Мақаттан басталған мақсатты жол

ҚТЖ келбеті
04.08.2023, 10:14
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Техникалық саясат департаментінің бас менеджері Рашид Нұртазаевтың теміржолдағы еңбек өтілі тұп-тура 40 жылды құрайды. Биыл саладағы ең мәртебелі марапат «Құрметті теміржолшы» белгісін төсіне тағып, еңбек жолын тәмамдамақ.

Ресейде туып-өскен кейіпкеріміз 1983 жылы отбасымен Қазақстанға оралып, Мақат станциясына көшіп келеді. Сол жылы Мақат локомотив пайдалану депосында слесарь болып теміржолдағы еңбек жолын бастайды. Бір-екі жылда машинист көмекшісі болады, тағы үш жылдан кейін машинист болып 1991 жылға дейін локомотив тізгіндейді. Одан әрі 9 жыл машинистнұсқаушы болды. Бос уақытының бәрін оқып, білімін көтеруге жұмсаған мақсатты жан теміржолшы инженер және экономист мамандығын алады. Кейін тағы да білімін жетілдіре түсіп, теміржолдың бухгалтерлік есеп саласын игереді.  

Жаңа мыңжылдық басталған кезде Астанаға шақырту алып, жұмысын «ҚТЖ» РМК локомотив шаруашылығы департаментінде отын-жылу техникалық бөлімінің бас маманы болып жалғастырады. Одан әрі осы бөлім бастығының орынбасары, «Локомотив» АҚ отын-жылу техникалық бөлімі бастығының орынбасары, экономиканы басқару және пайдалану көрсеткіштері бөлімінің бастығы, локомотив бригадалары мен локомотив жұмысын ұйымдастыру бөлімінің бастығы, техникалық даму басқармасының бастығы, «Локомотив» АҚ бас инженері, басқарма басшысы, Бизнесті трансформациялау бағдарламасы бойынша сарапшы, «Деректер архитектурасы» тобының жетекшісі, 2016 жылы Магистральдық желі дирекциясы еңбек қауіпсіздігі және экология департаментінің директоры, өндірістік қауіпсіздік және экология департаментінің бас менеджері қызметтерін атқарады.  

Оның темір жол саласына сіңірген еңбегі ұшан-теңіз. Астана қаласында локомотив құрастыру зауытының құрылысы, оны жобалау жұмыстарына, сол зауытқа персонал іріктеп, дайындау жұмыстарына тікелей араласқан еңбегі бір төбе. Сондай-ақ локомотивтің жаңа дәуірдегі ТЭ33А, ТЭП33А, KZ8A, KZ4AC, KZ4AC, KZ4AT, CKD6E серияларын жасауда қабылдап алу, сынақтан өткізу жұмыстарына қатысты. Сонымен қатар елімізде тәуелсіздік алғаннан кейін салынған жаңа жолдар құрылысы кезінде де өз үлесін қосты.  

– Темір жолға 23 жасымда келдім, Мақатта жүріп алдыма мақсат қойдым. Саладағы қайнаған өмір мен қызу тірлікті жаным қалайтынын түсіндім де білімімді жетілдіріп, шамамның келгенінше биікке ұмтылдым. Өзімді өзім жетілдіріп, көп еңбек еттім, – дейді Рашид Әлиұлы.

Қарым-қабілет, білім мен тәжірибесі бір бөлек, кейіпкеріміздің шектен тыс еңбекқорлығы әріптестерін еріксіз тәнті етеді екен. Бүгінгі таңдағы негізгі міндеті – өндірістік қауіпсіздік мәселесінде әдістемелер әзірлеу, нақтырақ айтқанда арты қайғылы жағдайға алып келген өндірістік оқиғаларды зерттеу, талдау жасау, осы бағытта шетел тәжірибесін енгізу. 2010 жылы «Адал еңбегі үшін», ал 2012 жылы «Үздік рационализатор» белгісімен марапатталған.  

 

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті