Ардагерлер кеңесі – аймақта

Әлеумет
05.09.2019, 10:10
Жансая Сыдықбай

Шымкент қаласы бойынша меншікті тілшісі

Шымкент қаласының маңындағы Манкент елді мекеніндегі «On Tustik Resort» демалыс үйінде «ҚТЖ» ҰК» АҚ ардагер-теміржолшылар кеңесінің 6-шы отырысы болып өтті. Жиынды Орталық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Болатбек Дүйсемалиев ашып, бүгін аймақта өткелі отырған кеңес отырысының мақсаты мен маңызына тоқталды. Ардагерлер кеңесі атқарған іс-шаралар туралы баяндама жасады.

Айта кетейік, жиынға Орталық ардагерлер кеңесінен Жұмагүл Әлжан, Гүлнәр Айтбекова, Орталық аппараттың ардагерлер кеңесінің төрағасы Берік Айтбеков, кеңес өкілдері Жұмағайша Ақбергенова, Рысхан Ақбергенов, ал аймақтық ардагерлер кеңесінен 12 өкіл қатысты.

Теміржолдағы ардагерлер ұйымының мақсаты – көп жыл теміржолда еңбек еткен ардагерлердің мүддесін қорғау мен қолдауды қамтамасыз етіп, өзекті мәселелерді ұжымдық, еркін және іскерлік негізде талқылау. Компанияның жас буынын тәрбиелеуге атсалысу. Бұдан бөлек, ардагерлерге қатысты қалыптастыру және кешенді саясатты іске асырудың тұжырымдамасын, ардагерлерді әлеуметтік қолдаудың тиімді талдауы, оны жетілдіре түсу, компанияның басқа да мәселелерін шешу міндеттері кіреді.

Болатбек Дүйсемалиев өз баяндамасында бүгінде Компанияның ардагерлер кеңесі орталығының есебінде 45741 теміржолшы зейнеткердің есепте тұрғанын айтты. Былтырғы есеп бойынша ардагерлер саны 45480 болған. Оның ішінде 1189 Құрметті теміржолшы бар. Ең көп ардагерлер саны жағынан Ақтөбе облысында (4155) тіркелген. Бұдан кейін тізімде Қарағанды – 3892, Павлодар – 3861, Жамбыл – 3857, Шымкент – 3243. Оның ішінде 115 ҰОС ардагері, 6 концлагерь тұтқыны, 6 блокадашы, 15 НКПС, 39 ҰОС ардагерлерінің жесірі, 4029 тыл еңбеккері, ҚР ерекше еңбегі сіңген 42 ардагер бар және олардың ішінде 954 теміржолшы ардагердің жасы тоқсаннан асқан.

Биыл Жастар жылына орай жыл басынан бері ардагерлердің жастармен кездесуі, түрлі іс-шаралар, белсенділер семинары өткізілген. Болатбек Бекеуұлы аймақтық ардагерлер кеңесінен арыздар мен шағымдар түсіп жатқанын айта кетті. 522 шағым мен өтініштің 512-сі оң шешімін тауып, ардагерлердің пайдасына шешілгені және 681 ардагердің қалай тұрмыс кешіп жатқаны тексерілген.

Ардагерлер 2017-2020 жылдарға арналған ұжымдық келісімшарт бойынша шипажайларға барып, денсаулығын емдетуге құқы бар. Бірақ, Дүйсемалиевтің айтуынша, емделуге небәрі 1807 ардагер жолдама алған. Бұл небары 4 пайызды құрайды екен. 181 ардагерді жеңілдікпен баспасөзге жазғызған. Алайда интернет заманында ардагерлерді компьютерлік сауаттылыққа үйретудің де мүмкіндігі сөз болды.

Жиында жастар мен ардагерлер сабақтастығына орай, музейлер, ескерткіштер, клубтардың үздіксіз жұмыс жасап тұруын қадағалау керектігі де айтылды. «Шыны керек, кейбір музейлер жасы үлкен ардагерлердің ынтасымен ғана жұмыс істеп тұр. Ал ол музейлерді болашақта не күтіп тұрғаны белгісіз. Ғимарат, экспонаттар, архивтер, ескерткіштер мәселеге айналды. Қазір қоғамдық музей саны – 23, ескерт- кіштер – 48, 5 клуб, 5 суретшілер ұжымы құрайды» деді Б.Дүйсемалиев.

Өткен жылы Орталық ардагерлер кеңесі тамыз айына дейін 8 президиум өткізіп, ардагерлерге қатысты өзекті мәселелер қаралыпты. Атап айтқанда, «Құрметті ардагер теміржолшы» атағы туралы ережені бекіту және 25 теміржолшы ардагерге осы мәртебе мен бір реттік ынталандыру, «Ардагерлер аманаты» деректі фильмінің түсірілімін аяқтау, т.б. Бүгінде «Құрметті ардагер теміржолшы» белгісімен тағы да 5 ардагер марапатталды.

Бірінші күні әр өңірден келген ардагерлер кеңесінің төрағалары мен орынбасарлары, өкілдері жиында жанжақты пікір мен тәжірибе алмасып, теміржолшылар туралы деректі фильм тамашалаумен тарасты. Ал екінші күні Түркістан қаласы мен облыстың көрнекті жерлеріне экскурсиялық саяхат жасады.

Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты