Әлия Молдағұлованы тәрбиелеп өсірген ағасының ұрпақтары

Әлеумет
07.05.2019, 16:04

Қазақтың батыр қызы Әлия Молдағұлованы тәрбиелеп өсірген ағасы Әбубәкір Молдағұловтың ұрпақтары күні бүгінге дейін Ақтөбе өңірінде тұрады және көпшілігі темір жолмен біте қайнасқан.

Отыз жылдан аса машинист болған Сапар Молдағұлов – танымал теміржолшы Әбубәкір Молдағұловтың ұлы. 19 жасында ерлікпен қаза тапқан қаршадай қазақ қызының ерлігі ел жадында. Қып-қысқа ғұмырында ел сүйсінерлік ерлік жасаған батыр қыз сегіз жасында анасы қайтыс болғаннан кейін нағашы ағасының тәрбиесіне өтеді. «Мен 1941 жылдың мамыр айында дүниеге келдім. Сол кезде 16 жасқа да толмаған Әлия апам мені Ленинградта перзентханадан шығарып алған екен. Соның өзі тарих емес пе?! Әлия – менің әкемнің қарындасынан қалған жалғыз тұяқ, сол кезде Ленинградта тұрған ата-анаммен бірге болған, бірақ олар кейін елге қайтқанда сол жақта қалып қойып, кейін майданға аттанған. Әкем өле-өлгенше жиен қарындасын жоқтап өтті, – деп еске алады Сапар Молдағұлов.

Бүгінде Молдағұловтар әулеті – аймаққа кең тараған бір қауым ел. Әбубәкір Молдағұлов салған сара жолды жалғастырған ұлы Сапар Молдағұловтың отбасы түгел теміржолшылар, анасынан бастап, өзі, әйелі және балалары. Машинист көмекшісі болып бастаған Сапар аға Қандыағаш пен Сағыздың арасында ұзақ жылдар жүк және жолаушы құрамдарын тасығанын мақтанышпен әңгімелеп берді. Қарт теміржолшы бүгінде жұбайымен Ақтөбе қаласында тұрып жатыр. Зейнетке шыққанына да 20 жылдан асқан.

«Ол кезде пойыз көп болды. Барлық жүк пойызбен тасымалданатын еді. Қандыағаш қаласынан күніге 2830 пойыз өтеді. Ол кездегі теміржолшылар да беделді болатын. Осы жұмыстың арқасында Қазақстанның барлық қалаларын араладық, тегін демалдық. Украина, Ленинград, Москваға өз үйіміздей жылда баратынбыз», – деп еске алады ерлі-зайыпты теміржолшылар.

«Мен де зейнет жасқа шыққанша Темір ауданы Шұбарқұдық депосында кеңседе еңбек еттім. 31 жыл бір кеңседе, бір үстелде отырыппын. Біздің депомызда 2000- нан аса маман жұмыс жасады. Күндіз-түні тоқтаусыз жұмыс жасап, пойыздарды қабылдап отырдық. Өзім 39 жыл енеммен бірге тұрдым. Енем марқұм: «Әлия өте ақылды, жігерлі бала болды» деп айтып отыратын. Ауылдан Ленинградқа көшіп барғанда енеміз орыс тілін білмей, нан әкелуге де Әлияны жұмсайтын болған екен», – деп естелік айтады бүгінде 71 жасқа шыққан Бекзада Молдағұлова.

Қос қарияның балалары да ата жолын таңдаған. «Жезқазған-Сексеуіл» темір жолы құрылысына қатысқан Молдағұлов Рүстем Сапарұлы – осы әулеттің ұрпағы. Қызыл құмның ортасынан жол салғаны үшін Елбасының қолынан «Құрмет» орденін алған. «Мен де педагогикалық мамандық алып, теміржол колледжінде оқытушы болып жұмыс жасаймын. Теміржолшылар отбасында туғанымды мақтан тұтамын», – дейді теміржолшының қызы Айгүл Молдағұлова.

Ынтымағы жарасқан Молдағұловтар әулеті осылай, темір жол саласының дамуына өз үлестерін қосуда. Мәуелі шаңырақта бүгінде үшінші буын теміржол кәсібінің ризығын көріп отыр. 

Ардақ САТТАРҚЫЗЫ

Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады