Өмір құны – бір минут...

Әлеумет
05.11.2019, 14:06
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Темір жол – сақтық шаралары жоғары деңгейде сақталуға тиіс аса қауіпті аймақ. Пойыздардың қарқынды қозғалысы жүріп жатқан жерде абайсыздық таныту құны – өмірмен тең. Яғни, теміржолды белгіленбеген жерден кесіп өтуді әдетке айналдырғандардың қателігі – өлім мен мүгедектікке әкеліп соқтыруы мүмкін деген сөз.

Жолды қысқартамын деп ажал құшып немесе жарақат алып мүгедектікке ұшырап жатқандар аз ба? Сондықтан, теміржолшылардың осы бір өзекті мәселеге байланысты қауіпсіздік дәрістерін ұдайы өткізуді дәстүрге айналдырған.

Өнеркәсіптік аумақта орналасқан Жіңішке жүк станциясы Ақтөбе ферроқорытпа зауыты, Ақтөбе хром қоспалары зауыты секілді ірі жүк жөнелтушілермен жұмыс істейді. Ауыр жүк вагондары тоқтаусыз өтіп жатқан станция жолында қауіпті нүктелер аз емес. Теміржолдың екі бетінде де халық қоныстанған. Саяжайдан қалаға қарай әрі-бері, теміржолды кесіп өтетін тұрғындар да баршылық.

Сол себепті де қауіпсіздік – станциядағы ең өзекті мәселе. Қауіпті жерлерді анықтап, қауіпсіздік белгілерін орнату, жаяу жүргіншілердің жолдарын, теміржол өткелдерін, рельстерді талапқа сәйкестендіру шаралары тынымсыз жүреді. «Бөгде азаматтардың жарақаттануын болдырмау жөніндегі техникалық шаралар бағдарламасы» аясында тұрақты жұмыстар жасалады. Соның ішінде станция мен желілік полиция бірігіп мектептерде жиі болып, оқушылармен теміржол көлігінің қауіп-қатері жөнінде ұдайы қауіпсіздік сабақтарын өткізіп тұрады. Теміржол желілеріне жақын елді мекендердің тұрғындарымен де теміржолдан сақтану және жолға жақын мал жаймау жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізуден кенде емес.

«Талдау жұмыстары көрсеткендей, құқық бұзушылықтың көпшілігі теміржол желілері арқылы белгіленбеген жерден өту, пойыз жақындаған кезде жолға жақын жүру, қарсы бағытта пойыздың жоқтығына көз жеткізбей, бір бағыттағы пойыздың артынан бірден теміржол жолымен өтіп кетемін деуден болады. Жол жүру ережелерін бұзған азаматтар пойыз жылдамдығы мен оның тоқтауының өзі қиын екенін ескере бермейтіні өкінішті. Локомотив бригадасы шұғыл тежеу пайдаланғанның өзінде соқтығысудың алдын алу қиын. Тежеу қашықтығы 800 метрден асады», – деді Жіңішке станциясының басшысы Талғат Сағынов.

Басшының айтуынша, теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін көбінесе ішімдік ішкендер мен балалар бұзады. Сондықтан күзгі демалыс алдында ата-аналар мен оқушылардың арасында түсіндіру жұмыстарын тағы өткізді.

«Құрметті ата-аналар, теміржолда қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз, балаларға теміржол көлігі нысандарына баруға жол бермеңіз! Көп жағдайда баланың жарақаттануына ересектер кінәлі. Теміржолдың жанында тұратын ата-аналар балаларын қараусыз қалдырады. Ересектердің өзі бастап жол ережелерін бұзады. Сіздердің әр әрекетіңіз – балаңызға берген тәрбие. Бала сіздің жасағаныңызды қайталайды. Әр адам теміржол ережелерін қатаң сақтап қана қоймай, сигналдарды тыңдап, ескертулерге құлақ асып, басқаларға, әсіресе балаларға үйретіп отыруы керек. Теміржол қауіпті аймақ болды және солай болып қала береді. Азаматтардың денсаулығын сақтаудың бірден-бір кепілі – жеке қауіпсіздік ережелерін сақтау», – дейді станция басшысы ата-аналарға қарата.

Мамандар апаттық жағдайлардың алдын алу үшін дауыс зорайтқыш байланысымен әрбір пойыз маршруттарының жақындауы мен кететіні туралы, қанша уақыт тұрады, қай жол бос, қай жол бос емес, қай жолдан қай құрам жылжиды және маневрлік қозғалыстар қайда жүріп жатыр, тынымсыз хабарлап отырады.

Бекітілген кестеге сәйкес ай сайын желілік полиция және әскерилендірілген күзет қызметімен бірлесіп рейдтер де өткізіледі. Мектептегі өткен кездесуде пойыз келгенде екі жолдың арасында қалған жағдайда қандай әрекет жасау керек деген сұраққа орай: «Егер қозғалып келе жатқан екі пойыздың арасында болсаңыз, ауа ағынынан тепе-теңдікті жоғалтпау үшін пойыз толығымен өтіп кеткенше жерге жата қалу керек. Вагондардың астынан өтуге әрекеттенбеңіз, себебі пойыз кез келген уақытта қозғалып кетуі мүмкін»,– деп тәптіштей түсіндірді.

Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді
Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн
Жаңалықтар
21.08.2026
Донорлар қатары артуда
Жаңалықтар / Мұрағат
21.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №66 21 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ станцияларды басқарудың жаңа цифрлық платформасын енгізуде
Трансформация
20.08.2026
Қазақстанда локомотив пен вагон өндірісі еселеп өсті
Инфрақұрылым
20.08.2026
Ақшолақ – Үшбұлақ аралығында ауыр жол техникасын қолдана отырып, темір жолы сауықтырылуда
Жаңалықтар
20.08.2026
Қазақстан Орталық Азияның теміржол желісін жаңғыртуға негізгі үлесті қосуда
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты
Жаңалықтар
20.08.2026
Жыл басынан бері пойыздардың 44 әйнегі сынған
Әлемде
20.08.2026
Қырғызстан неліктен «Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржол жобасының ұзын әрі қымбат бағытын таңдады?