Теміржолдың «жедел жәрдемі»

Аймақтар
09.08.2024, 09:37
Суретті түсірген автор
Нұрлыбек Досыбай

Түркістан облысы бойынша меншікті тілші

Арыс қалпына келтіру пойызы қызметіне қажеттілік күнде тумаса да, аймақта апатты жағдай орын алса құстай ұшып алдымен жететін солар. Алып техникаларын іске қосып, апаттың зардабын жоюға кіріседі. Сондықтан бұл кәсіпорын ел аузында теміржолдың «жедел жәрдемі» аталып кеткен.

Қалпына келтіру пойызында бүгінде 22 адам еңбек етеді. Мекеме басшысының шебер санатындағы екі көмекшісі бар болса, оның бірі – кран мен техникаларға, екіншісі – гидропневматикалық құрылғыларды бақылауда ұстайды. Ал қалған 19 адамның барлығы өз ісінің нағыз мамандары. Сол себептен де мұнда қатардағы қарапайым жұмысшы жоқ. Олардың бәрі Астана, Ақтөбе мен Тараздағы арнайы курста оқып, біліктілігін көтерген кәсіби мамандар. Қызық болғанда, аталған мекемеге жетекшілік етіп отырған Хамит Палуанов кезінде танкист болған. Ол темір жолдың бір бөлігі болып саналатын осы мекемеде табаны күректей төрт жыл бойы 1934 жылы шыққан Т-34 танкісін тізгіндепті.  

– 1983 жылы әскерден келген соң, өзім жетекшілік етіп отырған мекемеге «тракторшы» ретінде тіркеуге алынып, шын мәнінде кәсіпорын қарамағындағы танкті жүргіздім, – дейді кейіпкеріміз біздің темір жолға танктің не қатысы бар деген таңданысымызға байыппен жауап беріп. Ол кездері қуатты техника болмағандықтан, әскери есептен шығарылған танктерді құлаған вагондарды сүйреу үшін жұмысқа жегу қалыпты жағдай болыпты. 1986-87 жылдары әртүрлі арнайы техникалар келе бастаған соң Хамит Әлиұлы Тараздағы арнайы оқу орнында аса ауыр салмақ көтеретін крандарды тізгіндеудің тәсілін оқып, тетігін меңгеріп шыққан. Міне, содан бері арада 41 жыл өтсе де, ол осы мекеменің отымен кіріп, күлімен шыққан көнекөз маман әрі кәсіпорынның қазіргі бастығы.  

– Негізінен, кран дегеніміз салмаққа қарсы салмақ қой. Кранның неғұрлым қанаты кең жайылып, мұнарасы жоғарылап, стреласы ұзарған сайын көп салмақ көтереді. Ал осы аталған көрсеткіштер төмендеген сайын керісінше. Сондықтан да, қалпына келтіру пойызының құрамында арнайы техникалардың түр-түрі болғаны жақсы. Бізде оның бәрі бар. Тіпті, бұл күнде әлеуеті зор арнайы техниканың түр-түрінен шатасатындай күйдеміз, – дейді Хамит Әлиұлы.  

Қазіргі кезде Арыс қалпына келтіру пойызы ең таңдаулы, ең сапалы деген Т-330 деп аталатын екі дана шынжыртабанды трактор мен 250 тонналық ЕДК-2000 және 80 тонналық ЕДК-500 кранына иелік етеді. Одан бөлек 120 тоннаға дейін көтере алатын домкраттар бар. Мұның бәрі апат бола қалғанда екі жолдың біріндегі қозғалысты тоқтатпай әрі электр желісі мен бағаналарына кедергі келтірмей едел-жедел жұмыс істеуге қолайлы техникалар санатына жатады.

– Бұйрық түскен сәттен бастап 40 минут ішінде біз станциядан шығып кетеміз. Қандай жағдай болса да, қалпына келтіруді шеберлікпен сапалы әрі шапшаң орындап шығуға әлеуетіміз жеткілікті. Жұмысшыларға жағдай жасалған. 25 орындық жатар орын мен ас-су ішуге, жуынып-шайынуға дейін қарастырылған арнайы вагонымызда не керектің бәрі бар, – дейді пойыз бастығы.  

Тәуелсіздік алғаннан кейін аталған мекеменің техникалық паркі кезең-кезеңмен жаңарған. Арнайы техникаларды сапалы шығарады деген германиялық кәсіпорындар жабылған соң, Ресейде шығарылған телескопиялық крандарды қолдан келгенше мамандар өздері жөндеп, күтіп-баптап пайдаланып келеді.

– Елдің батыс аймағын су басқанда біздің жақтан арнайы техникалар лек-легімен аттанды емес пе? Сол кезде біздің мамандарымыз техникаларды платформаға тиеп, бекіту жұмыстарын атқарды. Одан бөлек, 4 метр биіктікке көтеріліп, радиусы 15 метр аумақты жарықтандыратын жарықшамды мұнарамызды құрып беріп, түнгі мезгілде де жұмыстың тоқтамауына көмектестік, – дейді әлеуетті, күшті және шапшаң құрылым жетекшісі.  

Жолаушылар тасымалы
10.07.2026
Ұлттық тасымалдаушы Алматы бағытында миллионға жуық жолаушы тасымалдады
Аймақтар
10.07.2026
Теміртау вокзалында жолаушылар платформасын жаңғырту жұмыстары аяқталды
Аймақтар
10.07.2026
Құсмұрын станциясында "Қауіпсіз өткел" акциясы өтті
Жүк тасымалы
10.07.2026
Вагон өндірісінен экспортқа дейін: «Қазтеміртранс» жоспары
Сұхбат
10.07.2026
Жүк тасымалы – экономиканың сенімді даму бағыты
ҚТЖ келбеті
10.07.2026
Сайөтесте вагон қараушы апатқа жол бермеді
Жаңалықтар
10.07.2026
ҚТЖ-да жас мамандарға арналған тәлімгерлік жүйе қайта жандануда
Қауіпсіздік
10.07.2026
Өткелден өтудің өз ережесі бар
Жаңалықтар
10.07.2026
Қазақстанның транзиттік әлеуеті халықаралық деректі фильмде көрсетілді
Қауіпсіздік
10.07.2026
Қауіпті аймақта қатер көп...
Жаңалықтар / Мұрағат
10.07.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №52 10 шілде 2026 жыл
Жаңалықтар
09.07.2026
ҚТЖ теміржол бағыттамаларын жоспарлы түрде жаңартып жатыр
Әлемде
09.07.2026
Ұлыбританияда алғашқы экологиялық таза вокзал ашылды
Жүк тасымалы
09.07.2026
Қысқа дайындық: ҚТЖ көмір тасымалдайтын вагондарды жаппай әзірлеуде
Жаңалықтар
09.07.2026
Елімізде астық экспорты 13%-ға артты
Аймақтар
09.07.2026
«Сарыағаш» теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары тамыз айында аяқталады
Жаңалықтар
09.07.2026
ҚТЖ паркі маусым айында 50 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.07.2026
Алматы-1 теміржол вокзалын қайта құруға 500-ден астам жұмысшы тартылды
Әлемде
08.07.2026
Армения Түркия және Әзербайжан шекараларына апаратын теміржол желілерін қалпына келтіре бастады
Жаңалықтар
08.07.2026
Тәртіп сақшылары балаларды теміржол бойында абай болуға шақырды