Әулет. Еңбек Ерінің ұрпағы

Әлеумет
01.07.2020, 12:20
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Социалистік Еңбек Ері, Құрметті теміржолшы Латип Озғанбайұлы Шахатовтың есімі өлке теміржолшыларына кеңінен таныс. 15 жасынан еңбекке араласып, темір жолда жол жөндеуші болып бастап, одан кейін Мақат станциясында жол бригадирі, жол шебері, аға шебер қызметтерін абыроймен атқарған теміржолшы небәрі 51 жыл жасап, осы ғұмырында ең биік абыройатақтың бәріне қол жеткізіп үлгерді.

Ерен еңбегімен ерекшеленген теміржолшы 1966 жылы Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталып, 1971 жылы СССР Құрметті теміржолшысы атанады. Ал 1976 жылы СССР Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен Социалистік Еңбек Ері атағы беріліп, Ленин ордені омырауына қоса тағылады. 1991 жыл ел тәуелсіздік алған соң, өмірден өтіп кетсе де даңқты теміржолшыға Қазақстанның Құрметті теміржолшысы атағы да беріледі.

Бүгінде Мақаттағы №26 мектепке, Восточное ауылына, Мақаттағы көшеге, жол дистанциясындағы өндірістік телімге Еңбек Ерінің есімі берілген. «ҚТЖ» ҰК» АҚ Бас директорының орынбасары А.Исмухамбетовтың 2018 жылдың 17 тамызындағы №447 хаттамасымен Мақат локомотив пайдалану депосының № 9269 тепловозына Социалистік Еңбек Ері Латип Шахатовтың есімін беру жөнінде қаулы қабылданған. Латип аға жары Саржан апамен екеуі 4 ұл, 3 қыз тәрбиелеп өсірген.

Бала күнінен еңбекке баулып өскен ұл-қыздарының бәрі де атаанасының жолын қуып, теміржолшы мамандығын таңдады. Бүгінде бәрі – осы саланың білікті мамандары. Үлкен қызы Бәтима – Мақат жол дистанциясында, одан кейінгі Айман – Ақтөбе станциясында инженер. Ұлдан үлкені Ізім – Атырау жол дистанциясына қарасты Мақат бөлімінде жол шебері. Темір мен Бекболат – машинист көмекшісі болса, Болат – жол шебері. Еңбек Ерінің ұрпағы болу қандай? Даңқты теміржолшының ұлы Ізімді әңгімеге тартқан едік.

«Әкеміз небәрі 51 жасында дүниеден озды. Біз ол кезде тым жаспыз, шиеттей бала-шағаны өсіріп жеткізу анамызға қандай күш болғанын бала да болсақ біз жақсы сезіндік. 7 бала бір-бірімізді бағып өстік, үлкендеріміз кішіге қамқор болдық. Анамыз Саржан жол монтері болып жұмыс істейді, күндіз-түні жұмыста. Жеті баланы жетілдіру оңай ма? Атақты Еңбек Ерінің бала-шағасы, жесірі екен деп ешкім жеңілдік жасаған жоқ. Сонда да анамыз бізді қанаттыға қақтырмады, тұмсықтыға шоқыттырмады, жұрт қатарлы күн кештік. «Еңбек бәрін жеңбек» дегендей, еңбек етудің арқасында адам болдық. Әкеміз дүние салғанда, ең кішіміз Бекболат 1 жаста еді. Бүгінде ол да қырықтың қырқасына шыққан азамат. Бәріміз өсіп-жетілдік, анамызға көмекші, қолғанат болдық, еңбекке араластық. Бір өкінішіміз, сөйткен анамыз да біздің қызығымызды көріп ұзақ жүрмеді, 2009 жылы 69 жасында дүние салды», – дейді Батырдың ұлы.

Ізімнің үйінде төрде Латип ағаның портреті, ана мен әке бірге түскен суреті ілулі тұр. Бүгінгі күні Латип аға мен Саржан ападан 20-дан астам немере-жиен, шөберелер өрбіп, жапырағы жайылған үлкен әулет. Еңбек Ерінің ұрпағы болу қандай деген сауалымызға Ізім ойланып жауап берді.

«Әрине, әкеміздің есімі ұмытылмай, ел аузында жүргені – бізге, балаларына мақтаныш. Өзі көрмеген немерелеріне айтып отырамыз. Бірақ, «ата даңқымен қыз өтеді, мата даңқымен бөз өтеді» деген мақал бұл жерге жүрмейді. Біз бәріміз өз маңдай тер, табан ақымызбен еңбектеніп теміржолшы болдық, себебі «ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» демекші, әке-шешемізден көргеніміз сол кәсіп емес пе?!» деді теміржолшы Ізім Латипұлы. 

Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын