Волейболдан ҚТЖ чемпионатына іріктеу жүріп жатыр

Спорт
21.04.2023, 11:13
Суретті түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Темір жол саласында өндіріспен қатар спортты дамыту тұрақты жүргізіледі. Сондықтан теміржолшлар арасында кәсіби деңгейдегі споршылар аз емес. Бүгінгі таңда барлық аймақ алдағы мамыр айында өтетін волейболдан «ҚТЖ» ҰК» АҚ чемпионатына қызу дайындалуда.

Кәсіподақ ұйымының ұйымдастырумен және демеушілік көрсетуімен чемпионат қарсаңында Атырауда өткен іріктеу турниріне 9 команда қатысты. Олар: Атырау және Мақат локомотив пайдалану деполары, Ганюшкино станциясы, Атырау және Құлсары байланыс дистанциялары, Атырау вагон пайдалану депосы, Құлсары жол дистанциясы, Атырау электрмен жабдықтау дистанциясы және әскерилендірілген темір жол күзеті мекемесінің командалары. Әрине, командалар саны көп болған сайын, ойын да тартысты өтеді. Дегенмен, осы тоғыздың тек біреуі ғана жеңімпаз болып, чемпонатқа жолдама алады. Ол үшін ол өзіне қарсылас сегіз команданы жеңіп шығу керек. Сондықтан да командалар ә дегеннен барын салып ойнады. Допты қақпақылдап қолдан қолға өткізіп, қарсылас команда алаңына ұрып, қай-қайсысы да қапы кетпеуге тырысты.  

Соңына қарай Атырау локомотив пайдалану депосының командасы қарсыластарын түгелдей ойсырата ұтып, жеңіске жетті. Ал, Ганюшкино станциясы 2-ші орынды иеленсе, Атырау белгі беру және байланыс дистанциясы 3-ші орынды місе тұтты. Жеңімпаз командалар кубокпен, диплом және ақшалай сыйлықпен марапатталды. Ал бағы жанған Атырау локомотив депосының командасы чемпионатта Атырау өңірінің намысын қорғайтын болады.  

 

Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды