Астанада тоғысқан тағдырлар

ҚТЖ келбеті
03.07.2025, 11:02
Оқуға 2 мин
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Ару Астана қаншама жастың үкілі үмітін үрлеп жағып, арман-тілегін орындады. Түбекте туып-өсіп, бүгінде ерке Есілдің жағасындағы ертегідей қаланың тұрғыны атанған Қайраттай қанша жастың шаңырағын көтеріп, уығын қадасты...

Маңғыстау магистральдық желі бөлімшесінде еңбек етіп жүрген  Қайрат Абдашов компания шеңберінде өндірістік қауіпсіздік бағдарламасы бойынша мобильдік қосымша пайда болып, кез келген адам көрген қателіктер мен бұзушылықтарды тіркеу мүмкіндігі пайда болғанда алғашқылар қатарында бағдарламаға 71 кемшілікті енгізген еді. Осы еңбегінің нәтижесінде «Жыл үздігі» атанып, шетелге саяхаттау мүмкіндігін жеңіп алған болатын. Темір жолда қозғалыс қауіпсіздігінің сақтауына осылай өз үлесін қосқан қырағы теміржолшы  көп ұзамай Астанаға жұмысқа шақырту алып, елордалық атанды.  

Түбекте жүргенде де өз міндетімен қатар қоғамдық жұмыстарға да белсене қатысатын ол маңғыстаулық теміржолшылардан құралған «Маңғыстау.кз» жайдарманшылар тобының белді мүшесі, спорттық, басқа да сайыстардың үздік қатысушысы болды. Астанаға барып та түрлі іс-шараның ортасынан табыла білген жігіт сондай кездесулердің бірінде жан жарын жолықтырды.  

– 2022 жылы Магистральдық желі дирекциясының шақыртуымен Еңбек қауіпсіздігі және экология департаментіне менеджер болып ауыстым. Тамыз айында мен Ақтау қаласынан, ал Әйгерім болса Семей қаласынан Астанаға ауысып, сол жылы Әлеуметтік басқару департаменті жариялаған «100 жас есім» жобасында кездестік.  Тағдырдың тосынсыйы осы болар, жоба аясында таныстығымыз көп ұзамай махабатқа ұласып, өткен жылдың жазында отбасын құрдық. Маңғыстаулық және семейлік теміржолшылар әулетін құда атандырдық, – дейді Қайрат Абдашов.  

Қайрат пен Әйгерім ақылдаса келе бақытты күндерінің естен кетпес датасын осы саламен байланыстыруды жоспарлап, өткен жылы теміржолшылар күнінде шаңырақ көтеріп, той өткізген. Жақында Сұлтан есімді ұлдары дүниеге келді. Қос теміржолшының шағырағында Астана күні қарсаңында іңгәлаған сәби үні естіліп,  елорда халқы бір қазаққа көбейді.

Бала Сұлтанның өз жұрты да, нағашы жұрты да теміржолшылар. Қайрат түбекке белгілі Абдашовтар династиясынан болса, Әйгерім Шымырбаева да семейлік сала қызметкерлері отбасынан екен. 100 жас есім» жобасынан бөлек ол «Жас темір» жас мамандарды даярлау жобасының жеңімпазы. «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы – Интеграция және жоспарлау дирекциясында жүк тасымалы маркетингі департаментінің менеджері бүгінде бала күтіміне байланысты демалыста.  

Ал астаналық жас отбасының отағасы Қайрат Абдашов «ҚТЖ» ҰК» АҚ  Еңбек қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау инспекциясының менеджері. Компания шеңберінде өтетін түрлі жобаның қатысушысы.  

Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды