Елу жылда – ел жаңа

Әлеумет
28.12.2018, 12:23

Тәуелсіздігімізді ту етіп көтерген жылдары Алматыда студенттік шағын өткізген теміржолшылар жоқ емес. Қазақ тарихында ызғарлы із қалдырған 86-ның ылаңын көзбен көрген де солар. Солардың бірі – «Теміржолсу» ЖШС Ақтөбе филиалында кадр қызметінің менеджері Гүлжан Көптілеуова.    

Алматы темір жол институтын қызыл дипломмен бітіргеннен кейін Шалқар станциясына жұмысқа тұрады. Станциядағы қозғалыс саласына тиесілі біраз қызметтің «дәмін татты», тәжірибе жинақтады. Ал 1994 жылдан бастап қалаға қоныс аударып, кадр саласына біржолата ауысты. Станция басшысының кадр ісі жөніндегі көмекшісі, 1999 жылы басқармаға ауысып, оншақты жыл кадр бөлімінде еңбек етті. Қазір «Теміржолсу» серіктестігінің кадр бөлімінде қызметін жалғастырып жатыр. Кейіпкеріміздің жалпы еңбек өтілі отыз жылдан асыпты.

Бүгінде 52 жасқа шыққан Гүлжан Алматы теміржол көлігі инженерлері институтында оқыған студенттік жылдарын сағынышпен еске алады. Әйгілі желтоқсан оқиғасы болған кезде ол небары 20 жастағы студент екен. «Біз институтта өтетін Жаңажылдық балмаскарадқа дайындалып, мәре-сәре болып жатқанбыз. Он күн, он бес күн қалды деп күн санап жүрген жастармыз. Кенеттен бұрқ ете қалған желтоқсан оқиғасы туралы алғашқы күні кешке естідік. Масанчи көшесіндегі жатақханада тұрдық. «Далаға шықпаңдар, студенттер қозғалысы болып жатыр» деп мұғалімдеріміз үш күнге жатақхананы жауып тастады. Ұстаздарымызға осындай қамқорлығы үшін алғыс айтуымыз керек шығар. Олар үш күн бойына бізді күзетті. Сырттан тамақ әкелуге екі адамнан кезектесіп шығамыз. Сол кезде дүрмекке еріп алаңға шықсақ, бірдеңеге ұшырар ма едік, кім білген...», – деп еске алады кейіпкеріміз сол жылдар оқиғасын.

Сол жылы Жаңа жыл студенттер үшін тым сұрықсыз да көңілсіз өткен. Тіпті асығып күткен кеш те жастарға еш қызық сыйламапты. Кешегі қамсыз, мұңсыз жүрген жастар бір сәтте он жылға есейіп кеткендей әсер қалдыратын еді дейді кейіпкеріміз. «Бүгінгідей заманға жету үшін қандай да бір өзгеріс керек болған шығар. Қазір бәрі жақсы жағына өзгерді, біз сол аңсаған арманымызға жеттік, тәуелсіздігімізді алдық. Әлем елдері егемен елімізді мойындады. Бейбіт елде тыныш өмір сүріп жатырмыз. ТМД елдерінің ішінде бірінші болып «ЭКСПО» көрмесін өткіздік. Темір жол тұрақты даму үстінде. Ең қиын кездердің өзінде темір жол саласы элиталы қызмет саналды. Мен институт бітіргеннен бастап темір жол саласында еңбек етіп келемін. Осы уақыт ішінде қаншама өзгерістерге куә болғанымызды енді кезіп отырғандаймын. «Елу жылда – ел жаңа» деген осы шығар», – дейді Гүлжан Көптілеуова. 

Ардақ ЕРУБАЕВА, Ақтөбе 

Суретті түсірген автор


Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады