Адал еңбек өтеуі

ҚТЖ келбеті
29.10.2024, 09:29
Суретті түсірген автор
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

Мерейі биік мереке аясында «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған теміржолшылардың бірі – Шу станциясындағы вагондарға техникалық қызмет көрсету пунктінің вагондарды тексеріп-жөндеушісі Төрехан Чолпанбаев.

Теміржолда он сегіз жылдан бері еңбек етіп келе жатқан Төрехан Әбітайұлы: «Бұл марапат – «Адал азамат – Адал еңбек – Адал табыс» қағидатының іс-жүзіндегі көрінісі», – дейді.  

Шу – тоғыз жолдың торабындағы қала. Сан тарапты жалғап жатқан шойын жолдар да осы жерде түйіседі. Содан да болар, тұрғындарының басым көпшілігі тұрақты кәсіп ретінде теміржолда еңбек етуді дәстүрге айналдырған. Шудың іргесіндегі Жаңажол ауылында туып-өскен Төрехан Әбітайұлы да теміржолдан ұзап, басқа салаға кете алмағанын айтады. Ол саладағы еңбек жолын құрылыс бригадасынан бастапты. 2006 жылы Жамбыл магистральдық желі бөлімшесіне жұмысшы болып қабылданыпты.  

– Мектепті бітірген соң әскери борышымды өтеуге аттандым. Әскерден келіп, №11 автомектепке оқуға қабыл дандым. Темір тұлпарды тізгіндесем де, теміржол саласына жұмысқа ауысуды ойлап жүргенмін. 2006 жылы теміржол бойындағы құрылыс бригадасына қосылдым. Бес жылдан кейін ВЧД-27 Жамбыл вагон пайдалану депосына жылжымалы құрамның слесарі болып ауыстым. 2013 жылдан бері вагон қараушымын, – дейді Төрехан Чолпанбаев.  

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС «Жамбыл ЖТ бөлімшесі» филиалы Шу станциясының вагондарға техникалық қызмет көрсету пунктінің қырағы вагон қараушысы осы жазда жүк пойызының вагонынан ақау тауып, қауіптің алдын алған болатын. Жүк және жолаушылар пойыздарының діттеген жеріне аман-есен жетуіне өз үлесін қосып келе жатқан Төрехан Чолпанбаев бұған дейін де бірнеше мәрте вагонның бүйір жақтау рамаларының жарылғанын анықтаған.  

 

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда