Қала маңы тасымалының ауқымы кең

Аймақтар
23.06.2023, 10:51
Суреттерді түсірген Александр ЖАБЧУК
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Қарағандыға жұмыс сапарымен барған біздің ат басын бұрған мекеменің бірі «Жолаушылар тасымалы» АҚ «Қала маңы» филиалының аймақтық телімі болды. Теміржол көлігінде ширек ғасырға жуық еңбек етіп келе жатқан Назгүл Қалиасқарова жетекшілік ететін ең ірі телім әлеуметтік маңызға ие 22 бағдарға қызмет көрсетеді.

«Қала маңы» филиалына қарасты Қарағанды телімінің басқа телімдерден артықшылығы, мұнда электропойыздармен қатар жолаушылар пойыздары да бар. 300-ден астам адам еңбек ететін мекемеде оның жартысын жолсеріктер, аға жолсеріктер мен пойыз бастықтары құрайды. Сондай-ақ 80 машинист және олардың көмекшілері, пойыздарға қызмет көрсететін өзге де персоналдар бар.  

– Бізде Қарағанды Жолаушылар пунктінде тұрақтап тұратын Қарағанды – Балқаш және Қарағанды – Жезқазған бағдарына қатынайтын әлеуметтік маңызды жолаушылар пойыздары бар. Бұл пойыздарға он шақты, кейде одан да көп вагон тіркеліп жатады, сондықтан мұнда бір вагонға екі жолсерік қызмет жасайды. Ал 4 немесе ең көбі 6 вагоны бар электропойыздарда екі немесе үш жолсерік қызмет көрсетеді, яғни екі вагонға бір жолсерік, – дейді Назгүл Қалиасқарова.  

Оның айтуынша, жолсеріктер жалақысы да өзге желілік өндірістік қызметкерлер сияқты жыл басынан бері 20% өскен. Бұдан бөлек, тоқсанға бір рет өндірістік көрсеткіштеріне қарай КТУ, артық сағаттары үшін үстеме ақылар төленеді екен. «Үздік жолсерік», «Үздік пойыз бригадасы» сынды байқаулардың жеңімпаздарын да ақшалай ынталандыру қарастырылған.  

Телім бастығы бізді техникалық кабинетке бастап келді. Әппақ жейде киген жолсерік арулар кезекті дәріс тыңдап отырған сәтінің үстінен түстік. Сабақтың аяқталуына санаулы минут қалыпты. Жолсеріктермен тілдесу үшін күте тұрдық. Қарағанды – Астана бағытындағы электропойыздың жолсерігі Лаура Жаркенованың еңбек өтілі 9 жылдан асыпты.  

«Біз жаңа ғана техникалық сабақта өрт және электр қауіпсіздігі тақырыбында дәріс тыңдап, билет беретін машинкамыз істемей қалғанда қандай әрекеттер жасау керектігі туралы күнделікті жұмысымызда кездесіп жататын жайттарды тағы да пысықтап, білмейтін дүниелерімізді толықтырдық», – дейді Лаура.  

Жолсерік қызметінің ерекшелігі туралы сауалымызға орай қиындығы мен қызығы мол жұмысы өзіне ұнайтынын жеткізді.

«Әрине жолаушылар әртүрлі болады. Бірақ міндетіміз жолаушыға қызмет көрсету болған соң, ортақ тіл табысып, сапарын жайлы етуге тырысамыз. Өйткені олар – теміржол көлігін таңдап отырған біздің клиенттеріміз. Ал клиент қашан да дұрыс», – деп күлді Лаура Хамитқызы.  

Бұдан кейін біз локомотив бригадаларының машинист-нұсқаушысы Максим Дорофеевке ілесіп, телімге қарасты электропойыздар мен электровоздар жөндеуден өтетін «Қамқор Локомотив» ЖШС-на қарасты жөндеу депосына бардық.  

«Мынау өздеріңіз көріп тұрған электропойыз күрделі жөндеуден өтіп жатыр. Біз пайдаланушы ретінде жөндеу жұмыстарының сапасын бақылаймыз. Электропойыздарды пайдалану жөндеу сапасына байланысты. Нұсқамаға сәйкес электропойыз күрделі жөндеуден жүрген жүрісіне, мерзіміне, жүріп өткен километражына қарай өтеді. Бұл электропойыз біздің телімге 2016 жылдың желтоқсан айында келді, ал 2017 жылдың 1 қаңтарында эксплуатацияға шығарылды. Содан бері 6 жыл өтті, нұсқамаға сәйкес оның КР циклында ірі жөндеуден өтетін уақыты келді. Бұл дегеніміз тораптарды, аппараттарды, агрегаттарды толық бөлшектеу, дефектоскопия, стендтерді тексеру, ақаулы бөлшектерін толықтай жаңасына алмастыру. Яғни электропойыздан шешіліп алынған барлық жабдықтар арнайы цехтарға жіберіледі, мәселен пневматикалық, электроаппараттық жабдықтар стендтер бар мамандандырылған цехтарда тар профилді мамандардың тексеруінен, жөндеуінен өтеді. Осылайша бұл электропойыз толықтай бөлшектеніп, қайта жиналады. Жұмыс көлемі ауқымды болғандықтан, электропойыз КР циклындағы жөндеуде 35 тәулік тұрады», – деп жан-жақты мағлұмат берді Максим Дорофеев.  

Оның айтуынша, электропойызды пайдаланушылар күрделі жөндеу біткеннен кейін жылжымалы құрамды қабылдап алып, жөндеу сапасын бағалайды. Ал жөндеу қызметін ұсынушы «Қамқор Локомотив» аталған жөндеу түрінен кейін электропойыздың қанша уақыт бұзылмай, тоқтаусыз жүретіндігіне кепілдік мерзімін береді екен. Сондықтан олар да жөндеудің сапалы жүргізілуіне мүдделі дейді машинист-нұсқаушы. Күрделі жөндеуден шықан соң жеті күннен кейін аталған электропойыз ТО-3 циклды жоспарлы жөндеу түрінен өтеді екен. Оны механиктер, электроаппаратшылар, қозғалтқыш бөлігін жөндеушілер сияқты тағысын тағы мамандардан тұратын кешенді бригада өткізеді екен.

«Желіде 4000 км кепілдік мерзімін өтеп келген соң бұл электропойыз ТО-3 циклды жөндеу түріне кіреді. Канавада бар болғаны алты сағат тұрады. Осы уақыт ішінде кешенді бригада өздеріне тиесілі бөлік бойынша тексеру жүргізіп, реттеу, тежегіш колодкасын алмастыру сияқты ұсақ-түйек жұмыстарын жүргізеді. Мұны жоспарлы-алдын алу жөндеуі деп те атайды. Себебі электровоздың бұзылып жолда тұрып қалуына жол берілмейді, мысалы автокөлік сынып қалса, оны эвакуатормен алып кете салады. Ал электровоз жолда бұзылса, соңынан келе жатқан пойыздар да тоқтап тұруға мәжбүр болады. Сондықтан ауруды емдегенше, алдын алған дұрыс деген қағида бізге де қатысты», – дейді Максим Дорофеев.  

Айтуынша, Қарағанды телімінде еңбек ететін 40 локомотив бригадасы барлық сериялы локомотивтерді меңгерген, сондықтан мейлі электропойыз, мейлі электровоз болсын, кез келген локомотивке ауысып отырып кете береді.  

 

Жаңалықтар
02.06.2026
Бес миллионыншы жолаушыны «Нұрлы жол» вокзалында қарсы алды
Әлеумет
02.06.2026
Қызыққа толы күн
Жаңалықтар / Мұрағат
02.06.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №42 2 маусым 2026 жыл
Әлеумет
01.06.2026
ҚТЖ ұйымдастырған мерекеге 5000 бала қатысты
Әлеумет
01.06.2026
ҚТЖ Жетісу облысында 140 орындық жаңа балабақшаны ашты
Әлеумет
01.06.2026
Мерекелік сурет байқауы
Аймақтар
01.06.2026
«WorldSkills – 2026»: Тараздық студенттердің жетістігі
Әлеумет
01.06.2026
Балаларға базарлық
Инфрақұрылым
01.06.2026
«Бейнеу – Маңғыстау» жобасының іске асырылу барысы
Жолаушылар тасымалы
01.06.2026
ҚТЖ пойыздарының жолсеріктері балаларды мерекемен құттықтады
Әлеумет
31.05.2026
Армандар орындалады
Жолаушылар тасымалы
31.05.2026
ҚТЖ пойыздарымен 500 мыңнан астам бала тасымалданды
Әлеумет
30.05.2026
Көкшетау локомотив депосында жұмысшылардың еңбек және демалыс жағдайлары жақсарды
Жолаушылар тасымалы
30.05.2026
«Жолаушылар тасымалы» АҚ багаж тасымалын цифрландыру бойынша пилоттық жобаны сынақтан өткізіп жатыр
Жаңалықтар
30.05.2026
Теміржолшыларға алғашқы көмек көрсету дағдылары мен төтенше жағдайдағы әрекеттері үйретілді
Жаңалықтар
30.05.2026
ҚТЖ Балаларды қорғау күні қарсаңында қызметкерлерінің 100 дарынды балаларын қолдады (ФОТО)
Жаңалықтар
29.05.2026
ҚТЖ үздік рационализаторларды марапаттады
Жолаушылар тасымалы
29.05.2026
ҚТЖ жазғы маусымға үш қосымша қала маңы пойызын тағайындады
Жаңалықтар
29.05.2026
Көлік министрлігі Ақтау портының акваториясын тереңдету жобасын талқылады
Аймақтар
29.05.2026
Теміржол энергетиктерінің қажырлы еңбегі