Қаратау станциясында жұмыс қызып тұр

Станция тынысы
02.06.2021, 11:00
Асхат Райқұл

Жамбыл жүк тасымалы бөлімшесіне қарасты Қаратау станциясы өңірдегі тау-кен өнімдерін өндіретін компаниялармен тығыз жұмыс жасайды. Өнімдері өз елімізде де, шет елдерге де жөнелтілетін, үлкен сұранысқа ие болғандықтан пандемиялық карантин режиміне қарамастан, станция жұмыс қарқынын жоғалтқан жоқ. «Қазфосфат» ЖШС-ның Қаратау тау-кен өңдеу кешені әдеттегідей фосфор рудасын артуда. Сондай-ақ құрғақ құрылыс қоспаларын өндіретін «Қаратау ПРО Алинекс» кәсіпорнының да жүк айналымы төмендеген емес. Цельник өндіретін Қазақстандағы бірден-бір компания – «Талас Инвесттің» шаруасы да бүгінде жақсы жүріп жатыр, олар күніне бірнеше вагон жүк айналымын жасайды. «Жамбыл Недр» зауытының цементі де жүк тасымалын арттыруға өз үлесін қосып отыр екен. 1968 жылы ірге қалаған станцияда 23 теміржолшы еңбек етіп, қозғалыс қауіпсіздігін толық қамтамасыз етіп отыр. Станция директоры Нұржан Жақыпов қауіпті індетке қарамай, күнделікті шаруаның қарқынын бәсеңдетпе- гендеріне риза. Әсіресе, жоғарыдағы ірі төрт компаниямен тығыз қарым-қатынаста келісе де кеңесе отырып жұмыс жасап отырғандарының арқасында жоспарлы көрсеткіштер орындалып отырғанын жеткізді. Станцияның ешқандай қызметкері коронавирус індетіне шалдықпағанына қуанады. Десе де, «сақтықта қорлық жоқ» деген ұстаныммен станция қызметкерлері вакцина алып жатыр екен. «Өзім бірінші болып «QazVac» екпесін қабылдадым. Артымша он-шақты теміржолшы өздері қалаған вакциналарын алды. Олардың ішінде Ресейдің «Спутник В», араб-қытай бірлесе өндірген «Hayat Vac» вакциналары бар», – де- ген станция басшысының айтуынша, Қаратау станциясына вакцинаның 60 дозасы бөлінген. Теміржолшылар таңдауына қарай індетке қарсы екпенің кез келген түрін қабылдай алады.

Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді
Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн
Жаңалықтар
21.08.2026
Донорлар қатары артуда
Жаңалықтар / Мұрағат
21.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №66 21 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ станцияларды басқарудың жаңа цифрлық платформасын енгізуде
Трансформация
20.08.2026
Қазақстанда локомотив пен вагон өндірісі еселеп өсті
Инфрақұрылым
20.08.2026
Ақшолақ – Үшбұлақ аралығында ауыр жол техникасын қолдана отырып, темір жолы сауықтырылуда
Жаңалықтар
20.08.2026
Қазақстан Орталық Азияның теміржол желісін жаңғыртуға негізгі үлесті қосуда
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты
Жаңалықтар
20.08.2026
Жыл басынан бері пойыздардың 44 әйнегі сынған
Әлемде
20.08.2026
Қырғызстан неліктен «Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржол жобасының ұзын әрі қымбат бағытын таңдады?