Айгүлдің тілегі

Суретті түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Ол таң сәріден тұрып, жұмысқа дайындалды. Балаларды оятып, немерелеріне таңғы асын даярлап болып, жұмысына асыққан Айгүл станцияға аяңдап келеді. «Бүгінгі күн де тыныш, оқыс оқиғасыз өтсе екен» деген оймен жұмыс орнынан келісімен киімін ауыстырып, ауысымды қабылдап алды.  

Иә, бұл – әр жыл, ай, апта, күн сайын жұмысқа түсерде тілейтін тілегі.  Өйткені қозғалыс қауіпсіздігі қай теміржолшы үшін де ең маңызды нәрсе. Оның үстіне заты әйел, ана емес пе, ең алдымен жаратушыдан жұмысы көлденең апатсыз, адамдар аман, қауіп-қатерсіз еңбек етіп, амна-есен үйлеріне оралғанын тілейді. Ақжайық станциясының белгі берушісі (сигналист) Айгүлдің тағы бір еңбек күні осылай басталды.

Жұмашева Айгүл тоғыз жолдың торабы, Атырау жол бөлімшесінің жүрегі саналатын Мақат станциясында 1971 жылы дүниеге келген. Теміржолдың тарсылын, пойыздардың гүрсілін, самсай тіркеліп, шұбатылған вагондарды көзін тырнап ашқаннан көріп өсті.  Әкесі Жақсылық Мақат локомотив пайдалану депосында машинист болған адам. Ес біле әкесінің алып тепловозды жүргізгенін мақтаныш етіп, өсе келе өзі де осы жолды таңдады. Теміржолшы болудың қызығы мен қиындығын іс жүзінде танып білді.

– Өмірімді теміржолмен байланыстырғаныма өкінбеймін. Марқұм жолдасым Аманқос та осы Ақжайық станциясында пойыз құрастырушы болды. Бүгін күндізгі ауысымға келіп жатырмын. Станцияға келген пойыздарды пойыз құрастырушылар бөліп, сұрыптаған кезде бірге болып, вагондарға башмақ қоямыз. Ол өте маңызды жұмыс, вагондар жылжып кетсе, үлкен қауіп тудырады. Сондықтан үнемі қырағы болу керек. Рациямен байланысып, қай вагонның қай жерге қойылғанын, қашан алынатынын хабарласып отырамыз. «Сақтансаң сақтаймын» демекші, үйреншікті жұмыс болғанымен, босаңсуға негіз жоқ, – дейді ол.  

Отбасында төрт қыз, бір ұл бар. «Жердің тайғақ болғанын мұздан көрдім, еттің ащы болғанын тұздан көрдім, қартайғанда рахатты қыздан көрдім» деп Шернияз ақын айтқандай, жас келіншек кезінде  қызды көп тудым, ұлым жалғыз деген екен, Айгүл бүгінде қызықты сол қыздарынан көріп отырған жайы бар. Қыздарын құтты орнына қондырып, 13 немере-жиен сүйіп отырған бақытта әже. Отағасын жоқтатпай, туған-туыс, құда-құдағиларымен жақын араласып, сыйластықта ғұмыр кешуде. Ұжымдастар арасында беделді, суреті бөлімшенің құрмет тақтасына ілінген. «Жұмысыма ризамын. Тұрақты табысымыз бар. Көрсеткіш орындалса, сыйақы да алып отырамыз. Әйелдер мерекесі – 8 наурызда барлық үйге дастархан молдығын берсін. Қымбастшылық қысып жатыр, әсіресе тамақ қымбаттап жатса, қалай болар екен деп уайымдап қалатынымыз да рас. Мемлекет тарапынан әйелдерге қамқорлық көбейе берсін. Бақытты ел болайық», – дейді Айгүл. Бұл да Айгүлдің аналық ақ тілегінің бірі. Лайым, қабыл болғай...  

 

Спорт
09.08.2026
«ҚТЖ» командасы «Самұрық-Қазына» спартакиадасында киберспорттан чемпион атанды
Спорт
09.08.2026
Айжан Серікова тоғызқұмалақтан спартакиаданың қола жүлдесін иеленді
Спорт
09.08.2026
Қарағандылық теміржолшы спартакиадада қола медаль жеңіп алды
Спорт
09.08.2026
Үстел теннисіндегі алтын триумф
Спорт
09.08.2026
Қайраш Аханов «Самұрық-Қазына» спартакиадасында асық атудан екінші орын иеленді
Спорт
09.08.2026
Көкшетаулық теміржолшы республикалық спартакиадада күміс медаль жеңіп алды
Спорт
09.08.2026
ҚТЖ жүйріктері «Самұрық-Қазына» Спартакиадасында күміс жүлде иеленді
Спорт
09.08.2026
Томирис Атымжанова «Самұрық-Қазына» спартакиадасында екінші орын иеленді
Спорт
09.08.2026
ҚТЖ қоржыны тағы бір күміс алқамен толықты
Спорт
09.08.2026
Спартакиада: Алтынбек Шахметов жеңіл атлетикадан алтыннан алқа тағынды
Жаңалықтар
09.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы спартакиаданың ашылуына қатысып, елорданың теміржол объектісін аралап шықты
ҚТЖ келбеті
09.08.2026
Болат магистраліндегі дәуір
Спорт
08.08.2026
Спартакиада: Гүлжан Аманова шахматтан қола медаль иеленді
Спорт
08.08.2026
Алтынкөлдік теміржолшы «Самұрық-Қазына» спартакиадасында шахматтан чемпион атанды
Спорт
08.08.2026
ҚТЖ құрамасы арқан тартудан Спартакиаданың күміс жүлдегері атанды
Спорт
08.08.2026
«KTZ Express» өкілі Әнел Жеңісқызы XI Спартакиадада екінші орын иеленді
Спорт
08.08.2026
Теміржолшылар қоржынында – кезекті күміс медаль
Спорт
08.08.2026
«Самұрық-Қазына» Спартакиадасы: ҚТЖ аруы жүзуден күміс жүлде иеленді
Спорт
08.08.2026
XI Спартакиадада ҚТЖ қоржынына тағы бір алтын медаль түсті
Спорт
08.08.2026
«Самұрық-Қазына» XI Спартакиадасында жүзуден ҚТЖ еншісіне тағы бір алтын медаль түсті