Ақтөбелік теміржолшылар ұлттық ойындарды жаңғыртты

Спорт
17.03.2023, 10:14
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Көрісу күні құрметіне Ақтөбе станциясының теміржолшылары ұлттық спортты жаңғыртып, асық ату мен тоғызқұмалақтан жарыс өткізді.  

Спорттық шараға Ақтөбе станциясынан бөлек Қандыағаш және Шалқар станциясының түрлі мекемелерінен жалпы саны 55 қызметкер қатысты. Олардың бәрі де салауатты өмір салтын ұстанып, спортты серік етіп жүрген теміржолшылар. Дей тұрғанмен, ұлттық ойындардан алғаш рет бақ сынап жатқандар да кездесті. Футбол мен волейболдың шебер ойыншылары асық атудың әліппесін үйреніп, шахматшылар тоғызқұмалақтан бақ сынап, жалпы сайыс қызық әрі танымдық тұрғыда өтті.  

«Басты мақсат – теміржолшылар арасында салауатты өмір салтын насихаттап, байланысты нығайту әрі ұлттық құндылықтарды дәріптеу. Жүлделі орын алғандар кәсіподақ демеушілігімен түрлі марапаттарға ие болды», – дейді бөлімшенің спорт нұсқаушысы Нұргүл Батырхан.  

Командалық жарыста бірінші орын Шалқар командасына, екінші орын Қандыағаш теміржолшыларына, ал үшінші орын Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесінің қызметкерлеріне бұйырды.

 

Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты