Ұлы Отан соғысында темір жолдың рөлі қандай болды?

Әлеумет
07.05.2019, 09:53

Адамзат тарихындағы ең ірі соғыстардың бірі саналатын 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы қисапсыз құрбандығымен мәлім. 93 жастағы қарт теміржолшы Жүнісбек Кәрімов (суретте) сол сұрапыл қантөгісті көзімен көрген, санаулы ғана қалған ардагерлердің бірі.


Ұлы Отан соғысы жылдары Кеңес үкіметі 27 млн азаматынан айырылды, оның шамамен 4101 мыңы – қазақстандықтар олардың 70 пайызы соғыс даласында мерт болып, тек 30 пайызы ғана елге аман оралған деген дерек айтылады. Темір жол – кез келген соғыс операцияларының стратегиялық факторы ретінде маңызы зор обьект болып табылады. Кешегі екінші дүниежүзілік соғысында да теміржол көлігінің маңызы аса зор болды.

Майдан мен тылды жалғап, ұрыс техникасы мен жауынгердің жедел тасымалдануы мен жабдықталуы тікелей темір жолға тәуелді болды. Кеңестер одағында соғыс жүрген сол 4 жылда әскери тасымалдар жалпы алғанда 19,7 млн вагоннан асып кеткен. Темір жолдың арқасында халық пен өндірістік кәсіпорындарды жау басып алған аудандардан ішке көшіріп, оқшаулау мүмкін болды. 1941 жылдың екінші жартысының өзінде осы мақсатқа шамамен 1,5 млн вагон тартылған. Күрделі соғыс жағдайында батыстан шығысқа 2,5 мыңнан астам өндірістік кәсіпорын, миллиондаған тонна азық-түлік пен басқа да жүктер вагондармен жеткізілген.

Бірінен соң бірі жүйткіп жатқан, бірінен соң бірі жөнелтілетін әр пойыздың арасындағы интервал бар болғаны 600-700 метрді құраған екен. Ал теміржолшылар нағыз соғыс қаупінің өтінде жүрді, себебі жаудың басты нысанасы бүкіл майданның артериялық қан тамырындай тіршілік көзі болып теміржолдар мен теміржол көліктерін қирату еді. От пен оқтың ортасында жүрсе де теміржолшылар үздіксіз тасымалды бір минут та тоқтатпай, оған қоса жау ұшақтары талқандаған станциялар мен тораптарды, локомотивтер мен вагон деполарын, көпірлер мен өзге де имараттарды қалпына келтіріп отырды. Соғыс жылдарында кеңес елінің теміржолшылары 120 мың км жолды қалпына келтіріп, 10 мың км жуық жаңа темір жол магистральдарын салған. Сонымен қатар теміржолшылар соғыс кезінде солдаттар мен ұрыс техникасы, азық-түлік тиелген 20 миллион вагонды тасымалдауға атсалысқан. 1939-1943 жылдары қазақстандық темір жол магистралі 10 мың км құрады.

Соғыс кезінде елде қалған қариялар мен жас балалардың жанқияр еңбегімен асқан қиындықпен салынған Гурьев-ҚандыағашОрск магистралінің Ембінің мұнай кәсіпшілігін Оралмен байланыстырған телімінің стратегиялық маңызы зор болды. 1939-1943 жылдары салынған АқмолаҚарталы желісі Қарағандының көмірін Оңтүстік Оралға жеткізуді қамтамасыз еткен маңызды нысан болып табылады. КөксуТекелі-Талдықорған және Атасу-Қаражал телімдері де соғыс жылдары іске қосылды. Сонымен қатар, Ұлы Отан соғысы кезеңінде Қазақ темір жолында жыл-жымалы құрам мен жол шаруашылығын жөндеу бойынша өндірістік базалар құрылып, жұмыс істеп тұрды.

Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады