Теміржолшы – абыройлы мамандық

Аймақтар
07.06.2024, 09:45
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

Тараз көлік және коммуникация колледжінің студенттері теміржолшылар династиясының жарқын өкілі, салада жарты ғасыр тер төккен «Құрмет» орденді теміржолшы Базарқұл Түйебаевпен кездесу өткізді.

Болашақ теміржолшылардың таңдаған мамандықтарына деген қызығушылығын арттырып, әлеуметтік серіктестермен өзара іс-қимыл тәжірибе алмасуын көздеген іс-шараны колледждің арнайы пән оқытушысы К.Рүстембеков ұйымдастырды.  

Луговой станциясында теміржолшылар отбасында өскен Базарқұл Құдысұлы студенттермен әңгімелесіп, өмір жолынан естеліктер айтып, кәсібінің қызығы мен қиындығы жайлы сыр шертті.  

– Әкем Құдыс 50 жылын теміржол саласына арнаған адам. Басында әкемнің қасында көмекші болып жүріп, көп нәрсе үйрендім. 1974 жылы Луговой станциясына пойыз құрастырушысы болып жұмысқа орналастым. Әкемнен кейінгі ұстазым Әуесхан Қырықбаев аға болды. Ол кісімен Жамбыл теміржол бөлімшесінде ұзақ жылдар бірге жұмыс істедік, – дейді Базарқұл Құдысұлы.  

Алматы теміржол институтын сырттай оқып бітіріп, өндірістен қол үзбей жоғары білім алған жас маман он шақты жыл Луговой станциясында станция кезекшісі болып еңбек етеді. 1985 жылы Қаратау станциясы бастығының орынбасары қызметіне тағайындалып, көп жыл абыроймен жемісті қызмет атқарады.  

– Бүгінгідей технология дамыған, өндіріс түгел автоматтандырылған кез емес, қиындық көп болды. 1997-2004 жылдар аралығында Жамбыл бөлімшесінде қауіпсіздік ревизоры қызметін атқардым. «ҚТЖ» ҰК» АҚ Тараз көлік оқу орталығы филиалы – Теміржол көліктегі персоналды бағалау және дамыту орталығында оқу шебері болып жұмыс істеп, ұзақ жылғы іс-тәжірибеммен бөлісіп, өздеріңдей шәкірт тәрбиеледім. Зейнетке шыққанша қандай қызметте болсын кәсібіме адал болуға тырыстым. Өйткені теміржолшы – абыройлы мамандық. Әулетіміз түгелдей теміржолшы деуге болады. Ұлдарым Асхат пен Ардақ осы теміржол коледжінің түлектері. Қазір теміржолда еңбек етіп жүр, ертең сендер де осы салаға бір кірпіш болып қаланасыңдар, – деді жастарға ардагер.  

Теміржолшы әулетінің төртінші буыны Ерасыл да атасының жолын жалғапты. Бүгінде колледждің 1-курсында локомотив машинисі мамандығы бойынша білім алуда.  

 

Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды