Атыраулық теміржолшылар марафонға қатысты

Спорт
07.10.2022, 11:25
Суретті түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Атырау теміржолшылары спорттың қай түрінен болса да белсенді. Жуырда қала күніне орай өткен «Марафон Атырау-2022» жарысына, әрине, өңірдегі теміржолшылар да бір кісідей қатысты.

Қазақстанның түкпір-түкпірінен келіп, мыңға жуық адам қатысқан марафоншылардың қатарында Атырау вагон депосының операторы Г.Толыбаева, Атырау жүк тасымалы бөлімшесі экономика бөлімінің инженері Е.Максимов, Атырау локомотив пайдалану депосының машинист көмекшісі Р.Қайырлиев, Доссор станциясының бастығы Қ.Бекпенбетов, Мақат станциясының пойыз құрастырушысы Н.Сапаров, Мақат локомотив депосының машинисі Е.Жұпаров, Құлсары байланыс дистанциясының электромеханигі Н.Жұмекенов, тағы басқалар болды. Солардың ішінде Гауһар Толыбаева жуырда елордада өткен теміржолшылар арасындағы марафоннан жүлделі оралғанын жазғанбыз. Бұл жолы да марафоншы-теміржолшылар сапқа тұрып, 5, 10, 21 және 42 шақырымдық жарыстарда алдыңғы лектен көрінді. Жалпы, жұмысы қиын, жауапкершілігі жоғары темір жол саласында спортқа деген қызығушылық ертеден қалыптасып, талай чемпиондар теміржолшылар арасынан шыққанын ешкім жоққа шығара алмайды. Атыраулықтар жеңісі – оның айқын дәлелі.  

 

Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты
Жаңалықтар
20.08.2026
Жыл басынан бері пойыздардың 44 әйнегі сынған
Әлемде
20.08.2026
Қырғызстан неліктен «Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржол жобасының ұзын әрі қымбат бағытын таңдады?
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда теңіз жүк тасымалының көлемі 7,2%-ға өсті
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда жылу беру маусымына дайындық аясында 19 млн тонна көмір тасымалданды
Әлемде
19.08.2026
Еуропада жүк вагондарының дөңгелектерін тексеру талаптары күшейтіледі
Жаңалықтар
18.08.2026
Еліміздің алты өңірінде 2 мыңнан астам жүргізуші ҚТЖ-ның «Қауіпсіз өткел» акциясына қатысты
Жолаушылар тасымалы
18.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ пойыздарымен 7,5 млн жолаушы тасымалданды
Әлеумет
18.08.2026
ҚТЖ: отандық өндірушілерді қолдайды
Аймақтар
18.08.2026
Жүктемесі жоғары өткелдерде рейд өтті
Аймақтар
18.08.2026
Басты өлшем – қозғалыс қауіпсіздігі
Аймақтар
18.08.2026
Бурыл станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Қауіпсіздік
18.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар өткелдердегі қауіпсіздікті күшейтуде
Аймақтар
18.08.2026
Мал басу азайды
Аймақтар
18.08.2026
Еңбек заңнамасы талқыланды
ҚТЖ келбеті
18.08.2026
Коллекционер теміржолшы
Аймақтар
18.08.2026
Торқалы тоқсанға келген теміржолшы
Жаңалықтар
18.08.2026
Теміржол вокзалдарын жаңғырту Жетісу облысында жалғасуда
Жаңалықтар / Мұрағат
18.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №65 18 тамыз 2026 жыл