Майдан мен тылды жалаған машинист

Әлеумет
10.05.2019, 09:19

Қызылорданың Аралқұм станциясында ғұмыр кешкен Нағашыбай Жолдығұлов локомотивке жасы қырыққа келген шағында отырып, соғыс кезінде майданға азықтүлік, оқ-дәрі тасымалдаған екен. «Ленин» ордені мен «Отан қорғағаны үшін» медалімен марапатталған теміржол тарланы 1987 жылы 88 жасында дүниеден өтті. 

Бүгінде тұтас бір теміржолшылар әулетін құрап отырған ұрпақтары батыр аталары туралы естеліктерімен бөлісті. Сонау 1902 жылы Жақсықылыш ауылсоветіне қарасты №9 елді мекенде жарық дүние есігін ашқан Нағашыбай ақсақал 12 жасында әкесінен жетім қалып, анасы мен шиеттей бауырларына қолқанат болып еңбекке ерте араласып, бала кезден шыңдалып өсіпті. 15 жасынан бастап, тіршілігі қайнаған темір жол саласына қара жұмысқа араласады. Ұлы Отан соғысы басталған шақта қамал бұзар 40 жасқа ат басын бұрған атпалдай азамат еді. Елдегі еркек кіндікті сол бір сұрапыл соғыстың алғы шебіне аттанып жатқан. Арнайы броньмен соғыстан қалдырылған кейіпкеріміз Қазалыдағы машинистер дайындайтын курсты бітіріп, машинист болып тылда бел шешпей еңбек етеді.

Сұрапыл соғысқа аттанған туған інісі Аққалидан соғыста ерлікпен қаза тапқаны туралы қаралы қағаз келеді. Бұл Нағашыбайдың қабырғасын қайыстырып, фашистерден кек алу үшін майданға сұранады. Бірақ депо басшылығы шақырып алып, теміржолға да пойыз жүргізетін машинист керек екенін, сондықтан тылда да фашизммен күресуге болатынын түсіндіріп, майданға қатынайтын арнайы эшелонды тасымалдауды ұсынады. Қуана келісіп, қанаттанған машинист паровозбен майдан даласына аттанады. 1942 жылы Львов жеріне азық-түлік, киім-кешек, оқ-дәрі және отын тиеп аттанған пойыз 2 ай дегенде елге әрең оралған екен. Сұрқы қашып, сүреңсіз кейіпке енген, оқ пен от бораған Псков және Львов қалаларында болған теміржолшы Нағашыбай Жолдығұлов сол сапарында соғыс деген сұрапылдың қандай қайғы-қасірет екенін көзбен көрген. Оқ пен оттың ортасында ажалмен қанша рет бетпе-бет келген сапарын бала-шағасына айтып отырады екен. «Айналамыз қаптаған жау, төбемізде ұшып жүрген жаудың бомбалаушы самолеттері, сондықтан күндіз станциялардан жырақ, көбіне ну орманды сағалап жасырынып тұрып, тек түнде жүріп отырдық. Қарша бораған жау оғының астынан өткен кездері болған. Шұрық-тесік болған вагондарды жол-жөнекей станцияларда теміржолшылар күндіз-түні жамапжасқап, жолға салып отырады екен. Кейде алдарынан жолдар бұзылып, ол қалпына келгенше 3-4 күндеп далада қалатын жағдайлар да болған. «Іштей Аллаға сыйынып, күні-түні дұға жасап, отаным мен отбасымның амандығын тілеп талай оттың ортасынан шықтым» деп айтып отырады екен соғыстан ке-йін де ұзақ жылдар теміржол саласында сүйікті кәсібінде тер төгіп, халық шаруашылығын қалпына келтіруге атсалысқан ақсақал.

Иә, кейіпкеріміз 1951 жылы үкіметтің ең жоғарғы наградасы «Ленин» орденімен марапатталып, Коммунистік еңбек екпіндісі атанады. Отбасында да ағайын-туысқа қадірі артқан абыз кеуде ақсақал атанып, кемпірі Айдай екеуі 2 ұл, 2 қызды оқытып-тоқытып, өмір көшіне ілестіреді. Еңбекқор жандардың тәлімімен есейген ұлдары Тілеген мен Тілеубай да ата-ана жолын қуып, осы салада тер төгіп келеді. Бүгінде бұл әулеттен тарағандар теміржолда бір қауым ел. Жыл сайын 9 мамыр – Жеңіс күні немере мен шөбере буын аталарының портретін ұстап, «Мәңгілік полк» шеруіне қатысып жүр. Аталарының даңқты еңбек жолын олар мақтан тұтады.

Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ

Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады