Желі бойындағы күлтөкпеден қалай құтыламыз?

Әлеумет
07.04.2023, 11:13
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Семей теміржолындағы өзекті мәселенің бірі желі бойының тазалығы болып отыр. Ұзақ жылдардан бері шешілмей келе жатқан қүл-қоқыс үйінділері теміржолшыларды айрықша алаңдатады.

Жуырда Семей ЖТ бөлімшесінің бастығы Владимир Бабиченко қалаға кіреберіс жолдарды арнайы аралап, теміржол жиегіндегі қоқыстар үйілген аумақтарды анықтап, нақты іс-шаралар қабылдауды қолға алды. Тексеру жұмыстарына қалалық әкімдіктің өкілдері де қатысты.  

Рейд барысында РСУ-1, теміржол ауданы, желі іргесінде орын тепкен көтерме сауда базары мен «Жансая» сауда кешенінің маңайы, «Спартак» алаңы маңы, жеке секторлардың айналасы тексеріліп, тұрмыстық қалдықтарға толы екені анықталды. Қалаға кіреберісте, Жаңа-Семей станциясына қарасты аумақта көлемді күлтөкпелер пайда болған. Мұның бәрі облыс орталығына келетін қонақтарға кері әсер қалдыратыны белгілі. Тек станция басы ғана мұнтаздай таза болып тұр. Айта кетер жайт, ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап абаттандыру бойынша санитарлық-экологиялық екіайлық бастау алды. Жергілікті теміржолшылар қауымы уақытпен санаспай тазалық жұмыстарына кіріскен. Енді бөлімше басшылығының ұсынысымен теміржолшылар мен қалалық әкімдік бірлесіп жол жиегіндегі қоқыс үйінділерін жою бойынша ауқымды жұмыстар бастамақ.  

– Біз желі бойында жыл сайын – көктем мен күзде санитарлық тазалық жұмыстарын жүргіземіз. Биыл бұл шараны экологиялық айлықтың жариялануына орай қарқынды жүргізбекпіз. Қынжылтарлығы, қала ішіндегі телім бойында да тазалық жұмыстарымен айналысатын тек теміржолшылар. Сенбілік өткізілген күндері тонналап қоқыс қалдықтарын шығарамыз. Ол үшін қосымша қаржы қарастырылмаған. Ал жолшылар ғой мұндай жұмыстарды жыл бойы жүргізеді, сырт көз оларды қоқыс тазалаушылар деп ойлап қалып жатады, – дейді НЖС-6 бөлімшесі кадр бөлімінің басшысы Данияр Баймағұлов.  

Алайда, мәселені түп тамырымен шешпей бұл шаралардың пайдасы шамалы болуы мүмкін. Себебі теміржол аумағын көбінесе жеке сектордағы тұрғындар ластайды. Сондықтан Семей станциясындағы желілік полиция тыңғылықты жұмыс жүргізуді қолға алуда. Мәселен, ҚР ӘҚБтК-нің 434-2-бабына сәйкес, жалпыға ортақ пайдаланылатын орындардың ластануы, оның ішінде белгіленбеген жерлерде коммуналдық қалдықтарды тастау – 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғатыны белгілі. Осы ретте теміржол бойында қатты тұрмыстық қалдықты рұқсатсыз тастағандарды фотосуретке, бейнежазбаға түсіріп, сенім телефонына жіберсе, жергілікті полиция қызметі құқық бұзу фактісін анықтаса, арнайы шара қолданатын болды. Сондай-ақ, мұндай келеңсіздіктерді хабарлаған азаматтарға экологиялық жауапкершілігін ынталандыру үшін сыйақы беру де көзделуде. Қысқасы, облыс орталығы деген мәртебе алған Семей қалалық әкімдігі мен жергілікті теміржолшылар үшін бас ауру «күлтөкпеден қалай құтыламыз?» болып отыр...

 

Жаңалықтар
04.08.2026
Құрық порты 2026 жылдың І-ші жарты жылындағы жұмысын қорытындылады
Аймақтар
04.08.2026
Боранды бекеттің бас қақпасы
Аймақтар
04.08.2026
Ғасырлық тарихы бар вокзалдар жаңарды
Қауіпсіздік
04.08.2026
Қауіпсіздік сызығынан аттама...
Қауіпсіздік
04.08.2026
Жүргізушілерге жадынама таратты
ҚТЖ келбеті
04.08.2026
Үздік атанған үштік
Жаңалықтар
04.08.2026
Ерен еңбектері еленді
Жаңалықтар
04.08.2026
Астана станциясының теміржол өткелінде «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Жаңалықтар
04.08.2026
«Жүк тасымалының» жетістігі
Аймақтар
04.08.2026
Мерейлі мереке, лайықты марапат
Аймақтар
04.08.2026
Құрмет төрінде – теміржолшылар
Аймақтар
04.08.2026
Ақтөбеде үздік теміржолшылар марапатталды
Аймақтар
04.08.2026
«Ахау Семей» шырқалған күн...
Аймақтар
04.08.2026
Мерейлі марапат
Аймақтар
04.08.2026
Маңғыстауда үздік теміржолшылар төсбелгілермен марапатталды
Аймақтар
04.08.2026
Сарышағанда «Теміржол саябағы» ашылды
Жаңалықтар
04.08.2026
Теміржолшылардың мерекелік демалысы
Спорт
04.08.2026
Арыстықтар – ауыспалы кубок иегері
Инфрақұрылым
04.08.2026
Бақты-Аягөз теміржол желісінің құрылысында жер төсемін тәуліктік төгу рекорды орнатылды
Жаңалықтар
04.08.2026
Нұрлы жол вокзалында ғимаратты салқындату бойынша қосымша шаралар қабылданады