Сексеуіл станциясы төрт бағытқа қызмет көрсетіп жатыр

Станция тынысы
23.09.2024, 15:19
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылорда ЖТ бөлімшесінің солтүстік шекарасындағы Сексеуіл тораптық станциясы төрт бағытқа қызмет көрсетеді. Станцияға аялдайтын жылжымалы құрамдардың қозғалысы батыстан солтүстікке, оңтүстікке, шығысқа және кері бағыттарда тәулік бойы жалғасып жатыр.  

Тораптық станция жұмысы толассыз, паркте бір құрамнан бірнеше вагон ағытылса, екінші біріне сонша вагон тіркеліп, енді бірінде бірнеше вагондық жаңа құрам құрастырылып жөнелтіліп жатады.   Станциядағы қым-қуыт тіршіліктің шашауын шығармай үйлестіріп отырған Абдулхамид Тұрмантаевты қозғалыс дирижері десек болғандай.    

– Станцияға келген жүк вагондарын сұрыптау жұмыстары Сексеуіл – Қызылорда, Сексеуіл – Жезқазған, Сексеуіл – Арыс және Сексеуіл-Шалқар – Қандыағаш бағытында жүргізіледі. Сексеуілдік теміржолшылар шамамен бір тәулікте 9 транзитті пойыз вагондарының құжаттарын рәсімдеп, құжаттары рәсімделмейтін 46 транзитті пойызды, 13 пойызды жаңадан құрап, 1150 жүк вагонының құжаттарын қайта рәсімдеп жөнелтеді. Бір тәулікте алпыс шақты пойыз вагондарын қабылдайтын, төрт ауысыммен жұмыс жасайтын тораптық станцияның жүгі жеңіл емес. Теміржолшылар үшін кәсіби жауапкершілік пен қозғалыс қауіпсіздігін сақтау – басты міндет. Әріптестерім өз міндеттерін абыроймен атқарып отыр. Соның арқасында     станциядағы өндірістік жұмыс көрсеткіштерінің жоспары асыра орындалуда, – дейді станция бастығы Абдулхамид Тұрмантаев.

Пойыздарды жөнелтумен қатар оларды дер уақытында кестеден кешіктірмей қабылдауда да тәжірибелі сексеуілдіктер бір тәулік ішінде Қоскөл-Жезқазған бағытынан көмір тиелген 7-8 пойыз, Шалқар-Қандыағаш бағытынан жанар-жағармай, күкірт қышқылы, газ тиелген 20 шақты пойыз, оның жетеуі контейнерлік пойыз, ал Қызылорда станциясы бағытынан 7-8 контейнерлік пойызды, түрлі жүк тиелген 20 шақты жылжымалы құрамдарды қабылдап алған. Жалпы алғанда бекет теміржолшылары бір тәулікте 60 шақты жүк пойыздарын қабылдап, осыншама пойызды жөнелтеді екен.  

Станцияда алды 30-40 жыл, соңы 10-15 жылдан бері еңбек етіп келе жатқан майталмандар қатары аз емес. Маневр диспетчері Қазыбек Ілиясов, станция кезекшісі Серік Мырзағұлов, пойыз құрастырушы Нұрдәулет Үдербаев, аға жүк қабылдап-тапсырушы Сарбиназ Иманалиева, аға тауар кассирі Күланда Кабулова, аға құжат өңдеп сұрыптаушы Нұргул Сербаевалардың қай-қайсысы болса да сенімге ие болған сыралғы жандар.      

Станция жолаушы тасымалы үшін де жайлы, Сексеуілге 16 жұп жолаушылар пойызы, оның ішінде «Тұлпар-Тальго» жүрдек пойызы, халықаралық бағыттағы бірнеше жолаушылар пойыздары аялдайды. Жолаушылардың пойызға емін-еркін мініп-түсуі үшін станциядағы бірінші жолмен қоса 3 және 4-жолдар арасында перрон жарақталған. Және де жүргіншілердің теміржолдан асып түсуіне арналған аспалы көпір бар. Перроннан түскен жолаушылардың осы аспалы көпір арқылы вокзалға шығуына немесе кенттің қалаған нүктесіне баруына қолайлы жағдай жасалған.  

Жаңалықтар
17.08.2026
Балалар лагерінде темір жолдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық іс-шара өтті
Спорт
17.08.2026
Теміржолшы пара-пауэрлифтингтен Қазақстан чемпионатында күміс алды
Әлемде
17.08.2026
Қауыннан жасалған «пойыз»
Жүк тасымалы / Апта саны
17.08.2026
ҚТЖ желісімен 184 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Әлемде
17.08.2026
Литваға 12 жаңа Stadler Flirt пойызы жеткізілді
Жаңалықтар
17.08.2026
Алматы облысында жаңа логистикалық орталық ашылды
Жаңалықтар
15.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы Алматы өңірінің темір жол инфрақұрылымының негізгі нысандарын аралады
Қауіпсіздік
14.08.2026
Сексеуіл мен Аралда ауқымды рейд өтті
Жаңалықтар
14.08.2026
Теміржолшылар Құрылтай сайлауының маңызын талқылады
ҚТЖ келбеті
14.08.2026
«Алтын кітапқа» арқау болған теміржолшы
Инфрақұрылым
14.08.2026
Орта дәліз кәсіподағын дамыту – ортақ міндет
Жаңалықтар
14.08.2026
Арнайы пойыз жолға шықты
Әлеумет
14.08.2026
Жаз қызығы жалғасуда
Спорт
14.08.2026
Маңғыстауда аңызға айналған теміржолшы Сағынай Қошқарбаевтың мерейтойына орай турнир өтті
Спорт
14.08.2026
Шу станциясында теміржолшылар арасында тораптық жарыс өтті
Жаңалықтар
14.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы электр орталықтандыру маневрлік бекетінде болып, Астана-1 вокзалының құрылыс барысымен танысты
Жаңалықтар / Мұрағат
14.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №64 14 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
13.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ-ның локомотив паркі 146 заманауи локомотивпен толықты
Әлемде
13.08.2026
Қытай теңіз бағыттары үшін контейнерлерді екі қабатпен таситын алғашқы пойызды іске қосты
Жаңалықтар
13.08.2026
Теміржол өткелінде көлік істен шығып, жүк пойызы шұғыл тоқтауға мәжбүр болды