Атыраулық ардагер балалық шағын концлагерде өткізген

Әлеумет
06.05.2022, 14:22
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Ұлы Отан соғысы кезінде фашистік концлагерьлерде 20 миллионнан астам адам тұтқында болған. Олардың 2 миллионға жуығы балалар еді. Солардың бірі атыраулық Екатерина Абсатырова ол кезде небәрі он жаста екен. Биыл жасы тоқсан бірге шыққан кейуана сол бір азап пен тозақта өткен балалық шағын өкінішпен еске алады...

  Екатерина Серафимовна 1931 жылы Мордова АССР-ның Первомай деревнясында дүниеге келген екен. 1939 жылы фин соғысы басталғанда Финляндия территориясының бір бөлігі СССР-ға қарай ығысады.  

– Сол кезде финдер үйлерін тастап көшіп кетті. Жер де, тұрғын үй-жай да иесіз, қаңырап бос қалды. Осы уақытта сырттан жалдап алушылар келіп, бізді өздерімен бірге тұрып, шаруашылықпен айналысуға шақырды. Отбасында 9 бала, əке-шешем жəне əжем, барлығы оннан астам адам болатын. Сөйтіп, бүкіл отбасымызбен сол жаққа қоныс аударып, еңбек етіп, тұрмыс кешіп жатқанбыз. 1941 жылы неміс-фашист басқыншыла- ры Кеңес Одағына тұтқиылдан шабуылдап, Ұлы Отан соғысы басталғанда əлгі үй-жайларын тастай қашқан финдер кері оралды. Олар бізді отырған үйімізден қуып шықты. Бір сəтте баспанамыздан айырылып, далада қалған, біз сияқты босқындардың бəрін тұтқынға алды, – деп күрсіне есіне алды Екатерина Серафимовна. 

Басқыншылар бұларды Германияға айдап əкеткен жоқ. Үлкен-кіші демей барлығын жақын маңдағы концентрациялық лагерьлерге жөнелтті. Олардың отбасы Финляндияның астанасы Хельсинки қаласының маңындағы Юрокко лагеріне түсті. Осылайша, он жастағы Катя үшін тікенек сыммен қоршалған концлагерьдегі азапты күндер басталды. Еркіндігі мен азаттығынан айырылған тұтқын- дарға ешқандай аяушылық жоқ еді. Ересектермен бірдей балалар да ашқұрсақ жүретін, күзетшілер оларды сəт сайын ұрып-соғатын. Аяқ астынан кінə тағып, азаптап, ойларына келгенін жасайтын. Ұл-қыз деп бөлмей, қорлықтың да небір түрін көрсететін. Осындай тозақпен бірдей тірлікті біздің кейіпкеріміз де бастан кешірді. Татар дəмі, көрер жарығы таусылмағаны шығар, үш жыл үш ай дегенде концлагерьдегі тозақтан бостандыққа шықты. Кеңес əскерлері тірі қалған тұтқындарды еркіндікке жіберді. Соның алдында ғана ату жазасына кесілгендер ажалы жетпей аман қалды. Олардың ішінде 14 жасар Катя да бар болатын. 

Содан кейін асханада аспаз, ауруханада санитар, басқа да әр түрлі жұмыстар жасап, соғыс біткенше едәуір есейіп қалған Екатерина Гурьевтегі Ганюшкино жетімдер үйінде өскен, сондағы поселкеден соғысқа алынған қазақ сол- даты Абсатыров Вагаф (Уап) деген жігітпен танысып, екеуі көңілдері жарасып, қосылады. Біраз жыл Сібірде тұрып қалады. Шаңырақтарында Лидия жəне Анатолий есімді ұл мен қыз дүниеге келеді. Тек 1968 жылы, арада ширек ғасыр уақыт өткесін ғана олар отбасымен Қазақстанға, Аты- рауға оралады. Бүгінде Екатерина Серафимовна қызының қолында Атыраудағы Нұрсая ықшам ауданында тұрып жатыр. Ал Анатолий отбасымен Украинада қоныстанған. 

Күйеуінің фамилиясына көшкен Абсатырова Екатерина Атырау локомотив депосына қарасты машинистердің демалыс үйінде кезекші болып еңбек етіп, содан зейнеткерлікке шыққан. Ол фашист концлагерінің кәмелетке толмаған тұтқыны ретінде Ұлы Отан соғысы ардагеріне теңестірілгендер қатарына жатады және барлық жеңілдіктерге ие. Бүгінде Атырау өңірі бойынша теміржолшы соғыс ардагерлерінен қалған көзі тірі жалғыз адам.

Аймақтар
20.05.2026
Қызылорда облысының әкімі Шиелі вокзалының құрылысымен танысты
Әлемде
20.05.2026
Ханчжоу метросы үшін автоматтандырылған пойыз таныстырылды
Спорт
20.05.2026
Жеңімпазды сән-салтанатпен қарсы алды
Жаңалықтар
20.05.2026
Жол жүру ережесін бұзған 200-ден астам жолаушы пойыздан түсірілді
Әлемде
20.05.2026
Бішкек «Қытай – Қырғызстан – Өзбекстан» теміржол жобасына Қытайдан 305 млн доллар алады
Жаңалықтар
19.05.2026
Түркістан облысында Сырдария өзені арқылы өтетін бірегей теміржол көпірі салынуда
Әлемде
19.05.2026
Баку–Тбилиси–Баку жолаушылар пойызының қозғалысы қайта жанданды
Аймақтар
19.05.2026
Маңғыстауда Транскаспий бағыты арқылы өтетін жүк тасымалы өсті
Инфрақұрылым
19.05.2026
«Бақты-Аягөз» телімінде құрылыс қызу жүріп жатыр
Аймақтар
19.05.2026
Теміржолшылар қозғалыс қауіпсіздігін арттыруға бағытталған үздік жобаларын таныстырды
Аймақтар
19.05.2026
Ақтөбеде биыл 56 шақырымнан астам жолға күрделі жөндеу жүргізіледі
Жаңалықтар
19.05.2026
Жаңа техникалар алды
Инфрақұрылым
19.05.2026
Бекеттердің жолы жаңартылып, жүк тасымалы ұлғаяды
Жаңалықтар
19.05.2026
Жауапкершілік жүгі ауыр
Аймақтар
19.05.2026
Жәдігерлер – өткен күннің белгісі
Жаңалықтар
19.05.2026
11 локомотив пайдалану депосы жаңа техникаға ие болды
Спорт
19.05.2026
Аманжол – Азия чемпионы
Жаңалықтар / Мұрағат
19.05.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №38 19 мамыр 2026 жыл
Жүк тасымалы
18.05.2026
Қазақстан астық пен ұн экспортын жаңа бағытқа бұрмақ
Әлемде
18.05.2026
Қытай – Еуропа теміржол экспресі 130 мың рейс межесіне жетті