Өндірістік жарақаттың алдын алу: 6 стандарт шарты

Әлеумет
15.01.2019, 12:42

 Темір жолдың жол шаруашылығында еңбек қорғау саласының қызметі өндірістік қауіпсіздік саласына 2017 жылғы 21 тамызда енгізілген жаңа стандарттар бойынша жүргізіліп келеді. Одан бөлек өндірістік жарақатты жою мақсатында сала мамандары Хайнрих жүйесімен жұмыс істеуге көшкен. Сонымен қатар еңбек қорғау саласында былтыр жасалған Қауіптер тізімі бойынша да жұмыстар басшылыққа алынуда.  

 Аса қауіпті аймақ саналатын теміржолда өнімді еңбек етуді көздейтін Астана ірілендірілген жол дистанциясында еңбек қауіпсіздігі бойынша тәжірибелі маман, дистанцияның жетекші еңбек қорғау инженері Зылхия Батышевадан осы жаңа стандарттар мен жүйелер туралы айтып беруді өтінген едік.

– Өндірістік жарақат алуды болдырмау үшін жаңа 6 стандарт енгізілді. Оның біріншісі – ұлттық компания мен оның еншілес ұйымдарында түпкі себебін анықтай отыра болған оқиғаларды басқару, екіншісі – экологиялық аспектілер қаупі мен оларды бағалауды идентификациялау және өндірістік қауіпсіздік бойынша тәуекелдерді басқару. Үшінші стандарт – төтенше жағдайларды жоюды ескерту, одан әрі мердігер мекемелердің жұмысты орындауы барысында қауіпсіздікті басқару, бесіншісі – қауіпсіздік бойынша мінездік диалог, алтыншысы – өндірістік қауіпсіздік саласындағы қызметте ішкі бақылауды ұйымдастыру. Былтырдан бері барлық қызметкерлерді осы стандарттармен таныстырудамыз, себебі ҚТЖ-ның маңызды стратегиялық бағыттарының бірі өндірісте жарақаттанушылықты мүлдем жою болып отыр, – дейді З.Батышева.  

        Білікті маманның айтуынша, осы мақсатта олар, сонымен қатар немістердің Хайнрих талдау жүйесімен де жұмыс жүргізуде. Қауіпсіздікті басқару – бұл үздіксіз процесс, оның басты мақсаты – қауіпті іс-әрекет пен жарақатты болдырмау. Кез келген жарақат алу оқиғасы төменгі деңгейлі көптеген іс-әрекеттердің жиі қайталануы салдарынан болады. Хайнрих жүйесімен осындай қауіптердің пирамида сипатындағы 5 деңгейі анықталған.

– Оның ең төменгі деңгейі қауіпті іс-қимылдар деп аталады. Қауіпті іс-қимылдар дегеніміз не? Мысалы, қауіпсіздік ережесін бұзып, қорғаныш көзілдірігін кимесе, қорғайтын белдікті тақпаса немесе ақаулы жабдықпен жұмыс істесе, соның бәрі де қауіпті іс-әрекет болып саналады. Олардың әрқайсысы жарақат алу жағдайына әкелмегенімен, солардың бәрінің жиынтығы ауыр жағдайға апаруы мүмкін. Пирамиданың төменнен жоғары қарай есептегенде келесі тұрған деңгейі – ұсақ жарақаттар, одан соңғы үшінші деңгей – жеңіл жарақаттар, екінші деңгей – ауыр жарақаттар, ал бірінші деңгей қайғылы жағдайға әкелетін жарақат алу оқиғасы. Міне, енді қараңыз, аталған пирамида жүйесі авторының теориясы бойынша, ең жоғарғы бірінші деңгейдегі қайғылы жағдайға әкелетін 1 жарақат алу жағдайына 30 ауыр жарақат себеп болса, ол өз кезегінде 300 жеңіл жарақаттан туындайды, сол сияқты одан әрі бұған 3000 ұсақ жарақаттар себеп болған. Ал соның ең түбінде 30 мың қауіпті іс-әрекет жатады екен, – деп түсіндірді жаңа жүйе шартын жетекші инженер.

  Мұнымен қоса былтыр дистанцияда қауіптер тізімі де жасалған болатын. Тізіліп, бекітілген 134 қауіп бойынша жұмысшылармен күн сайын жұмысқа кірісер алдында нұсқаулық және басқа да түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Бұл қауіптер тізімінде – темір жолда белгі беру жилетінсіз жүру, қозғалып келе жатқан жылжымалы құрам мен көлік құралдары, қозғалыстағы машиналар мен механизмдер, құрал-жабдықтар және олардың бөліктері, көпірде, тағы басқа жерде жоғарыдан құлауы мүмкін заттар мен құралдар, жұмыс аймағындағы ауаның шаңға бөгуі, тоқ соғу, жұмыс орнындағы шудың, дірілдің тым жоғары деңгейі, түнгі уақыттағы жұмыс кезінде жұмыс орнында жарықтың жеткіліксіз болуы, жұмыс аймағындағы ауа температурасының, ылғалдылығының тым жоғары немесе тым төмен болуы, жұмыс орнының тым биікте орналасуы, кеңседе еденнің дұрыс сүртілмеуінен адамның сырғанап құлауы, жыртылған линолеумге сүрініп кету, өрт қауіпсіздігінің сақталмауы, ақаулы құралдармен жұмыс жасау, баспалдақпен көтеріліп келе жатып сүріну, компьютерден бөлінетін зиянды сәуле, жұмыс барысында қолын тіліп алу, кесіп алу және тағы да басқа ірілі-ұсақты кемшіліктер, олқылықтардың, қауіптердің бәрі бар.

– Бұл қауіптер тізімі жыл сайын көбейіп, қатарына жаңа қауіптер қосылып отырады. Оларды күн сайын мінездік диалог барысында басшылар қадағалайды. Әр жұмысшыға аталған қауіптер тізімі мақсатты нұсқаулықтар барысында да таныстырылып отырады. Жоғарыда аталған жаңа стандарттар бойынша болған оқиғалар есебін тіркеу журналы жүргізіледі, – дейді З.Батышева.

         Дистанцияның жетекші еңбек қорғау инженерінің пікірінше, қайғылы жағдайларға көбіне жолдан өтетін бөгде адамдар себеп болады. Белгіленбеген жерден өтетіндіктен олар көп жағдайда өздерінің басын қауіпке тігіп жатқанын түсінбейді. Соны түсіндіру үшін дистанция ұжымы теміржолға жақын елді мекендер халқымен былтыр 34 кездесу өткізіпті, оған 1328 адам қатысқан. Сол сияқты 29 оқу орнына барып, барлығы 4168 адамға түсіндіру жұмыстарын жүргізген. Желілік тәртіп сақшылары және өзге де құрылымдық мекемелер өкілдерімен бірлесе 21 рейдке шыққан болса, соның барысында 25 бұзушылық анықталып, сонша адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Теміржол бойына жаңадан 11 ескерту белгісі қойылып, бұрынғы 77 белгі жаңартылған. Бұған қоса жұмысшыларға 97 техникалық сабақ өткізіліп, 4119 адам қамтылған.

      Өндірістік жарақатты болдырмау үшін дистанцияда 2019 жылға арналып 25 тармақтан тұратын шаралар жоспары жасалыпты. Бұл шаралардың қатары салдары ауыр жарақат алуға, апатқа әкеп соғатын еңбек қорғау және қауіпсіздік ережелерін өрескел бұзған жұмыскермен еңбек шартын бұзудан басталады. Одан әрі жоспардан тыс тексерулер жүргізу, керекті құрал-жабдықтардың түгелдігін қадағалау, жұмыс бригадаларын, операторларды ақаутапқыш арбашаларымен, жабдықтармен қамтамасыз ету және тағы да басқа шаралар қарастырылған. Бұған қоса жұмыс барысында жұмысшыларға ұялы байланыс құралы мен құлаққап пайдалануға тыйым салынған.

Райхан РАХМЕТОВА

Суретті түсірген автор


Жаңалықтар
22.11.2024
ҚТЖ Бескөл депосында дизель отынының ұрланғанын анықтады
Жаңалықтар
22.11.2024
Ақмола бөлімшесі инфрақұрылымды жаңартуды және инновацияларды енгізуді жалғастыруда
Жүк тасымалы
22.11.2024
Қостанай ЖТ бөлімшесі қараша айында 2 359 вагон астық тиеді
ҚТЖ келбеті
22.11.2024
Жол монтерлерінің бір күні
Қауіпсіздік
22.11.2024
Жамбыл өңірінде қыста да қараусыз мал тиылмайды
Аймақтар
22.11.2024
«Syrmaq Fest»: Маңғыстаулық теміржолшы қолөнер көрмесін ұйымдастырды
Қауіпсіздік
22.11.2024
Шымкент станциясында өндіріс жарақатының алдын алу шарасы өтті
Әлеумет
22.11.2024
Күзет қызметкерлеріне көрсетілетін қолдау көп
Жаңалықтар
22.11.2024
Кәсіподақ сарапшылары құзыретін арттырды
Цифрландыру
22.11.2024
ІТ тақырыбына арналған білім сайысы өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
22.11.2024
«Қазақстан теміржолшысы» газеті, №99 22 қараша 2024 жыл
Жолаушылар тасымалы
21.11.2024
№42 «Атырау-Алматы» жолаушылар пойызының қозғалысы уақытша тоқтатылады
Жаңалықтар
21.11.2024
Құрық портының түбін тереңдету жұмыстары мерзімінен бұрын аяқталды
Спорт
21.11.2024
Теміржолшылар арасында спартакиада өтті
Жаңалықтар
21.11.2024
ҚТЖ жол диагностикасының инновациялық технологияларын енгізуде
Жаңалықтар
21.11.2024
ҚТЖ Еуропадағы терминалдық желіні кеңейтуде
Жолаушылар тасымалы
20.11.2024
Семейде қаламаңы тасымалында тиімді бағдарлар көбейеді
Жүк тасымалы
20.11.2024
Ақмола бөлімшесі 307 мың тоннадан астам астық тиеді
Жаңалықтар
20.11.2024
Қазақстан көлік-транзит дәліздерін ТМД + форматында дамытпақ
Әлемде
20.11.2024
Қытай – Қырғызстан – Өзбекстан темір жол құрылысы бойынша келіссөздің соңғы сатысы жүріп жатыр