Микропроцессорлы құрылғының қызметі зор

ҚТЖ келбеті
12.11.2024, 09:03
Суретті түсірген автор
Нұрлыбек Досыбай

Түркістан облысы бойынша меншікті тілші

Жуырда Астанада өткен «Жас үздік маман» кәсіби байқауының республикалық кезеңіне қатысып, үшінші орын алған Аңсар Молдатаев – Шымкент белгі беру және байланыс дистанциясына қарасты Манкент станциясында СОБ (сигналдарды орталықтандыру және блоктау құрылғысы) электромеханигі.

Үнемі ізденіп, біліктілігін жетілдіріп отыруды өзіне міндет санайтын маман Арыс қаласындағы теміржол колледжінде автоматика және телемеханика саласы бойынша мамандық алған соң маңызы зор стратегиялық нысандардың құрылысына қатысып, тәжірибе жинаған. Алдымен сол жылдары «Жаңаөзен-Болашақ» теміржол учаскесі салынып, соған мамандар жинап жатыр дегенді естіп, көз жұмып аттанып кетеді. Маңғыстаудағы ШЧ-10 мекемесінде электромеханик болып бірнеше жыл еңбек етеді. Сосын елдің шығыс өңіріне аттанады. 2012 жылдан «Жетіген-Алтынкөл» телімінде электромеханик болып басталған еңбек жолы 11 жылға созылып, алдымен Алтынкөл, кейіннен біріккен мекемеге айналған Алматы белгі беру және байланыс дистанциясында тер төгеді. Өткен жылдың көктемінде отбасылық жағдайына байланысты өзінің туып-өскен жері Түлкібас станциясына ауысады.  

Аңсар Болатбекұлынан байқаудың қалай өткенін сұрадық. Айтуынша, байқау жоғары деңгейде өткен, оған ұнағаны шеберлікті шыңдау бағытындағы тапсырмаларды орындау болыпты. Бір тапсырмада төрешілер учаскеде ақауды қолдан ұйымдастырып, оны 5 минут ішінде анықтап, қалпына келтіруді тапсырған. Мақсат – релелік жинақ қобдишасындағы ақауды жылдам табу керек. Біздің кейіпкеріміз көзді жұмып-ашқанша олқылықты оңай анықтаған.  

– Бізге 5 минут берілгенімен, мен алғашқы минутта-ақ тапсырманы орындап үлгердім. Кітаптағы теорияға сүйенсек, релелік жинаққа тоқтың қай тұстан жетпей тұрғанын желінің соңғы нүктесінен бастап жоғары қарай іздеуім керек екен. Ал мен кері бағытта іздеу әдісін қолдандым. Яғни ток көзі шыққан бойдағы бірінші бекеттен бастап тексеріп едім, сол тұстағы сақтандыру құралының (предохранитель) істен шыққанына көзім жетті. Сөйтіп әп-сәтте оң нәтиже көрсеттім. Алайда, төрешілер тарапынан маған осы әдісім үшін ескерту берілді. Себебі қолданған әдісім жоғарыда айтылған теорияға қайшы екен. Ал мен ақау іздеуді ең жақын жерден бастауымның мәнісі – желінің екінші ұшына жетуге артық уақыт жоғалтқым келмеді, – дейді Аңсар Болатбекұлы.  

Қызық болғанда, теория мен тәжірибенің кереғарлығы осы тұста сезілетіндей ме, қалай?!. Ақиқатында маман ақау анықтауды алыстан емес, жақын жерден іздеп бастағаны өте орынды әрі ойға қонымды. Уақыт үнемдеп, едел-жедел оң нәтиже көрсету – сапалы қызмет, сауатты шешім емес пе?! Қазіргі ғылыми тілмен айтқанда бұл әдісті жапондық «Кайдзен технологиясының» элементі ретінде қарастырып, бағалауға болатындай-ақ екен. Өкініштісі, біз кейде қасаң қағида, қалыс әдістеме жетегінде жүретініміз жасырын емес...  

Технология демекші, Манкент станциясында релелер орналасатын штативтер өте ауқымды орын алады. Көлемі шағын болғанымен, блок ретінде сіресіп тұрған релелерге үлкен бөлме керек. Оны ұстап тұрудың шығыны да аз болмасы белгілі. Ал енді осының орнына жаңадан қолдана бастаған микропроцессорлы МПЦ-950 құрылғысы орнатылса, тоңазытқыш көлеміндей ғана қобдиша ішіндегі нысаналық бақылау тетіктері (объектный контроллер) релелердің қызметін мінсіз атқарар еді.

– Артықшылығы сол – мұндағы релелердің қызметін қуаттылықты көтере алатындай өлшеммен жасалған құймалы платалар атқарады. Станциядан шығатын барлық сигналдарды (парк аумағы мен шалғай учаскелердегі бағдаршамдарға жететін барлық сигналдарды) осы МПЦ950 құрылғысы мұқият бақылауда ұстайды, – дейді А.Молдатаев.  

Маманның айтуынша, микропроцессорлы құрылғының қызметі өте зор. Сондықтан соңғы үлгідегі заманауи құрылғыны жаппай қолданысқа енгізу керек. Өйткені берілген немесе орындалып жатқан тапсырма-сигналдардың қай деңгейде екені, операциялардың барлығы да компьютер экранында анық көрініп тұрады. Ал ескі әдісте жұмыс процесін арнайы кесте арқылы ғана анықтауға тура келеді.  

 

Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты