Концлагерь тұтқыны болған Катя әжей

Әлеумет
09.05.2019, 14:39

Соғыс ардагері Екатерина Серафимовна Мордовия елінде дүниеге келген. Атырау өңірі бойынша теміржолшы соғыс ардагерлерінен қалған көзі тірі жалғыз адам.

90-ға таяған соғыс және еңбек ардагерін теміржолшы әріптестері жыл сайын Жеңіс күні арнайы келіп құттықтайды. Катя әжей өз өмірінен тағылымды естеліктер айтып, концлагерьде болған үш жылын әлі күнге жаны түршіге еске алып отырады.

Ұлы Отан соғысы басталардың алдында әкесі Серафим Ксенофонтов 9 баласымен Карелияға көшіп келеді. Ол кезде Карелияның Совет Одағының құрамына кірген кезі еді, ал финдер жерлерін тастап қашып кеткен. Көп кешікпей соғыс басталады. Кішкентай Катя ол кезде 10 жаста еді. Финдер өз жерлеріне қайтып келіп, неміс басқыншыларымен бірге сол жерді басып алады. Жанжақтан көшіп келіп тұрып жатқан халықтың бәрі, соның ішінде Катяның әкесі Серафимнің отбасы да тұтқынға түседі. «Көрмеген қорлығымыз жоқ. Көп адамдар немістер жағына шығып, сатылып кетті. Бәрінен де сол өз арамыздан шыққан сатқындардың озбырлығы немістерден де асып түсті. Ұрып соғу, ауыр жұмыстарға салу, аштан қатыру дегендей азаптаудың түр-түрін көрдік. Үлкендер орманды талдарды құлатып, ағаш шапты. Біз балалар оларды жинап, жаңқалар мен жапырақтарын жинап өртедік. Кешке сүйретіліп баракқа әрең жетеміз де тақтай төсектерге құлаймыз. Сөйтіп, Миехиккель концлагерінде 3 жыл 3 ай болып, бүкіл қорлық пен зорлықтың бәрін бастан кештік, көп адам бұл азапты өмірге шыдамай өліп кетті. 1944 жылдың күзінде Совет солдаттары келіп, азат етті ғой» деп еске алады Екатерина Серафимқызы.

Содан кейін жасөспірім Катя қыз асханада, медицина саласында санитар, басқа да әр түрлі жұмыстар жасап, есейе береді. Азат етуге келген солдаттар арасынан өзіне ерекше қамқорлық жасап жүрген жас жігітті ұнатып, жанына жақын тартып жүреді. Ол – Гурьевтегі Ганюшкино жетімдер үйінде өскен, сондағы поселкеден әскерге барған қазақ солдаты Абсатыров Уап (Вагаф) еді. Соғыс біткесін екеуі бас қосады да, Уаптың туған жері Атырауға келіп, әскери салада қызмет етеді. Ұл-қыз сүйеді. Кейіннен Уап бірге туған бауырларын да, анасын да іздеп тауып, табысады. Бірақ аты-жөні мен тегін өзгертпепті. Күйеуінің фамилиясына көшкен Абсатырова Екатерина соғыстан кейін Атырау локомотив депосында машинистердің демалыс үйіне кезекші болып жұмыс жасап, содан зейнеткерлікке шыққан. Ол фашист концлагерінің кәмелетке толмаған тұтқыны ретінде Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне теңестірілгендер қатарына жатады және сол жеңілдіктерге толықтай құқылы.

Қосұйым МҰҚАШЕВ

Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады