Арнайы комиссия Астана жол дистанциясы қызметкерлерінің еңбек жүктемелерін тексерді

Әлеумет
17.01.2019, 14:27

 Жол дистанциясындағы әрбір жұмыс орнын аттестациялау 5 жылда бір рет жүргізіліп отырады. Оны мамандандырылған ұйымдар арнайы келісім-шарт жасай отыра өткізеді. Соның барысында кез келген қызметтің зиянды факторлар жағдайына жақындығы анықталады.  

– Мәселен, сондай аттестацияны М.Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар колледжі жасайтын болып, олардың өкілі біздің мекемеге келді. Олар әрбір жұмысшының жұмыс аймағында шу, діріл, еңбектің жүктемесінің қаншалықты көптігін тексерді. Зиянды факторлар өзінің шегінде болса, онда бәрі дұрыс. Ал шектен шыққан жағдайда ол зиянды факторы бар жұмыс болып саналады да, сол қызмет бойынша еңбекақыға үстеме ақы төлеу, сүт бөлу, қосымша демалыс күндерін беру секілді жұмыстар жүргізіледі. Осыған орай аттестация жүргізуші мамандандырылған ұйым өкілдері жазбаша түрде әрбір мамандықтың қауіптілігі мен зияндылығына байланысты қорытынды шығарады, – дейді Астана ірілендірілген жол дистанциясының жетекші еңбек қорғау инженері Зылхия Батышева.

Астана жол дистанциясында, мысалы, былтыр 13 маман, 2017 жылы 12 маман аттестациядан өткен екен. Аттестациялау жұмыстары 1 аптаға дейін созылуы мүмкін. Жауапты маманның айтуынша, бұдан бөлек жолшылар жоспарға сай қауіпсіздік саласы бойынша Темір жол көлігі персоналын басқару және дамыту орталығында білімдерін жетілдіріп отырады. Олардың әрбірі еңбек қорғау мәселелері бойынша 48 сағаттық және өндірістік қауіпсіздік мәселелері бойынша да 48 сағаттық білім алу курсынан өтеді. Сонымен қатар өндірістік қауіпсіздік бойынша 10 сағаттық білім алу курсынан Қарағандыдағы оқу орталығында да өткізіледі. Осы аталған соңғы оқу курсы бойынша былтыр 142 адам білімін жетілдірген екен. Оның ішінде стропальщиктер, компресс қондырғылары мен кран машинистері, газ электр дәнекерлеушілері бар. Ал еңбек қорғау мәселелері бойынша өткен жылы 61 басшылық қызметтегілер оқытылған. Атап айтқанда, жол шеберлері, дистанция директоры мен оның орынбасарлары, бас инженер және жетекші еңбек қорғау инженері де соның ішіне кіреді. Осындай оқудан өтіп, арнайы сертификат алмайынша, қайсыбір басшы болсын нұсқаулық өткізе алмайтын көрінеді.

– 48 сағаттық оқу дегеніміз – 5 күн оқу. Оқу кезінде жұмыскерлерге бәрі де тәртіп бойынша бұйрық шығарылып, іс-сапар құжаты толтырылады. Соңғы оқу күнінде олар тест тапсырады және өндірістік қауіпсіздік бойынша билет сұрақтарына ауызша жауап береді. Үш жылда бір рет осы бойынша сертификат алып отыруға тиіс. Мекемедегі мыңға жуық адам өз ретіне қарай білімін толықтырып отырады, – дейді З.Батышева.

Ұлан ОРАЗ


Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады