Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет

Аймақтар
06.10.2026, 08:37
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

«Қазтеміржолкәсіп» ҚБ Жамбыл филиалының ұйымдастыруымен құрылымдық бөлімшелердегі бастауыш ұйымдар жыл сайын 1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай ардагер теміржолшыларға сый-құрмет көрсетуді дәстүрге айналдырған. Биыл да бұл үрдіс жалғасын тапты.

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС «Жамбыл» филиалының директоры Айдын Сеитбенбетов сала ісін дамытуға өлшеусіз үлес қосқан ардагер теміржолшыларға алғыс білдірді.  

– Сіздер, қиын-қыстау кезеңдерде қажымай, талмай, табандылықпен жұмыс істеп, нағыз адал еңбектің үлгісін көрсеттіңіздер! Алдыңғы толқынның өнегесі кейінгі толқынға басты бағдар болып қала бермек, – деді Айдын Пайзылдаұлы.  

Кезінде аға буынның тәлімін алып, тәжірибесін үйренген орта буын өкілдері қарияларға игі тілектерін арнады.  

– Бүгінгі ақ дастархан басындағы кездесуге филиалда және құрылымдық бөлімшелерде әр жылдарда жұмыс істеген 100 теміржолшы жиналды. Бұл – жыл сайын ұйымдастырылып отыратын дәстүрлі үрдіс. Бұдан бөлек, тағы да 100 ардагерге азық-түлік себеттерін тарту еттік. Орталықтағы ұйымдарда еңбек еткен 70 қарияны, ал Шу локомотив пайдалану депосы 30 қартты арнайы барып құттықтап, сый-сияпат жасады, – дейді «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС «Жамбыл» филиалы кәсіподақ ұйымының төрағасы Серік Наурызбаев.  

Емен-жарқын естеліктер айтылып, әуезді ән шырқалған кездесу ардагерлер көңілінен шықты.

 

Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі