Оңтүстікке де талай жыл болмаған қыс келді

Аймақтар
17.01.2023, 09:35
Суретті түсірген автор
Нұрлыбек Досыбай

Түркістан облысы бойынша меншікті тілші

Биылғы қыс еліміз үшін жеңіл тиіп отырған жоқ. Қаңтарда қаһарына мінген «кәрі құда» үсті-үстіне жауған қалың қар, қатты суық, үскірік аяз алып келді. Еліміздің солтүстік пен шығыс, батыс және орталық аймақтарымен қоса биыл оңтүстікке де талай жыл болмаған қыс келді.

Оңтүстік өлкеде қыс мезгілінде қардың қалың түсуі сирек қездесетін құбылыс екені өз алдына, ауа температурасының – 25-30 градусқа дейін төмендеуі төтенше жағдай болып табылады. Оңтүстіктің ылғалды атмосферасында бұл дегеніңіз арқаның қырық градус аязынан бір де кем емес. Сондықтан қаңтардың алғашқы онкүндігінде қалың қар мен қатты аяз бүкіл Түркістан облысын қатты әбігерге салды. Тұңғыш рет мектептерде сабақ тоқтатылып, қоғамдық көліктер жүрмей қалды. Ауа райын болжау орталығы өкілдерінің айтуынша, мұндай жағдай осыдан 49 жыл бұрын тіркелген екен.  

– Соңғы екі жұмадан бері табиғаттың тосын мінезінен келетін зардап, залалды азайту мақсатында тынбай жұмыс істеп жатырмыз. Қыстыгүні жеміс ағаштары гүлдеп, бәйшешек бүр жарып жататын оңтүстіктің жаймашуақ табиғаты биыл тосын мінез танытып тұр. Дала да, қала да қатты аяздан қатып қалды. Тек біздің теміржолшылар күндіз-түні тынымсыз қызмет етіп, пойыздар қозғалысын тоқтатпай, инфрақұрылымның үздіксіз жұмысын қамтамасыз етіп отыр, – дейді Шымкент жол дистанциясының бас инженері Нұржан Жарылқапов.  

Үшінші мегаполистегі теміржол станциясының жұмысы әдеттегідей жүріп жатыр. Бірі келіп, бірі кетіп жатқан құрамдар, жүк парктерінде вагондардың бірін алып, бірін салып, пойыз құрастырып жөнелтіп жатқан теміржолшылар. Әне, Шымкент жол дистанциясының жұмысшылары станция жолдары мен стрелка бұрмаларының қарын тазалап жүр...  

«Қардың әдеттегіден көп түсуіне байланысты дистанция ұжымы арнайы кезекшілікпен жұмысқа шықты. Мәселен, соңғы бір аптада қар тазалаудың күндізгі ауысымына 40 жұмысшы шықса, түнгі ауысымға 58 маман жұмылдырылып отыр. Станция жолдарына ауыр техниканы жұмылдыру мүмкін емес. Барлық жұмыс тек адам қолымен іске асырылып, адам көзімен қадағалануы тиіс. Ал техника магистраль мен трассалар қарын тазалауда», – дейді бас инженер.  

 

Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты