Адамдардың бейғамдығынан жол бойында қайғылы оқиғалар азаймай тұр

Қауіпсіздік
23.09.2022, 10:07
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Ерман Әбдиев

Тараз қаласы бойынша меншікті тілші

Күнделікті күйбең тірліктің көлеңкесінде қарапайым қағидаларды ескере бермейтініміз рас. Ал оның соңы орны толмас өкініш пен қайғылы оқиғаларға әкеліп жатады. Бұл – әсіресе қауіп-қатері басым теміржол бойында өзекті мәселе.

Тараз станциясы желілік полиция қызметкерлері тұрғындарға профилактикалық шаралар өткізіп, оларды қауіп-қатерден сақтандырудан, ескертуден кенде емес. Дегенмен, адамдардың бейғамдығы мен салдыр-салақтығы жол бойындағы қайғылы оқиғаларды азайтпай отыр...  

– Жыл басы қаңтар айында Тараз станциясы кезекшісінен түскен хабарлама бойынша біздің қызметкерлер Тараз-Талас жол аралығына барып, №2493 жүк пойызы адам қағып кеткенін, ол сол жерде қаза тапқанын анықтады. Ал наурыз айында Жуалы ауданындағы Боранды бекетінде де осындай қайғылы оқиға орын алды. Боранды-Сұрым теміржол аралығында отын теріп жүрген 17 жасар жасөспірім құлағына құлаққап киіп алып, артынан келген пойызды байқамай қалған. №1169 жүк пойызының машинисі қанша белгі беріп, дабыл қақса да жасөспірім естімеген. Соңы өкінішпен аяқталды. Сәуір айында Қаратау-Ақтаутас теміржол аралығында №3603 жүк пойызы 1978 жылы туған азаматты қағып кетті. Ал маусым айында Талас станциясының 3520 шақырымында №1275 жүк пойызы 1957 жылы туған азаматты басып кеткен. Өзекті өртеген өкініш – қайғылы оқиғалардың қайталана беруі. Яғни, өткеннен сабақ алу жоқтың қасы, – дейді Тараз станциясы желілік полиция бөлімі бастығының орынбасары Аслан Дүйсенбаев.

Тәртіп сақшысы сонымен қатар болат жолдың бойында жасөспірімдердің «Тик-Ток» түсіріп, әлеуметтік желіге жүктейміз деп арандап қалатын оқиғалар көбейгеніне, жалпы, балалардың қауіпсіздігіне алаңдаушылық білдірді. Мысалы, тамыз айында Тамды-Жұма теміржол аралығында көрші ауылға бармақ болған 7-9 жасар ағайынды екі бала №3607 жүк пойызының вагонына жармасып, жолшыбай секіріп кетіп, бірі ауыр жарақат алса, екіншісі ауруханада көз жұмғаны бүкіл елді дүр сілкіндіргені аян. Қайғылы оқиғалар қашанғы қайталана бермек?  

 

Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл