Инновациялық идеялар жаршысы

ҚТЖ келбеті
15.09.2026, 08:45
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

Еңбектің лайықты бағалануы – кез келген саладағы кадрлық құрамды тұрақтандыруға әсер ететін маңызды фактор. Шу локомотив пайдалану депосының нұсқаушысы Олег Ермиловтың есімі теміржолшы қауымға жақсы таныс. Өнертапқыш, мықты инноватор, жаңашыл идея мен жарқын бастамалар көшбасшысы ретінде танымал болған тұлға.

Биыл Олег Ермиловтың саланың мәртебелі марапатын алып, «Құрметті теміржолшы» атануын әріптестері зор қуанышпен қабылдады. Бұл – отыз жылдық адал еңбектің, тынымсыз ізденістің жемісі деп санайды. Теміржолшыға берілетін ең биік марапат өз иесін тапқанына қуануда.  

Тәуелсіздіктің елең-алаңында, тоқсаныншы жылдардағы қиындықтарға қарамай, теміржол саласына жұмысқа орналасып, Шу локомотив депосында тепловоз машинисінің көмекшісі болып еңбек жолын бастаған кейіпкеріміз 1997 жылы негізгі құрамнан бөлініп қалған он вагонды тауып, пойызды тоқтатып, диспетчердің нұсқауымен вагондарды тіркеп, діттеген жеріне жеткізгенде сала басшылары Олег Ермиловтың темір жолға кездейсоқ келмеген жан екенін мойындаған. Содан бері отыз жылға жуық уақыт ізденіспен, оқу-тоқумен, еңбекпен өтіп жатыр. Өз кәсібін жетік меңгеруге кіріскен ол өндірістен қол үзбей білімін көтерді. Электровоз машинисі курсында оқып, емтихан тапсырған соң 1998 жылдан бастап алдымен жүк пойызында, кейін жолаушылар пойызында электровоз тізгіндеп, 2010 жылға дейін еңбек етті.  

Олег Ермилов қырағылығының арқасында талай қауіп-қатердің алдын алады. Сондай оқиғаның бірі 2008 жылы болған еді. №52 пойызбен келе жатқан машинист шойын жолда рельстің сынғанын дер кезінде байқап, пойызды тоқтатып үлгереді.  

Тынымсыз ізденіс үстінде жүретін маман 2011 жылы өзін мықты инноватор ретінде көрсетті. Астана қаласында өткен Инновациялық технологиялар форумында оның KZ4A электровоздарының ақауларын анықтау бойынша әзірленген автоматты жүйесі үздік деп танылды.  

– KZ4А электровоздарының ақауларын анықтайтын құрылғы локомотив бригадаларына машиналардың жұмысындағы ақауларды санаулы секундтарда жою дағдыларын пысықтауға мүмкіндік береді. Оқу стендінде бір-бірімен байланысқан және локомотивтің борттық компьютерінің нақты бейнесіне сәйкес келетін 12 ұяшық бар. Суреттердің көмегімен машинист жұмыс кезінде тартқыш және жылжымалы жабдықтарды, агрегаттардың жұмысын серфингсіз басқара алады, – деп түсіндірді Олег Ермилов өзі жасап шығарған автоматты жүйе туралы.  

Депо бастығының пайдалану жөніндегі орынбасары Мейірхан Орысбай бүгінде локомотив бригадаларының нұсқаушысы Олег Ермиловтан жастардың үйренері көп екенін айтады.  

– Оның еңбек тәжірибесін тек шулық теміржолшылар ғана емес, басқа өңірлердегі әріптестері де үлгі тұтады. 2011 жылы ҚТЖ бойынша таратылған теміржол көлігіндегі тежегіштерді басқару жөніндегі нұсқаулықты әзірлеуге қатысқаны, 2013 жылы компания қызметкерлерін оқытуға тренажерлер сатып алу үшін Францияға іссапарға жіберілгені – оның деңгейін көрсететін дәлел, – деді депо бастығының орынбасары.  

 

Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті