Жаңа технологияның «тілін» тапқан теміржолшы

ҚТЖ келбеті
25.10.2024, 11:00
Суретті түсірген автор
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

Шу белгі беру және байланыс дистанциясында ағайынды электромеханиктер Ерланбек пен Ермек Исмайылбековтер жұмыс істейді. Оларды әріптестері электромеханика жүйесінің білгірлері деп атайды. Олай деп айтуға негіз де жоқ емес.

Жалпы ШЧ-35 Шу белгі беру және байланыс дистанциясында 26 аға электромеханик, 14 инженер, 148 электромеханик, 38 монтер жұмыс істейді. Барлық қызметкерге жүктелетін негізгі міндет – өз ісіне деген жауапкершілік пен үздіксіз ізденіс. Себебі жыл өткен сайын өндіріске жаңа технологиялар енгізіліп жатыр. Электр жүйесін орталықтандыруды меңгеріп, автоматты блоктауды білуі, жалпы диспетчерлік орталықтандыру құрылғыларының «тілін» түсіну – уақыт талабы. Әсіресе электромеханиктердің жұмыста аса мұқият болуы абзал.  

Шу белгі беру және байланыс дистанциясы кадр бөлімінің маманы Қуат Орманқұловтың айтуынша, дистанцияға жаңадан жұмысқа келген жас мамандарға теориялық білімді практикамен ұштастыра білуді үйрететін тәлімгерлер бекітіледі екен. Бұдан бөлек, талай жылдан бері еңбек тәжірибесі қалыптасқан білікті мамандар да іс-тәжірибесімен бөлісіп тұратын көрінеді. Солардың қатарында ағайынды Исмайылбековтер бар. Жас болса да талапшылдығымен, ізденгіштігімен көзге түсіп жүрген Ермек Исмайылбеков жақында Астанада өткен ҚТЖ бойынша «Жас үздік маман» кәсіби байқауының IV республикалық кезеңінде топ жарған екен. Ал ағасы еңбек жолын электромонтерден бастап, біраз жыл осы дистанция бастығының орынбасары болып қызмет еткен білікті кадр. Қазір дистанцияның электромеханигі.  

– Жалпы бұл отбасында бәрі дерлік осы саланың тілін жетік біледі. Ермек пен Ерланбектің әкесі Аманқұл Исмайылбеков те саналы ғұмырын теміржолға арнаған. Бірлік станциясында аға электромеханик болып жұмыс істеген. Анасы да теміржолда еңбек етті. Тағы бір ағалары Нұрланқұл Алматы белгі беру және байланыс дистанциясында қызмет етеді, – дейді Қуат Орманқұлов.  

Шу белгі беру және байланыс дистанциясының электр орталықтандыру, автоматты блоктау, диспетчерлік орталықтандыру құрылғыларына қызмет көрсету бригадасында электромеханик болып жұмыс істеп жүрген Ермек Аманқұлұлының осы салада 14 жылдық тәжірибесі бар. Бірлік станциясында бағыттама бұрмаларына, бағдаршамдарға, автоматика, телемеханика құрылғыларына техникалық қызмет көрсетеді. Әріптестері Ермектің ізденгіштігіне дән риза. Жаңа технологиялардың жұмыс жүйесін зерттеп, үйреніп, оны өндіріске енгізуге ұмтылып жүреді дейді. Жас маманның еңбекке деген құлшынысын басшылар да жоғары бағалайды.  

 

Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды