса метрологпын, яғни дөңгелектердің өлшемін қадағалаймын», – дейді кейіпкеріміз.

Білікті маман ұзақ уақыт темір жол бойында жұмыс істегендіктен үнемі пойызға қарай көңілі тартып тұратынын айтады. Сол себепті жұмыс арасында темір жол бойына шығып, вагондарды аралап, бақылап шығады екен.

«Вагон қараушы болғанымда ақауларды талай рет анықтадым. Соңғы төрт жылда еліміздегі вагондардың көбі жаңартылды. Оның алдындағы ескі вагондарда ақаулар көп еді, әсіресе жүк вагондарынан анықталатын.  Дөңгелектердің беткі жағында тоғыз жерінен бұзылатын тұсы бар. Амортизация кезінде темірлер үгітіледі, содан көптеген ақаулар пайда болады. Доңғалақта бір ақау шықса ол бүкіл вагонға әсер етеді. Сондықтан ондай ақауды дер кезінде анықтау маңызды», – дейді А. Қабиев.  

Депода адамдарды жұмысқа қабылдар алдында толықтай медициналық тексерістен өткізеді. Құлағы естімейтін, көзі нашар көретіндерді вагон қараушылыққа алмайды екен.  

Азамат қазір мекемедегі компьютерлерге техникалық қолдау көрсетеді. Білмеген жерін сұрап, үнемі білімін арттырып отыратынын айтады.

«Осы депода жұмыс істеп жүргеніме 12 жылдан асты. Қазір жастар келіп жатыр, соларға білгенімді айтып, тәжірибеммен бөлісемін», – дейді ол.  

Бұл мекемеде көп жыл вагон қараушы болып жұмыс істеп, тәжірибесі мен білімі толысқан жұмысшыларға лауазым бойынша өсіп отыруға жағдай қарастырылған. Адал қызмет етіп, жақсы жағынан көзге түскендер басқа бөлімге ауыспай-ақ осы жерде қызмет сатысымен өрлей береді. Сондай жанның бірі Ардақ Қабылқадірұлы. Жиырма екі жыл вагон қараушы болып жұмыс істеген ол қазір техникалық сабақ жүргізу шебері.  

«Әр сейсенбі мен бейсенбіде вагон қараушыларға сабақ өткіземін. Түрлі тақырып бойынша тоқсанына және бір жылға деп кесте жасаймыз. Сол бойынша техникалық сабақ беріп, білмегендерін үйретемін. Ол жерде вагонның дөңгелек жұптары, буксы, тежегіш және тағы басқа құралдар жөнінде түсіндіреміз. Әр сабақ 90 минуттан тұрады. Бұл жерде сондай-ақ қауіпсіздік жөнінде де сабақ өткізіледі», – дейді ол.  

Кейіпкеріміз вагон қараушы болып жұмыс істеп жүргенде ақауларды анықтап, пойызды апатты жағдайдан бірнеше рет сақтап қалған кезі болыпты. Ол үшін басшылық тарапынан марапатқа ие болып, сыйақы да алыпты. Көп жыл вагон қараушы болып жұмыс істеген ол енді бар білгенімді жастарға үйретіп жатырмын дейді. Ол үшін тәжірибесі де, білімі де жеткілікті.

Бір байқағанымыз деподағы жұмысшылардың жұмысқа деген құлшынысы жоғары. Жалақыларын тұрақты алады, оған қоса жыл өткен сайын өсіп отырады екен. Жұмыс киімі, қажетті құрал-саймандармен толықтай жабдықталған. Әсіресе, вагон қараушылар бастан-аяқ қыстық жылы киіммен қамтылыпты. Депода өз болашағын темір жолмен байланыстыратын жастар қатары да көп. Бәрі шетінен алға ұмтылып, білімдерін арттырсам дейді. Разрядтары өскен сайын жалақылары да көтеріледі. Мұндай қадам жас маманның өзін дамытуға, білімін жетілдіре түсуге ынталандыра түсетіні сөзсіз. Білімі мен тәжірибесі бар маман қай жерде болмасын жоғары сұранысқа ие екенін жақсы түсінеді бәрі. Сол себепті қолдары қалт ете қалса техникалық нұсқаулықты жаттап, білімдерін ұштай түседі.  

 

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады