Дәурен – Қазақстан чемпионы!

Спорт
11.12.2024, 15:20
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

Жалпы теміржол саласында еңбек етудің өзі үлкен қажыр-қайрат пен төзімділікті талап етеді. Ал жауапкершілігі мол жұмысты атқарып, онымен қоса спортпен тұрақты түрде шұғылдануға екі есе күш жұмсау қажеттігі айтпаса да түсінікті. Біздің кейіпкеріміз сондай қиындықты еңсеріп жүрген жан.  

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС Жамбыл ЖТ бөлімшесі филиалының өндірістік бөлім инженері Дәурен Мәдижан жуырда Алматыда өткен пауэрлифтинг пен парапауэрлифтингтен ел біріншілігінде өз салмақ дәрежесі бойынша Қазақстан чемпионы атанды. Жарыстан үлкен олжамен оралған чемпионды филиал директоры Айдын Сеитбенбетов қабылдап, жеңісімен құттықтады. Кәсіподақ ұйымы жол сөмкесі мен спорттық форма табыс етті.

Дәурен спортқа кездейсоқ келмеген. Ол мектепте оқып жүргенінде дзюдомен айналысқан екен.    

– Дзюдо шапшаңдықпен қатар ептілікті де талап ететін спорт түрі ғой. Спортзалда үздіксіз жаттығып, төккен терім талай табысқа жеткізді. Университет бітіргенше дзюдоны тастаған жоқпын. Қазақ күресінен де көптеген жарыстарға қатыстым, спартакиада, универсиадаларда  жеңіс тұғырына көтерілдім. Халықаралық ареналарда да олжа салдым. Спорт шебері атағын алдым. Ал ауыр атлетиканың бір түрі саналатын пауэрлифтингпен 2019 жылдан бастап айналыса бастадым, – дейді Дәурен Мәдижан.

Біздің кейіпкеріміз былтыр пауэрлифтингтен Қазақстан чемпионатында өз салмақ дәрежесінде екінші орын иеленген болатын. Ал биыл төрт жылдық тынымсыз жаттығулар жемісін беріп, жеңіс тұғырына көтерілді.

Дәурен Мәдижан теміржол саласында 2012 жылдан бастап жұмыс істейді. 2014 жылдан 2017 жылға дейін Астана станциясында пойыз құрастырушы болса, 2017 жылы туған жерге жақындап, Жамбыл бөлімшесінің Шайқорық станциясына ауысқан. Ал 2018 жылдан бастап бөлімшенің өндіріс бөлімінде жетекші инженер. Биыл теміржолшылардың кәсіби мерекесінде филиал директорының Құрмет грамотасымен марапатталды.    

Өндіріс бөлімі – бөлімшедегі міндеті ауқымды, жауапкершілігі жоғары бөлімдердің бірі. Барлық құрылымдарда өндірістің үздіксіз жүруін қамтамасыз ететін бөлімде талап та, тәртіп те қатаң. Осы бөлімде үдеден шығып, табандылықпен еңбек етіп жүрген жетекші инженер жұмыстан тыс уақытын спорт кешенінде өткізеді.  

 

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда