Практикалық семинар: «Менің идеалды жұмыс ортам»

Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

Жамбыл магистральдық желі бөлімшесінің ұйымдастыруымен өткен практикалық семинарда қатысушылар әр қызметкер армандайтын идеалды жұмыс ортасы қандай екенін кейстік ойындар арқылы анықтады.

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, экология жөніндегі инженерлерге, жалпы еңбек ұжымдарының басшыларына еңбекті қорғаудағы қолайлы психоәлеуметтік көңіл күй қалыптастырудың мән-маңызын түсіндіріп, оның тиімді жолдарын ұсынуды көздеген бір күндік оқыту курсы өзгеше форматта өтті.

Практикалық семинарды ашқан Жамбыл магистральдық желі бөлімшесінің бас инженері Дастан Садықов еңбек ұжымдарында кездесетін психоәлеуметтік жағдайлардың себебін қатысушылармен бірге талқылады.  

– 28 сәуір – бұл еңбекті қорғауда қауіпсіз жұмыс жағдайларын жасаудың маңыздылығын еске салатын күн. Қауіп-қатердің алдын алу дегеніміз – тек қана техника, ережелер мен нұсқаулар емес. Әр жұмысшының психологиялық жағдайына мән беру, ұжымдағы қарым-қатынасымыз және біз жұмыс істейтін жайлы атмосфераны қалыптастыру. Қызметкер өзін қауіпсіз сезінгенде, оның пікірі ескеріліп, жұмыс күші бағаланады. Ол тиімдірек жұмыс істейді, аз қателеседі және дамиды. Бұл бүкіл ұжымның нәтижелеріне тікелей әсер етеді. Сондықтан біз еңбек ұжымында туындайтын стрестік жағдайларды азайту, қызметкерге қысымды болдырмау, сенім мен ашық қарым-қатынас орнату жолдарын бірге талқылаймыз, – деді Дастан Ербайұлы.

Бөлімшенің еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік және экология секторының бөлім бастығы Көбейсін Әбжами еңбекті қорғаудың барлық техникалық нормалары сақталса да, қызметкерлердің психологиялық жағдайы ұжымдағы қауіпсіздікке, өнімділікке және атмосфераға тікелей әсер ететінін айтады. Сондықтан практикалық семинарда еңбек ұжымдарында кездесетін осындай фактілердің алдын алу жолдарын түсіндіру кейстік ойын форматында ұсынылғанын атап өтті.

– Жұмыс орнындағы негізгі психоәлеуметтік тәуекелдер: стресс, эмоционалды күйіп кету, ұрыс-керістер, қысымның қандай жағдайларға әкеліп соғатынын теориялық тұрғыда ғана емес, арнайы ұйымдастырылған кейстік ойындар барысында бірге талқыланды. Қатысушылар командаларға бөлініп, ситуациялық жағдайлардан шығу жолдарын бірлесе іздеп, өз шешімдерін ұсынды. «Менің идеалды жұмыс ортам» деген тақырыптағы блиц-ойында өз ойлары мен ұсыныстарын ашық жазды.

Семинар соңында бірінші кезекте жыл ішінде еңбекті қорғау мәселелерінде сергектік танытып, жұмысында үздік шыққан инженерлер мен белсенді қатысушылар Алғыс хаттармен марапатталып, «Қазтеміржолкәсіп» ҚБ-нің Жамбыл филиалы атынан сыйлықтар табысталды, – деді Көбейсін Ақтанұлы.

Жұмысшының әлеуметтік көңіл күйінің тұрақсыздығынан, психологиялық қысымның әсерінен назары басқа нәрсеге ауып, жұмысына селқос қарауының салдарынан еңбек өнімділігі төмендеп, техникалық қателіктерге жол беріп, жарақат алып қалуы мүмкін. Сондықтан еңбекті қорғауда қолайлы психоәлеуметтік ортаның болуы маңызды.

Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады