Атырауда теміржолшы Аманқос Есекеновті еске алу турнирі өтті

Спорт
20.09.2022, 11:09
Суретті түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Жуырда Атырау теміржолшылары өткен жылы дүниеден өткен әріптестері, саланың қозғалыс қызметінде жарты ғасырға жуық еңбек еткен Аманқос Есекеновті еске алып, шағын футболдан турнир өткізді.

 Аманқос Есекенов еңбек жолын 1972 жылы Гурьев-2 станциясында пойыз құрастырушының көмекшісі болып бастаған екен. Атырау станциясының ол кезде қыз-қыз қайнап, күні-түні вагондардың жөңкіліп жатқан кезі. Маневрлік жұмыстардың қиындығын сол салада жұмыс істегендер жақсы біледі. Осы жұмысты әбден меңгерген соң Аманқос Қадырұлы маневр диспетчері болып ауысады.  Техникумда алған білімі оған істің тетігін таба білуге және мамандығына жауапкершілікпен қарауға көмектесті. Содан кейінгі жылдары қызметте сатылай өсіп, станция бастығының орынбасары, станция бастығы болды. Еңбектен қол үзбей Алматы темір жол  көлігі инженерлері институтында сырттай оқып, жоғары білім алды. 1992 жылы Атырау темір жол бөлімшесі бастығының 1-ші орынбасары болып тағайындалды. Атырау мұнай өңдеу зауытында «АНПЗ-транс» мекемесінің бас директоры болып та қызмет жасады. Зейнеткерлікке шыққан соң «Болат жол» компаниясының кәсіподақ ұйымын басқарады.  

«Ол мектеп кезінен спортқа жақын боп өсті, бөлімшедегі спорттық жарыстар онсыз өтпейтін. Әсіресе, футболды ерекше сүйді. Облыстық және салалық командаларда ойнады. Әріптестері оны тек теміржолшы ғана емес, мықты футболшы-спортшы ретінде де жақсы біледі» дейді спорт секторының жетекшісі Ринат Иманғазиев.  

Шараға Аманқос ағаның ұрпақтары қатысты. Әріптестері мен шәкірттері марқұмды еске алып, жақсы сөздері мен жылы естеліктерімен бөлісті.  

 

Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты
Жаңалықтар
20.08.2026
Жыл басынан бері пойыздардың 44 әйнегі сынған
Әлемде
20.08.2026
Қырғызстан неліктен «Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржол жобасының ұзын әрі қымбат бағытын таңдады?
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда теңіз жүк тасымалының көлемі 7,2%-ға өсті
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда жылу беру маусымына дайындық аясында 19 млн тонна көмір тасымалданды
Әлемде
19.08.2026
Еуропада жүк вагондарының дөңгелектерін тексеру талаптары күшейтіледі
Жаңалықтар
18.08.2026
Еліміздің алты өңірінде 2 мыңнан астам жүргізуші ҚТЖ-ның «Қауіпсіз өткел» акциясына қатысты
Жолаушылар тасымалы
18.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ пойыздарымен 7,5 млн жолаушы тасымалданды
Әлеумет
18.08.2026
ҚТЖ: отандық өндірушілерді қолдайды
Аймақтар
18.08.2026
Жүктемесі жоғары өткелдерде рейд өтті
Аймақтар
18.08.2026
Басты өлшем – қозғалыс қауіпсіздігі
Аймақтар
18.08.2026
Бурыл станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Қауіпсіздік
18.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар өткелдердегі қауіпсіздікті күшейтуде
Аймақтар
18.08.2026
Мал басу азайды
Аймақтар
18.08.2026
Еңбек заңнамасы талқыланды
ҚТЖ келбеті
18.08.2026
Коллекционер теміржолшы
Аймақтар
18.08.2026
Торқалы тоқсанға келген теміржолшы
Жаңалықтар
18.08.2026
Теміржол вокзалдарын жаңғырту Жетісу облысында жалғасуда
Жаңалықтар / Мұрағат
18.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №65 18 тамыз 2026 жыл