Теміржолшының киімі талапқа сай ма?

Аймақтар
05.02.2025, 14:57
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Жуырда Семей ЖТ бөлімшесінде ерекше жиын өтті. Онда теміржолшылардың жұмыс киім үлгісі талқылаудан өтті. Аталмыш шараға киім үлгісін жобалаушылар да арнайы шақырылған болатын. Мақсат – жергілікті теміржолшылар мен сала мамандарының пікір-ұсыныстарын тыңдау, сол арқылы биылғы жылы әзірленетін қызметтік киімдер үлгісіне өзгерістер енгізу.  

Басқосуға желі бойынан келген қарапайым жұмысшылар, кәсіподақ ұйымдары төрағалары, еңбекті қорғау инженерлері қатысты. Айта кетерлігі, дәл осындай шара бұған дейін Маңғыстау және Шымкент бөлімшелерінде өткізіліпті. Ал күрделі климаттық белдеуде орналасқан, ауа райында елеулі ерекшеліктер бар Семей магистральдық желі бөлімшесі қызметкерлері не айтады?  Бұл орайда сөз алған астаналық мейман, қауіпсіздік, еңбекті қорғау, өндірістік қауіпсіздік және экология департаментінің бастығы Бейбіт Ахметов семейлік теміржолшылар пікірінің маңызды екенін айтып өтіп, ашық далада, желдің өті, күннің көзінде жүретін жолшылар, байланысшылар, электр монтерлары мен машинистер қауымына сөз кезегін ұсынды.

Күні бойы өткен талқылау, пікіралмасу  барысында ортақ тоқтам жасалды. Атап айтсақ, қыстық қызметтік күрте екі бөлек әзірленгені абзал, екеуінің де бас киімге шақ келетін күләпарасы болғаны ләзім. Ал қазіргі күртелердің капюшоны касканың үстінен киюге арналғандықтан тым қолайсыз, бетті жауып кетеді. Сонымен қатар жолшылар үшін рация салуға арналған сыртқы төсқалтаның қажеті жоқ. Оған ұялы телефон салып, пойыздың астына түсіріп алған жағдайлар жиі тіркелген. Айтылған пікірлерді тыңдаған астаналық меймандар киім үлгісін әзірлеуде теміржолшылар ұсыныстары толық ескерілетінін, алайда мемлекеттік стандарттар қатаң сақталатынын жеткізді. Мәселен, электр монтерлары үшін киімдерге темір кнопкалардың орнына жай түймелер салынады. Бұл қауіпсіздік үшін қажет.

Жиын барысында сала қызметкерлері тарапынан айтылған тағы бір өтініш апельсин түсті қызметтік киім түсіне өзгеріс енгізу болды. Жолшылар қауымының айтуынша, желі бойындағы жұмыстар кезінде қанық түс қауіпсіздік үшін аса қажет болғанымен тым тез кірлейді. Сонымен қатар бірнеше рет жуған соң түсі тез оңып, көнетоз  көрінеді екен. Киім әзірлеушілер бұл ұсыныстың ескерілетінін жеткізді. Сондай-ақ ендігі аралықта қызметтік киімнің матасына да  өзгерістер енгізілмек. Атап айтсақ, киім материалы 60 пайыз таза мақтадан, 40 пайыз синтетикалық полиэстер талшықтарынан тұратын болады. Бұл бүкіл әлемде қолданылатын сапа, киімге төзімділік және ыңғайлылық сынды жағымды қасиеттер береді.  

Жиын барысында қызметтік киімдердің жауын-шашыннан қорғаныш қабілеті, қимыл-қозғалысқа ыңғайлылығы мен ыстықта терлетпейтіні қызу сөз болды. Сондықтан кейбір ұсыныстар қабылданбады. Мысалы, жолшылар қауымының жаздық аяқ киім – бәтеңкенің ұсақ тесіктері болса деген ұсыныстары қауіпсіздік талаптарына қайшы келетін болып шықты.

Аталмыш басқосуға арнайы келген «ҚТЖ-ЖТ» ЖШС Жабдықтау департаментінің бас менеджері Ербол Темірбековтің айтуынша, келесі жиын Көкшетауда өткізілмек.  

– Теміржолшылардың арасында жүріп сауалнама өткізудің маңызы зор. Иә, қызметтік киімдерге байланысты шағымдар бар. Жағымды пікірлер де жоқ емес. Қызметтік киім оны әзірлеушілер үшін кабинетте отырып даярлай салатындай оңай мәселе емес. Сондықтан  мемлекеттік стандартқа қайшы келмесе, барлық пікір-өтініштер алдағы уақыттары әзірленетін киім үлгілеріне енгізіледі, – дейді Ербол Ғалымжанұлы.  

Спорт
09.08.2026
«ҚТЖ» командасы «Самұрық-Қазына» спартакиадасында киберспорттан чемпион атанды
Спорт
09.08.2026
Айжан Серікова тоғызқұмалақтан спартакиаданың қола жүлдесін иеленді
Спорт
09.08.2026
Қарағандылық теміржолшы спартакиадада қола медаль жеңіп алды
Спорт
09.08.2026
Үстел теннисіндегі алтын триумф
Спорт
09.08.2026
Қайраш Аханов «Самұрық-Қазына» спартакиадасында асық атудан екінші орын иеленді
Спорт
09.08.2026
Көкшетаулық теміржолшы республикалық спартакиадада күміс медаль жеңіп алды
Спорт
09.08.2026
ҚТЖ жүйріктері «Самұрық-Қазына» Спартакиадасында күміс жүлде иеленді
Спорт
09.08.2026
Томирис Атымжанова «Самұрық-Қазына» спартакиадасында екінші орын иеленді
Спорт
09.08.2026
ҚТЖ қоржыны тағы бір күміс алқамен толықты
Спорт
09.08.2026
Спартакиада: Алтынбек Шахметов жеңіл атлетикадан алтыннан алқа тағынды
Жаңалықтар
09.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы спартакиаданың ашылуына қатысып, елорданың теміржол объектісін аралап шықты
ҚТЖ келбеті
09.08.2026
Болат магистраліндегі дәуір
Спорт
08.08.2026
Спартакиада: Гүлжан Аманова шахматтан қола медаль иеленді
Спорт
08.08.2026
Алтынкөлдік теміржолшы «Самұрық-Қазына» спартакиадасында шахматтан чемпион атанды
Спорт
08.08.2026
ҚТЖ құрамасы арқан тартудан Спартакиаданың күміс жүлдегері атанды
Спорт
08.08.2026
«KTZ Express» өкілі Әнел Жеңісқызы XI Спартакиадада екінші орын иеленді
Спорт
08.08.2026
Теміржолшылар қоржынында – кезекті күміс медаль
Спорт
08.08.2026
«Самұрық-Қазына» Спартакиадасы: ҚТЖ аруы жүзуден күміс жүлде иеленді
Спорт
08.08.2026
XI Спартакиадада ҚТЖ қоржынына тағы бір алтын медаль түсті
Спорт
08.08.2026
«Самұрық-Қазына» XI Спартакиадасында жүзуден ҚТЖ еншісіне тағы бір алтын медаль түсті