Соңғы жылдары өндірістік жарақат алу төмендеген

Қауіпсіздік
09.09.2022, 10:04
Суретті түсірген автор
Ерман Әбдиев

Тараз қаласы бойынша меншікті тілші

Биылғы «Қауіпсіздік және еңбекті қорғау» жылына орай Жамбыл жүк тасымалы бөлімшесінде өндірістік қауіпсіздік, экология бойынша бас инженерлер бас қосқан семинар өтті. Шара басталар алдында жиналған көпшілік өндірісте қаза болған теміржолшыларды бір минут үнсіздікпен еске алды.

Семинарды ашқан Жамбыл ЖТ бөлімшесінің бас инженері Дүйсен Сыдықов жиынның күн тәртібімен таныстырып, сөз кезегін «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС Бас директорының орынбасары – Бас инженер Марлен Көкірекбаевқа берді. Аталған шараның маңыздылығына тоқталған ол өндірістік қауіпсіздікті күшейтуде мұндай семинарлардың жиі ұйымдастырылуын құптайтынын жеткізді. Бас инженер биылғы жылы «Самұрық-Қазына» компаниялар тобы бойынша жарияланып отырған қауіпсіздік пен еңбек қорғау жылына орай қолға алынып отырған шаралар және олардан күтілетін нәтижелер жөнінде сөз қозғады.  

Ал «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ еңбек қауіпсіздігі және экология инспекциясының директоры Сұңғат Назыров соңғы жылдары өндірістік жарақат алу тенденциясының төмендегенін айта келе, ұлттық компания қызметкерлерінің өндірістік қауіпсіздікті сақтауда жауапкершілігінің жоғары болғаны маңызды екенін жеткізді.  

Келесі кезекте сөз алған Еңбек жөніндегі мемлекеттік инспектор Еркін Ибраймов «Мекемелердегі қауіпсіздік және еңбекті қорғау бойынша өндірістік кеңес» тақырыбында хабарлама жасады. Өндірістік кеңес көпшіліктің талқылауына ұласты. Шымкент бөлімшесінің бас инженері Ілияс Нұржановтың «Жетекші қызметте отырып, өндірістік кеңесті басқаруға бола ма?» деген сұрағына Бас инпектор «Иә, басқара алады» деп жауап берді.  

Сондай-ақ, семинарда Көліктегі санитарлық эпидемиологиялық станция өкілі Светлана Шмидке «Өндірістік бақылау» тақырыбында баяндама жасады. Бұл тақырып та көпшілікке қызықты болды, көп талқылау болды. Марлен Көкірекбаев Светлана Шмидкенің мекемелердің жұмыс орындарында спорт залдарын, бассейн ұйымдастыру туралы ұсынысын қолдады.  

Семинардың екінші бөлімі интеллектуалды ойындарға жалғасты. «Логика қайда?» тақырыбындағы ойынға белсене қатысқан көпшілік өндірістік қауіпсіздік бойынша білімдерін жетілдіріп, біліктіліктерін ширата түсті.  

Ойын соңында «Медикер – өндірістік медицина» ЖШС өкілі Райхан Қарақұлова «Жүрек-талма аурулары» тақырыбында хабарлама жасады. Слайдты қолдана отырып тақырыпты ашуға тырысқан медициналық қызмет өкіліне де сауалдар аз болған жоқ. «Сүтті немен алмастыруға болады?» деген сауалға баяндамашы: «Алдымен денедегі тұз құрамын төмендету үшін оның құрамын біліп алған жөн. Жалпы, зиянды өндірісте еңбек ететін жұмысшыларға қауіпсіздік үшін сүт беру тарихы бір ғасыр бұрын, 1922 жылдан басталған. Бүгінде Австралияда сүтті немен алмастыруға болады деген зерттеу нәтижесінде оны кисельмен алмастыру мүмкіндігі айтылған. Жамбыл бөлімшесінің бас инженері Дүйсен Сыдықов «Артериялық қысымды өлшеуде әр аппарат неге әртүрлі көрсеткіш көрсетеді» деген қызық сұрақ қойды. Баяндамашы қазір осы бағыт бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын жеткізді.  

Жиында «Медикер» сақтандыру шартымен медициналық байқаудан өту мәселесі де сөз болды. Компания өкілі бүгінгі күні жекелеген және қашықтағы мекемелер үшін сақтандыру жөнінде жаңа бағдарлама жасалып жатқанын алға тартты. Жамбыл бөлімшесінің Өндірістік қауіпсіздік және экология қызметінің басшысы Медет Каримбаев «Неге медициналық байқаудан өткеннен кейін қызметкерлердің денсаулығы сыр береді?» деген сауал қойды. Оған Райхан Қарақұлова бүгінде медициналық байқаудың сапасын жақсарту мақсатында жұмыстар жүргізіліп жатқанын, жүрек қан-тамыр ауруларының бірінші және екінші сатысын анықтауда профилактикалық шараларды күшейтуде арнайы бағдарлама әзірленгенін жеткізді. «Жасанды интеллект арқылы аурудың себептері анықталатын болады» деді.  

Семинар соңында Жамбыл бөлімшесінің өкілдері шараға қатысушыларға тақырып бойынша ағымдағы жылдың алғашқы жартыжылдығында атқарған жұмыстарының видео таныстырылымын жасады.  

Жаңалықтар / Мұрағат
03.04.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №25 03 сәуір 2026 жыл
Аймақтар
02.04.2026
Ақтөбе теміржолшылары су тасқынына дайындықты күшейтті
Спорт
02.04.2026
Сыр теміржолшылары шахмат тақтасында шеберлік байқасты
Әлемде
02.04.2026
CAF Сербияға 30 электропойыз жеткізеді
Жолаушылар тасымалы
02.04.2026
Ұлттық тасымалдаушының үш бағыты бойынша 25% жеңілдік енгізілді
Спорт
02.04.2026
Ақтөбе теміржолшылары арасында шахматтан іріктеу турнирі өтті
Жаңалықтар
02.04.2026
Еуразиялық көлік дәліздері: Жаңа шешімдер мен жобалар
Жаңалықтар
02.04.2026
Көлік полицейлері теміржол торабында ірі көлемде есірткі затын анықтады
Жүк тасымалы
01.04.2026
Үкімет басшысы ЕАЭО-дағы жүк тасымалын үйлестіру үшін нейрожелілерді пайдалануды ұсынды
Жаңалықтар
01.04.2026
ҚТЖ-да көктемгі комиссиялық тексеру басталды
Жаңалықтар
01.04.2026
«Бақты – Аягөз» жобасы назарда
Әлемде
01.04.2026
Alstom Белград метросының алғашқы желісіне пилотсыз пойыздар жеткізбек
Жолаушылар тасымалы
01.04.2026
Жолаушы пойызда немесе вокзалда затын ұмытса, қандай әрекет жасау керек?
Жаңалықтар
31.03.2026
ҚТЖ-да еңбек ардагеріне құрмет көрсетілді
Әлемде
31.03.2026
2026 жылы Қытай - Еуропа бағытындағы жүк тасымалы 25%-ға артты
Жаңалықтар
31.03.2026
Қарағанды облысында жолаушыларды темір жолмен тасымалдау тарифі өзгереді
Жаңалықтар
31.03.2026
Қазақстан темір жолы Starlink жүйесін енгізуде
Жүк тасымалы
31.03.2026
Каспий теңізі: үміт пен күдік
Аймақтар
31.03.2026
Жамбылға жеті автокөлік келді
Қауіпсіздік
31.03.2026
Шұғыл тежелу – үлкен шығын