Теміржолшылар арасында рационализаторлық ұсыныстар артып келеді

Аймақтар
06.01.2025, 12:15
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Өндірісте еңбек өнімділігін арттырудың тиімді бір нұсқасы өнертапқыштық бастамалар десек, артық емес. Соңғы жылдары еңбек нәтижесіне деген қызығушылықты ояту арқылы теміржолшыларды техникалық қызмет үшін моральдық және материалдық тұрғыдан ынталандыру күн тәртібіне шығарылады.

Атырау магистральдық желі бөлімшесінің ғылыми-техникалық ақпарат бөлімінің меңгерушісі Айгерім Бисұлтанованың айтуынша, өнертапқыштық белсенділікті арттыра отырып, техникалық шығармашылықты дамытудың маңызы зор. Нәтижесінде теміржолшылар арасында рационализаторлық ұсыныстар жылдан жылға артып, саны емес сапасы жағынан да маңызды бола түскен.  Айтуынша, өткен жылы Атырау өңірі бойынша экономикалық тиімділік талап етілмейтін 19 өнертапқыштық ұсыныс түсіп, олардың бәрі де мақұлданған.    

Солардың бірі Атырау вагон пайдалану депосының әкімшілік ғимаратына кіреберістегі «Қауіпсіздік есептегіші» ақпараттық таблосына тоқталып өтейік. Авторы – депо инженері Айгүл Құлжанова. Бұл «Қауіпсіздік есептегіші» стенді деподағы жарақатсыз күндер есебін шығарып отыру үшін ойлап табылған. Бұған дейін бұл қағаз түрінде болған, ал ол үшін күнбе-күн жаңа санды жазып, қағазды ауыстырып отыру керек болатын. Оның бәрі уақыт алатыны сөзсіз. Сондықтан да мұның электронды түрінің ойластырылуы бәрінен тиімді болғаны рас. Яғни электронды жарықдиодты таблода жарақатсыз өткізген күндер санымен қатар «Нөлдік жарақат» жолында» атты ұран көрнекі етіп жазылған. Яғни жұмысқа келген адамдар күнде таблоға қарап өздерінің жұмыс орнында өндірістік травматизмге жол бермеу қажеттігін қаперге алады. Бұл да профилактиканың, ескертудің елеулі бір түрі.  

– Электронды жарықдиодты табло 12В кернеумен жұмыс жасайды, көлемі 1,2 метр. Оған USB-флеш карта мен HD 2016 жылғы бағдарлама орнатылған. Бағдарлама автоматты түрде күндерді есептеп отырады. Біз өз мамандарымыздың рационализаторлық ұсыныстарын қолдай отырып, авторлық құқықтарын қамтамасыз етеміз. Бүгінде өндіріс талабы өскен сайын өнертапқыштық ұсыныстардың да деңгейі өсіп келеді. Баяғыдай қарапайым емес, жылдан-жылға күрделі, сонымен қатар тиімді, табысты ұсыныстар ойлап тауып, өндіріске қосып жатқан әріптестеріміздің саны артуда, – дейді бөлімшенің ғылыми-техникалық ақпарат бөлімінің меңгерушісі А.Бисұлтанова.    

 

Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты
Жолаушылар тасымалы
28.09.2026
Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды?
Инфрақұрылым
28.09.2026
Бозшакөл станциясында бағыттамалық бұрмалардың жаңа конструкциясы қолданылды
Әлемде
28.09.2026
InnoTrans көрмесінде Luna түнгі пойызының тұжырымдамасы таныстырылды
Сұхбат
28.09.2026
Қазақстанда теміржол өнімдерін өндіру жеті есе өсті
Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды