Атыраулық теміржолшылар су тасқынына қарсы жұмыстарға атсалысып жатыр

Аймақтар
15.04.2024, 12:52
Суретті түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Атырауда су тасқынына қарсы шаралар әлі де жалғасуда. Қазіргі уақытта, яғни, 15 сәуір күні су деңгейі Атырау қаласында 36 сантиметрге көтерілген. Облыстық төтенше жағжай жөніндегі штабтың хабарлауынша, қаланы бір мезгілде су басып кететіндей қауіп жоқ. Барлық жерде дамбалар соғылып, жағалауды бекіту жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Ол жұмыстарға теміржолшылар да бір кісідей атсалысып, өз үлестерін қосуда. Атырау қосалқы бөлімінің бас инженері Бауыржан Картанның мәліметіне қарағанда, Каспий теңізі сағасына қарай жақын маңдағы Құрманғазы, Қызылбалық ауылдарының Жайық өзені жағалауы  ҚТЖ Атырау бөлімшелеріне бекітіліп берілген. Ұзындығы 5 шақырым шамасы, бір аптадан бергі дамылсыз тірлік арқасында, яғни, қапшықты топырақпен толтыру, жерді қыру, КаМАЗ көлігімен топырақ тасу, жүк тиегішпен тиеу, жағалауға топырақпен толтырылған қапшықтарды текшелеп жинап, дамды соғу жұмыстары негізінде бүгінде 4 шақырымға жуық жағалай жиегі бекітілген. Бұл жұмыстарға өңірдегі әр темір жол мекемелерінен күніне 4-5, кейбірі 10 адамнан бөліп, 60-80 адам таңертең тоғыздан кешкі алтыға дейін бел шешпей еңбек етуде. Түскі асты еріктілер әкеліп береді. Сондай-ақ қосалқы бөлім кәсіподақ ұйымы да қой сойып, басқа да азық-түлік әкеліп бір күндік түскі аспен қамтамасыз етіп отыр. Қазіргі уақытта, жағалауды бекіту жұмыстары жалғасуда.  

Сонымен қатар Атырау магистральды желі бөлімшесі су шайып кету қаупі бар темір жол көпірлерін қорғау бойынша оқу-жаттығу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бөлімше бастығының орынбасары Аманқос Жылқыбаевтың айтуынша, оған 80 адам, 5 техника жұмылдырылып, Соколок өзегі маңында және басқа да қауіпті жерлерде жаттығу жүргізілді. Онда өрт сөндіру, қалпына келтіру, су айдау пойыздары, автокөлік, тиегіштер, жүк көліктері де төтенше жағдайда қалай шұғыл әрекет ету бойынша жаттығуларын жасады. Бұл бөлімшенің тасқынға тосқын беруге дайындығының көрініс деуге болады.  

Ал облыстағы тасқынға қарсы жалпы ахуалға келсек,  облыстың ТЖ жөніндегі жедел штабы Жайық-Каспий каналының сағасын тереңдету жұмыстарын жүргізуде. Яғни, Жайық өзенінен Каспий теңізіне судың шығуын жеделдету мақсатында қазіргі тереңдігі небәрі 40-50 см болатын түбін тереңдету жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жұмысты аяқтағаннан кейін ені 20 метр болатын өзен сағасының тереңдігі 40-тан 200 см-ге дейін артады деп күтілуде. Бұл жұмыстарды жүргізу Жайық өзенінен Каспийге судың тиімдірек ағуына ықпал етеді. Су жолын тазарту, тереңдету және кеңейту үшін екі экскаватор қолданылады. Сондай-ақ, алдағы уақытта осындай жұмыстарды орындауда тиімділігі жоғары «Амфибия» экскаваторы да жұмысқа тартылады.

Құлсарыдағы жағдайға келсек, су әлі қайта қойған жоқ.   Маңғыстау облысы Бейнеу ауданынан 163 әскери  су тасқынынан кейінгі Құлсары қаласын қалыпқа келтіру жұмыстарына жұмылуда. «Біз қазір Құлсары қаласы, 7 ауылдағы жаңа көпір маңын қалыпқа келтірудеміз. Бұл жерге 15 әскери ерікті жұмылдырылып, су тасқыны салдарымен күресуде»  дейді әскери қызметкер Жандос Асхатов. Сондай-ақ, Құлсары қаласын қалыпқа келтіру жұмысына "Ұлттық Ұлан", Қорғаныс министрлігіне қарасты 332 әскер жұмылдырылған.  

 

Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты
Жолаушылар тасымалы
28.09.2026
Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды?
Инфрақұрылым
28.09.2026
Бозшакөл станциясында бағыттамалық бұрмалардың жаңа конструкциясы қолданылды