«ҚТЖ-100 жас есім» жобасының қатысушысы табысқа жетудің сыры мен бөлісті

ҚТЖ келбеті
06.05.2024, 16:22
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

Қоғамда «жастардың кәсіби техникалық мамандықтарға деген қызығушылығы аз» деген көзқарас қалыптасқан. Бұл мәселе теміржол саласында да өзекті  болды. Алайда теміржолды сүйікті кәсібі мен табысқа жетудің тұрақты көзі санайтындар бар кезде бұл сала өміршең дер едік.

ТЧЭ-31 –  Жамбыл локомотив пайдалану депосының 3-класты электровоз машинисі Абылайхан Қалтаев өз таңдауы мен ұстанымының қате болмағанына осыдан 2 жыл бұрын көз жеткізгенін айтады. «ҚТЖ-100 жас есім» жобасы бойынша үздік атанған жас жігіт болашағына нық сеніммен қарап, табанды еңбектің табысқа жеткізеріне сенімі арта түскен.    

Теміржол саласындағы үздік 100 жастың қатарынан көрінген Абылайхан Қалтаев Тараз теміржол көлік және коммуникация колледжін «Теміржолдардың жылжымалы құрамын жөндеу, пайдалану және техникалық қызмет көрсету» мамандығы бойынша бітірген соң еңбекке араласып, «Қазақ жол қатынастары» университетінде сырттай оқып білімін жетілдіріп, жоғары білім алды.  

Саладағы еңбек жолын 2015 жылы аспапшы-слесарь болып бастаған ол   кәсіби білімі мен табандылығының арқасында көп ұзамай машинист көмекшісінің дублері болып локомотивке отырды. Теміржолшылар әулетінде өскен Абылайханға кәсіптік оқу орындарында жинаған теориялық базаны практикада ұштастыру қиынға соққан жоқ. Сол жылы қазан айында бастапқыда жүк тасымалдаушы пойыздың машинисінің көмекшісі, артынша жүк және жолаушылар пойызы машинисінің көмекшісі болып ауысты.

–  2015 жылдың қазан айынан 2022 жылға дейін «Talgo» жолаушылар пойызында электровоз машинисінің көмекшісі болып жұмыс істедім. 2022 жылдың сәуір айынан бастап жүк тасымалдаушы электровоз машинисімін. 4 жыл бұрын «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның корпоративтік блогерлер пулына, 2022 жылы желтоқсанда ҚТЖ-ның 100 жас тұлғасының тізіміне ендім. Теміржол саласы – тұрақты жұмыс көзі ғана емес, табыс пен жетістіктің жолы десем, қателеспеймін, – дейді Абылайхан Асқарұлы.

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы жас мамандардың резервін жасақтауға баса көңіл бөліп отыр. «ҚТЖ-100 жас есім» жобасы – соның айқын дәлелі. «Бұл қадамның саладағы кадр тапшылығы мәселесін тиімді шешуге септігі көп» дейді электровоз машинисі.

Жоғарыда атап өткеніміздей, кейіпкеріміз теміржолшылар әулетінде өсті. Бүгінде өзімен бір әулеттен үш машинист еңбек етуде.  Ағасы – Talgo жолаушылар пойызы локомотив бригадаларының машинист нұсқаушысы, тағы бір бауыры 1-класты электровоз машинисі болып жұмыс істейді.  

 

Жаңалықтар
18.08.2026
Еліміздің алты өңірінде 2 мыңнан астам жүргізуші ҚТЖ-ның «Қауіпсіз өткел» акциясына қатысты
Жолаушылар тасымалы
18.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ пойыздарымен 7,5 млн жолаушы тасымалданды
Әлеумет
18.08.2026
ҚТЖ: отандық өндірушілерді қолдайды
Аймақтар
18.08.2026
Жүктемесі жоғары өткелдерде рейд өтті
Аймақтар
18.08.2026
Басты өлшем – қозғалыс қауіпсіздігі
Аймақтар
18.08.2026
Бурыл станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Қауіпсіздік
18.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар өткелдердегі қауіпсіздікті күшейтуде
Аймақтар
18.08.2026
Мал басу азайды
Аймақтар
18.08.2026
Еңбек заңнамасы талқыланды
ҚТЖ келбеті
18.08.2026
Коллекционер теміржолшы
Аймақтар
18.08.2026
Торқалы тоқсанға келген теміржолшы
Жаңалықтар
18.08.2026
Теміржол вокзалдарын жаңғырту Жетісу облысында жалғасуда
Жаңалықтар / Мұрағат
18.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №65 18 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
17.08.2026
Балалар лагерінде темір жолдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық іс-шара өтті
Спорт
17.08.2026
Теміржолшы пара-пауэрлифтингтен Қазақстан чемпионатында күміс алды
Әлемде
17.08.2026
Қауыннан жасалған «пойыз»
Жүк тасымалы / Апта саны
17.08.2026
ҚТЖ желісімен 184 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Әлемде
17.08.2026
Литваға 12 жаңа Stadler Flirt пойызы жеткізілді
Жаңалықтар
17.08.2026
Алматы облысында жаңа логистикалық орталық ашылды
Жаңалықтар
15.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы Алматы өңірінің темір жол инфрақұрылымының негізгі нысандарын аралады