Жас теміржолшылар еңбекші жастардың өңірлік форумына қатысты

Әлеумет
20.04.2019, 11:53

Жастар жылы аясында ҚР Кәсіподақтар федерациясы облыс әкімшілігімен бірлесіп ұйымдастырған «Жас келсе – іске!»» атты еңбекші жастардың өңірлік форумына салалық және бастауыш кәсіподақ ұйымдары қатысты. Шарадан әрине, жамбылдық жас теміржолшылар да тыс қалмады.

Теміржолшы жастарды бастап келген Жамбыл ЖТ бөлімшесінің жастар ісі жөніндегі өкілі Дәулетбек Жолдасбаев бүгінде 12 мың теміржолшы еңбек ететін облыста соның 5 мыңнан астамы жастар екенін мақтанышпен жеткізді. Сондықтан аймақтағы мұндай басқосуда теміржолшы жастар қатары мол және мерейі үстем болатынын да жасырмады.

– Біздің компаниямыздағы жастар саясатына 10 жыл толғалы отырған шақта, биылғы жылдың Жастар жылы деп жарияланғаны бізді айрықша қуантты. «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы басшылығының бастамасымен «100 талантты жас теміржолшы» жобасы жарияланды. Бұдан бөлек, компания саладағы 28 мамандық бойынша «Жас кәсіби маман», «Болашақ басқарушылар» және «Менеджмент жобасы» сияқты жобаларды жариялап, кәсіби білікті және еңбексүйгіш жастардың үздіктерін іріктеп, ұдайы ынталандырып отырады, – деген жастар жетекшісі биылғы жылы ауыл жастарының мұң-мұқтажын зерделеп, көмектесетін бастамалар қолға алынуын ұсынды. Үш күнге созылған форумның мақсаты – еңбекші жастардың ең өзекті проблемаларын талқылау үшін коммуникативті алаң құру.

Сондай-ақ, еңбекші жастарды шоғырландыру, тәжірибе алмасу және өз идеяларын іске асыру, кәсіподақ қозғалысының жастар саясатын трансформациялау және дамыту бойынша тұжырымдамалық ұсыныстар әзірлеуді көздеді. Жастармен кездесіп, ой-пікірлерін тыңдап, тың идеяларына қолдау көрсету үшін алқалы жиынға ҚР Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары Ерлан Сайыров, Ұлттық білім және инновация палатасының төрағасы Мұрат Әбенов т.б. қонақтар қатысты. Өз ой-пікірлерін ашық айтып, аға буын өкілдерімен бетпебет сұхбаттасып, тәжірибе алмасуға келген жастардың белсенділігі жоғары болды. Біз теміржолшы жастар өкілін сөзге тартып, биылғы жылдың жастар үшін қандай ерекшеліктері болып жатқанын, кәсіподақ тарапынан қаншалықты қолдау көріп отырғандарына қатысты сұрақтарымызды қойдық.

– Бүгінде елімізде жастарға арналған түрлі бағдарламалар қанат қақты. Солардың бірі – «Жастар – ел тірегі» атты жоба биыл жүзеге асып отыр. Бұл өз кезегінде жастардың тұрмысы мен табысын жақсартуға әсер етеді деп ойлаймын. Өз басым қызмет барысымен ауылдық жерлердегі шағын станцияларға жиі барып тұрамын. Сонда байқағаным, ауыл жастарына жұмыс тапшы. Осы форум алаңын пайдаланып, аймақтарда «Ауыл – ел тірегі» жобасының аясында ауыл жастарының мұңмұқтажын біліп, зерделейтін жұмыс жүргізілсе деген ұсынысымды айттым. Мәселен, жастарға жұмыс орнын ашатын кәсіпкерлер арасында түрлі байқаулар ұйымдастыруға болар еді, – дейді ол. Дәулетбек темір жолға жұмысқа тұрған жас мамандардың бәрі кәсіподақ мүшесі екенін жеткізді. – Мұның себебі, кәсіподақ мүшесі Компания басшылығы мен кәсіподақ ұйымы арасында жасалған ұжымдық шартта көрсетілген әлеуметтік жеңілдіктер мен кепілдіктерге ие болады. Осыдан кейін теміржолшы жастар тарапынан да болашаққа деген сенім туындап, адал еңбегімен қызмет етуге ынталандырары сөзсіз, – дейді жас теміржолшы. Жиын соңында форум жұмысы сессияда талқыланып, арнайы қарар қабылданды.

Жасұлан СЕЙІЛХАН

Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады