Теміржолшылардың спортпен айналысуына жағдай жасайтын меморандум жасалды

Спорт
16.08.2022, 11:54
Суретті түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

  Өткен аптада «Қазақстандық салалық темір жол, автомобиль, әуе және су көлігі қызметкерлерінің кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі мен Мақат кенті әкімшілігі арасында теміржолшылар мен отбасы мүшелерінің денешынықтыру-сауықтыру жұмыстарын жақсарту бойынша екі жақты меморандум жасақталып, оған Мақат кентінің әкімі Е.Ермағамбетов пен «Қазкөліккәсіп» ҚБ төрағасы О.Ахметбаев қол қойды.

 Атырау облысының Мақат ауданында теміржолшылар көп қоныстанған. Тоғыз жолдың торабында орналасқан Мақат тораптық станциясында барлық құрылымдық кәсіпорындар бар. Сондықтан теміржол жергілікті халықтың негізгі күнкөріс көзіне айналған.  

Шараға Атырау жүк тасымалы мен магистральдық желі бөлімшесінің, Мақат ауданы әкімдігінің басшылары, кәсіподақ өкілдері, кент тұрғындары мен теміржолшылар қатысты. Екі жақты меморандумның мақсаты – теміржолшылар мен олардың отбасы мүшелері және Мақат кенті тұрғындары арасында спорт инфрақұрылымын дамытып, тұрғындардың бұқаралық спортқа қолжетімділігін жақсарту.

– Меморандум аясында Мақат кентінің Локомотив шағын ауданынан жер телімі бөлініп, ашық шағын футбол алаңын салу ұйғарылып отыр. Тапсырыс беруші – «Қазақстандық салалық темір жол, автомобиль, әуе және су көлігі қызметкерлерінің кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі. Орындаушы – «Атырау теміржол жылу» ЖШС. Мақат тұрғындары үшін өте маңызды мәдени нысанға айналғалы тұрған футбол алаңының ертерек ашылғанына бәріміз мүдделіміз. Халық қолдап-қуаттап жатыр. Сондықтан іске сәт! – деді аудан әкімінің міндетін атқарушы Бекәділ Жайкин.  

Шара барысында тапсырысты орындаушы мекеме өкілдері құрылыс нысанының қандай материалдан, қалай, қашан жасалатынын слайдтар арқылы көрсетіп, түсіндірді. Айта кетерлігі, «Атырау теміржол жылу» серіктестігінің шағын футбол алаңын салуда бұрыннан тәжірибесі бар, облыс көлемінде осындай 4 алаң құрылысын жүргізген. Құрылыс аяқталған соң нысан Мақат кенті әкімдігінің теңгеріміне өтеді, әрі қарай оны күтіп-ұстау, пайдалану да әкімдік құзырына беріледі.

– Бұл шынымен де құптарлық іс болды, жергілікті кәсіподақ ұйымдарының, халықтың ұсынысын қабыл алып, осындай шешімге келдік. Тоғыз жолдың торабы саналатын, бүкіл Одаққа танымал Мақатта шағын футбол алаңының бой көтеруі теміржолшылардың абыройын көтереді және өңірде бұқаралық спорттың дамуына септігін тигізеді деп сенеміз, – деді Салалық кәсіподақ төрағасы Оразғали Ахметбаев.  

 

Жаңалықтар
20.08.2026
Қазақстан Орталық Азияның теміржол желісін жаңғыртуға негізгі үлесті қосуда
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты
Жаңалықтар
20.08.2026
Жыл басынан бері пойыздардың 44 әйнегі сынған
Әлемде
20.08.2026
Қырғызстан неліктен «Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржол жобасының ұзын әрі қымбат бағытын таңдады?
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда теңіз жүк тасымалының көлемі 7,2%-ға өсті
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда жылу беру маусымына дайындық аясында 19 млн тонна көмір тасымалданды
Әлемде
19.08.2026
Еуропада жүк вагондарының дөңгелектерін тексеру талаптары күшейтіледі
Жаңалықтар
18.08.2026
Еліміздің алты өңірінде 2 мыңнан астам жүргізуші ҚТЖ-ның «Қауіпсіз өткел» акциясына қатысты
Жолаушылар тасымалы
18.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ пойыздарымен 7,5 млн жолаушы тасымалданды
Әлеумет
18.08.2026
ҚТЖ: отандық өндірушілерді қолдайды
Аймақтар
18.08.2026
Жүктемесі жоғары өткелдерде рейд өтті
Аймақтар
18.08.2026
Басты өлшем – қозғалыс қауіпсіздігі
Аймақтар
18.08.2026
Бурыл станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Қауіпсіздік
18.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар өткелдердегі қауіпсіздікті күшейтуде
Аймақтар
18.08.2026
Мал басу азайды
Аймақтар
18.08.2026
Еңбек заңнамасы талқыланды
ҚТЖ келбеті
18.08.2026
Коллекционер теміржолшы
Аймақтар
18.08.2026
Торқалы тоқсанға келген теміржолшы
Жаңалықтар
18.08.2026
Теміржол вокзалдарын жаңғырту Жетісу облысында жалғасуда