ҚТЖ бас кеңсесіндегі мұражайда 800 шамасында жәдігер сақталған

Темір жол тарихы
28.03.2022, 15:52
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«ҚТЖ» ҰК» АҚ орталық кеңесінің әкімшілік ғимаратында орналасқан орталық теміржол мұражайы қорында теміржолшы-ардагерлер күшімен жиналған 800-ден астам жәдігер бар. Осыдан 12 жыл бұрын ашылған музей бүгінде теміржолдың арғы-бергі шежірелі тарихынан сыр шертетін орынға айналған.

Құнды жәдігерлер қатарында рельстер коллекциялары, қолшамдар, құрал-аспаптар, теміржол көлігі макеттері, марапаттар, ескерткіш белгілері, жеке құжаттар, тағысын тағы материалдар бар. Музей теміржолдың үш даму кезеңін қамтитын тақырыптық залдардан тұрады. Бірінші залда қазақ даласында теміржолдың пайда болуы, Түрксіб құрылысы көрініс тапқан. Екінші залдан қазақ теміржолының құрылуы, негізгі үш жолдың, яғни Тың, Алматы және Батыс жолдарының қалыптасуы туралы ақпарат алуға болады. Ал үшінші зал Қазақстанның тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдарында салынған теміржолдарға арналған. Залда 1954-1960 жылдар аралығында тыңның игерілуі, 1958-1977 жылдар аралығында өмір сүрген Қазақ темір жолы, электрлендіру және автоматтандыру кезеңі, сондай-ақ, 1977 жылы үш теміржол басқармасының құрылуы мен қалыптасуы сияқты тарихи оқиғаларға кеңінен орын берген. Музейде тарихи оқиғалар ғана емес, саланың қаһармандары туралы, еңбек даңқы – еңбек ардагері галереясы, сондай-ақ, теміржол әулеттерінің құрметіне мәуелі ағаш сипатында жасалған стенд қойылған.

Мәселен, музейдің бірінші залында қазақтың атақты суретшісі Әбілхан Қастеевтің «Түрксіб» туындысы тұр. Қылқалам шебері әйгілі туындысында, заңғар таулардың көркем келбеті, туған өлке төсін еркін жайлаған жұрттан сүйінші сұрап, кең жазира атырапты қақ тіліп, көк түтінін будақтата келе жатқан отарба жаңа дәуірдің салтанат құрған ұлы көші екенін білдіре отырып, уақыт пен заман тынысын көрсетеді. Көпшілік Қастеевті суретші ретінде біледі, алайда, ол еңбек жолын осы Түрксіб теміржол құрылысында жер қазушы болып бастағанын екінің бірі біле бермесе керек.

Бірегей экспонанттар қатарында 1880 жылғы Ресей теміржолдарының облигациялары, 1915 жылғы паровоз тақтайшасы, 1930 жылғы станциялық қоңырау, 20-ғасырдағы жылжымалы құрамға қызмет көрсетушінің мундирі, станция бастығының жұмыс орны, 1951 жылғы жезл аппараты, Морзе телеграф аппараты, 20-ғасырдың екінші жартысындағы механикалық баспа машинкалар, сондай-ақ, 1972 жылы шығарылған 20-30 номерге арналған СТУ 30/72 коммутатор, тағы басқа жәдігерлер бар.

«Мұндай коммутатор Алматы, Ақтөбе музейлерінде де бар. Біздің коммутатор 20-30 линияны автоматты түрде қосқан. Нұсқамасы да бар. Әр номердің үстінде әрбір желінің атауы болған. Шұғыл жағдайда Орталықпен тікелей байланысқа шығу мүмкіндігі болған», – дейді музейге жетекшілік етіп жүрген «Қазпрофтранс» ҚБ филиалының менеджері Ақмарал Молдашева.

Енді бір жерде 1894-1986 жылдар арасында қолданылған рельстерді, бір бұрышта 1904 жылы жапондық технология- мен жасалған құбырдың әлі күнге мұқалмай тұрғанын көріп, таң қаласыз. Ресей темір жолдарының бұрынғы басшысы Якунин мырзаның ҚТЖ-ның 110 жылдығына берген 3 келі 925 пробалы таза күмістен жасалған сыйлығы да көрнекті жерден орын алыпты. Ал анау жерде тыңды игеру кезінде пайдаланған алғашқы астық тасушылар макеті бар.

Тәуелсіз Қазақстан теміржолдары залында егемендіктің 30 жылында орын алған айтулы оқиғалар сыр шертеді. Жаңа жолдардың ашылу салтанатынан алтын жалатылған үлкен символикалық кілттер, Елбасы Н.Назарбаевқа тарту етілген жол жүру билеті, «Нұрлы жол» теміржол вокзалы кешенінің макеті, тағысын тағы. Ал 2021 жылы музей қорына М.Тынышпаев портреті сыйға тартылып, миллионыншы контейнер макеті сияқты жаңа экспонаттармен толыққан.

Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты