Орындалған арман

ҚТЖ келбеті
18.03.2025, 09:15
Суретті түсірген автор
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Павлодар жүк тасымалы бөлімшесіне қарасты Ерейментау айналым депосының электровоз машинисі Қуат Жәкенов – теміржолшылар әулетінің өкілі. Жиырма жылға жуық еңбек өтілі бар тәжірибелі машинист өз мамандығын жоғары бағалайды, бұл кәсіби біліктілік пен жауапкершілікті талап ететін борышты міндетім деп біледі.

«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» дейді халық даналығы. Бұл сөз дәл Дәлелқайраттың ұлы Қуатқа қаратыла айтқандай. Оның ес білгеннен білетіні, арғы атасы, өз атасы, әкесі темір жолда жұмыс істеді. Оның да бала кезден арманы аталар салған жолды жалғастыру болды.  

– Арғы атам бронепойыздың паровоз машинисі болды, атам тепловоз машинисінің көмекшісі, әкем алдымен тепловоз, кейін электровоз жүргізді, әкемнің інілері де машинистер мен көмекші машинистер, үлкен ағам тепловоз машинисі, әпкем осы айналым депосында шұғыл-техникалық есеп орталығының операторы, жиенім электровоз машинисі... осылай кете береді. Біздің әулеттің кәсібі осы машинист мамандығымен тығыз байланысты болып тұр ғой, – дейді Қуат.  

Бала күнгі арманын ақиқатқа айналдыруға асыққан жас жігіт мектеп бітірісімен Қазақ жол қатынастары университетіне оқуға түседі. Оны бітірген соң тепловоз машинисінің көмекшісі болып еңбек жолын бастайды. «Бұл менің тәжірибелі әріптестерімнен кәсібімнің негіздерін үйреніп, меңгерген шағым» еді деп еске алады сол күндерді кейіпкеріміз.  

Электровоз машинисі жұмысы техникалық білімді ғана емес, сондай-ақ оқыс жағдайларда тез шешім қабылдауды қажет ететіні белгілі. Машинистер пайымынша, бір күннен екінші күн ерекше, алдыңда не күтіп тұрғаны белгісіз, сондықтан кез келген күтпеген жағдайларға дайын болу керек, бұл кестенің өзгеруінен бастап, техникалық ақаулықтарға дейін болуы мүмкін.  

– Машинист көмекшісімен жұптасып жұмыс істейміз. Сапардың тиімді және қауіпсіз болуы біздің бірге жұмыс істеу үйлесімділігімізге байланысты. Әрбір сапар алдында локомотивті мұқият тексеріп шығамыз, жүйелердің жұмысын сүзгіден өткіземіз. Өйткені біз жолаушылар мен жүк қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жауапкершілігімізді бір сәт те естен шығармаймыз, – дейді машинист өз жұмысы туралы.  

Қуат Жәкенов әріптестері арасында беделді жан. Ол өз тәжірибесімен бөлісуден ешқашан бас тартқан емес. Біліктілігі мен білімі, азаматтығы мен адамгершілігі арқасында ұжымына сыйлы.  

– Қуатпен жұмыс істеу барлық жағдай тігісінен жатады деген сенімділікті ұялатады. Ол өз ісінің нағыз маманы. Оның үнемі білімін жетілдіріп, ізденісте жүретіні мақтауға лайық. Жұмыс барысында бірнеше рет басшылық тарапынан марапатталды, – дейді Ерейментау айналым депосының бастығы Данабек Айдынбаев.  

Ал Қуаттың өзіне келсек, ол мамандығы қиын да күрделі және жауапкершілігі зор екеніне қарамастан, өмірін темір жолсыз елестете алмайтынын айтады.  

«Әркез басқару пультіне отырғанымда, өз орнымды тапқанымды сезінемін. Бұл мен үшін жай ғана жұмыс емес, бұл менің өмірім. Мен пойыз рельсті жүріп өткен сайын, жылдамдықты сезінемін. Білесіз бе, бұл – бір мезеттегі еркіндік пен жауапкершілік сезімі. Оның үстіне, теміржолшы әулетінің дәстүрін жалғастыру да мен үшін үлкен мақтаныш. Бауырлар арасындағы әңгіме де ортақ. Біз расында үлкен бір машинистер отбасымыз, – деп ой түйіндейді кейіпкеріміз.  

 

Аймақтар
08.05.2025
Жамбыл жол бөлімшесі ҰОС ардагерін құттықтады
Жаңалықтар
08.05.2025
ҚТЖ Ұлы Отан соғысы ардагерлерін құттықтады
Темір жол тарихы
08.05.2025
Соғыс салған жара. Тұщыбектегі тағзым ескерткішінің тарихы
Темір жол тарихы
08.05.2025
Жамбыл теміржолшыларының ерлік жолы
Темір жол тарихы
08.05.2025
Соғыс жылдарындағы шойын жол шежіресі
Темір жол тарихы
08.05.2025
Сұрапыл жылдар шындығы
Жолаушылар тасымалы
08.05.2025
ҚТЖ жазғы кезеңде қосымша бағыттарды іске қосады
Мұрағат / Жаңалықтар
08.05.2025
«Қазақстан теміржолшысы» газетінің 2025 жылғы 8 мамырдағы арнайы саны
Жаңалықтар
06.05.2025
«Нұрлы жол» вокзал кешенінде Жеңістің 80 жылдығына орай ағаш отырғызылды
Жолаушылар тасымалы
06.05.2025
«Keruen Express» туристік пойызы сапарға аттанды
Жаңалықтар
06.05.2025
«Батырлар ұраны» шырқалған кеш
Аймақтар
06.05.2025
Семейде өрт сөндіру пойызы қоймадағы өртті өшірді
Спорт
06.05.2025
Семейлік теміржолшы жүзден жүйрік шықты
Темір жол тарихы
06.05.2025
Жеңіс рухын сөндірмеген Қызылорда алауы
Аймақтар
06.05.2025
Арыстағы «Батырлар аллеясы»
Спорт
06.05.2025
Машинистер сайысы
Темір жол тарихы
06.05.2025
Майданға тартылған мұнай жолы
Қауіпсіздік
06.05.2025
Теміржолдағы тәртіп – адам өмірінің кепілі
Темір жол тарихы
06.05.2025
Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.05.2025
Қазақстан теміржолшысы газеті, №34-35 06 мамыр 2025 жыл