Атырауда теміржолшылардың жазғы спорт алаңы ашылды (Фото)

Спорт
19.06.2024, 14:19
Суреттерді түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының бірі – бұқаралық спортты дамыту. Теміржол саласында бұл бағытта жақсы үрдіс қалыптасқан. Қай өңірде де теміржолшылар арасында түрлі спорттық шаралар, жарыстар, марафон, велошеру, футзал, т.б. жиі өтіп тұрады.  

Өткен жұма күні Атырау қаласында жаңа жазғы спорт алаңы ашылып, өлке теміржолшыларына тамаша сый жасалды. Былтыр осындай футбол алаңы Мақатта ашылған болатын. Енді міне атыраулықтарға да кезек жетті.  

Өңір темір жолына қарасты барлық құрылымдық бөлімшелер қала басында шоғырланған. Бірақ бұған дейін олардың спорт шараларын өткізетін арнайы ойын алаңы болмады. Қысы-жазы қалалық спорт кешендерін жалға алып жүретін. Енді ол олқылық жойылып, өлке теміржолшыларының өз алаңы пайда болды. Ол Атырау локомотив пайдалану депосының ат шаптырым кең ауласында салынды.   Әрине, бұл жерде кәсіподақ ұйымдарының белсенділігі үлкен қозғау болғанын айта кету керек. Спорт алаңының ашылуы салтанатына «Қазкөліккәсіп» ҚБ төрағасының орынбасары Ғ.Несіпбаев, «ҚТЖ-Жүк тасымалы» филиалы кәсіподақ төрағасы Е.Төлегенов, Атырау жүк тасымалы бөлімшесінің бастығы А.Базарғалиев, Ақтөбе, Маңғыстау, Қызылорда теміржол бөлімшелерінің кәсіподақ төрағалары, өңір кәсіподақ ұйымдарының өкілдері мен теміржолшылар қатысты.  

– Бүгін аймақ теміржолшылары үшін қуанышты күн. Көптен айтылып, көкейде қатталып, көңілде жатталып қалған түйінді мәселе өз шешімін тапты – теміржол мекемесінің өз аумағында жазғы спорт алаңы пайдалануға берілді. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, аймақтағы теміржол мекемелері кәсіподақтарының «бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып» бірлескен әрекеті арқасында нәтижеге қол жеткізілді. Жаңа спорт алаңы құтты болсын, игіліктеріңізге пайдаланыңыздар! – деп ақ тілегін арнады Ғафу Несіпбаев. Астаналық қонақ Ермек Төлегенов те жүрекжарды лебізін білдіріп, бес салқындатқыш, бес қысқатолқынды пеш, бес тоқшәйнек сыйға тартты.  

Салтанатты түрде лента қиылып, спорт алаңы ресми түрде ашылып, қонақтар нысанды аралап, тамашалады. Айта кетерлігі, спорт алаңын салу біраз жылдардан бері әртүрлі деңгейде айтылып келе жатқан мәселе. «Қазкөліккәсіп» ҚБ Атырау өкілдігінің өкілі Боранбай Камиевтің тыңғылықты жұмысы арқасында былтыр Орталық кәсіподақ кеңесінің қолдауымен өңір кәсіподақ ұйымдары бірігіп, алаң құрылысын салуға қаражат бөлді. «Салих А.Д.» мердігер мекемесі қараша айында құрылысты бастап, биыл сәуірде бітірді. Бірақ су тасқынына байланысты ашылуы кейінге шегерілген болатын.  

Ұйымдастырушылар спорт алаңының ашылуына орай концерттік бағдарлама ұйымдастырып, көптің көңілін көтерді. Теміржол тарихынан қызықты викториналық сұрақтар қойылып, дұрыс шешкендерге сыйлықтар берілді. Сондай-ақ осы істің басы-қасында жүріп, белсенді жұмыс жасағандар қатарында НЖС кәсіподақ төрағасы М.Бисенғалиев, ПЧ-9 кәсіподақ төрайымы Эльмира Багитова, Атырау жүк тасымалы бөлімшесінің кәсіподақ ұйымы төрағасы Б.Камиевке «Қазкөліккәсіп» ҚБ төрағасы О.Ахметбаевтың атынан «Алғыс хат» табысталды. Осы атаулы мерекеге орай және Қазақстан теміржолының 120 жылдығы аясында аталған алаңда екі күн бойына Теміржол футбол лигасының іріктеу турнирі өтіп, оған аймақтағы теміржол мекемелерінен 12 команда қатысты. Барлық қонақтар футболдың ақырғы ойындарын тамашалады. Ақтық финалға шыққан төрт команда ішінен Атырау локомотив депосының командасы жеңіске жетті.  

Қонақтар сол күні Атырау вагон пайдалану депосында да болып, шағын фитнес-орталықтың ашылуына куә болды. Кәсіподақ атынан үстел теннисі, велотренажер, жүгіру тренажері, басқа да спорттық снарядтар тарту етілді. Депо аумағындағы бос жатқан жерге волейбол алаңын салу үшін орын белгіленіп, оған астаналық қонақтар символикалық түрде қада қақты. Келер жылы бұл жерде волейбол алаңы пайдалануға беріледі деген үміт бар.    

Жаңалықтар
25.06.2026
ҚТЖ-да темір жолдағы қауіпсіздікті арттыру шаралары талқыланды
Жаңалықтар
25.06.2026
Бурабай курорты теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Әлемде
25.06.2026
Трансауған магистралінің құрылысы 2027 жылы басталуы мүмкін
Қауіпсіздік
25.06.2026
Кірме жолдардағы қозғалыс қауіпсіздігінде кілтипан көп
Жаңалықтар
25.06.2026
Астана – Семей - Достық пойызында спутниктік интернет іске қосылды
Жаңалықтар
25.06.2026
Қазақстан мен Түрікменстан транзиттік-логистикалық әлеуетті арттыруға уағдаласты
Жолаушылар тасымалы
24.06.2026
ҚТЖ жазғы маусымда танымал туристік бағыттарға 20% жеңілдік ұсынады
Әлемде
24.06.2026
Stadler мен ARST әлемдегі алғашқы тар табанды коммерциялық сутегі пойызын таныстырды
Жаңалықтар
24.06.2026
Көлік полицейлері «Нұрлы жол» вокзалында мерекелік концерт ұйымдастырды
Әлеумет
24.06.2026
Семейлік теміржолшылардың балалары Бурабайға жол тартты
Жүк тасымалы
24.06.2026
Қазақстан мен Қытай арасындағы жүк тасымалы рекордтық көрсеткішке жетті
Жаңалықтар
24.06.2026
Мемлекет басшысының Бельгияға сапары аясында көлік саласында жаңа келісімдер жасалды
Жаңалықтар
24.06.2026
Ақтау порты 7 метрге дейін тереңдетіледі
Әлеумет
23.06.2026
Ұжымдық шарт игілігі: Теміржолшылар демалыс кезінде шипажайларға жеңілдікпен жолдама алады
Аймақтар
23.06.2026
Сыр өңірінде жүк тасымалы жаңа деңгейге көтерілді
ҚТЖ келбеті
23.06.2026
Семейлік инженер халықаралық тәжірибе жинақтады
Станция тынысы
23.06.2026
Махаббат станциясы
Спорт
23.06.2026
Қызылордалық теміржолшылар ракетка шеберлерін анықтады
Спорт
23.06.2026
Жамбылдық теміржолшылар бильярдтан Кәсіподақ кубогін сарапқа салды
Жаңалықтар / Мұрағат
23.06.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №48 23 маусым 2026 жыл