Теміржолдағы тәртіп – адам өмірінің кепілі

Қауіпсіздік
06.05.2025, 09:06
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

Жамбыл жол дистанциясы қызмет көрсететін аумақта халық тығыз орналасқандықтан қауіпсіздік мәселесі өте өзекті. Шойын жол қаланы кесіп өтетіндіктен, қауіп-қатер автокөлік ағыны өте тығыз облыс орталығында да аз емес.

Сондай-ақ дистанцияға қарасты жол аумағында қоныс тепкен жергілікті тұрғындардың басым көпшілігі негізінен мал шаруашылығымен айналысады. Сондықтан жол дистанциясының қызметкерлері халық арасында профилактикалық жұмыстарды жиі жүргізеді. Ел ішін аралап, мал иелерін мал жаю ережесімен таныстырып, қауіп-қатерді ескертіп, төрт түлігін қараусыз қалдырмауға кеңес береді.  

– Алайда теміржолға жақын жерде мал жаюдың ережелерін сақтап жатқандар аз. Соның салдарынан қараусыз қалған төрт түлік шойын жолға шығып кетіп, машинистер пойызды шұғыл жағдайда тоқтатуға мәжбүр болып жатады. Мал басу оқиғаларының кесірінен пойыздар кешігеді. Иесі шығынға батады, локомотивтерге залал келеді. Соңғы екі жылда жол дистанциясы аумағында 32 мал басу оқиғасы тіркелді. 28 оқиға 2024 жылы орын алса, биылдың өзінде мұндай 4 жағдай болды. Қозғалыс қауіпсіздігін сақтауда автокөлік жүргізушілерінің де жол ережелерін сақтауы маңызды. Бұл – өткелдер арқылы қауіпсіз өтудің кепілі. Жалпы дистанция қызмет көрсететін аумақта 32 теміржол өткелі бар, оның 11-і күзетіледі. Биыл күзетілетін өткелдерде екі жол-көлік оқиғасы орын алды. Екі жағдайда да көлік иелері кінәлі. Салдарынан локомотивке залал келіп, жүргізушіге айыппұл салынды, – дейді Жамбыл жол дистанциясының бастығы Дәулетбек Несіпбекұлы.  

Дистанция қызметкерлері теміржол аймағындағы қауіп-қатердің алдын алу үшін мектептерде де профилактикалық-түсіндіру жұмыстарын жиі жүргізеді. Сала мамандары оқушылардың денсаулығы мен өмірін қамтамасыз ету үшін мұғалімдер және ата-аналармен бірлескен жұмыс аса маңызды екенін айтады.  

Өткен жылдарда теміржол бойындағы келеңсіз жайттардың статистикасына көз жүгіртсек, жарақат алу жағдайларының көпшілігі ережелерді елемеудің салдарынан болған. Масаң күйде шойын жолды кесіп өткендердің кінәсінен орын алған жазатайым оқиғалар да бар.  

– Сала қызметкерлері жазатайым оқиғаларды болдырмау үшін өткелдер арқылы өтуді, қарсы бағытта пойыздың жоқтығына көз жеткізбей жолды кесіп өтпеу керектігін ескертеді. Шлагбаум жабылған соң өтпелі дабыл бағдаршамының қызыл сигналын көрсеткен кезде теміржол өткелдерінен өтуге тыйым салынатынын жүйелі түрде еске салады. Осы ережелерді орындау қайғылы оқиғаларды болдырмауға көмектеседі деп үміттенеміз және тек бірлескен күш-жігермен біз туыстарымыз бен жақындарымыздың өмірін қорғай аламыз! Жүк және жолаушылар пойыздары қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету – барлық теміржолшылардың басты міндеттері, – дейді Дәулетбек Несіпбекұлы.  

Иә, қауіпсіздік – өзектілігін ешқашан да жоймайтын тақырып. Сондықтан теміржолшылар шойынжол бойында қауіпсіздіктің сақталуы жолында жыл он екі ай күреседі.

 

Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды