PESA компаниясы сутегімен жүретін маневрлік тепловозды таныстырды

Әлемде
28.09.2022, 16:48

Берлинде өтіп жатқан InnoTrans 2022 көрмесіне PESA компаниясы сутегімен жүретін маневрлік тепловозын әкелді, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Бұл локомотивтің Польшадан тыс жердегі алғашқы таныстырылымы болып отыр. Бір жыл бұрын локомотивтің әлі бітпеген үлгісі TRAKO 2021 көрмесіне қойылған. Одан бері техниканы жетілдіру жұмыстары жалғасып, бүгін түпкілікті аяқталған нұсқасы нарыққа шықты. 

Локомотивтің қуаты 650 кВт, ол отын құю бекетінен шыққан соң 15 сағатқа дейін жүре алады. Қазір оны сертификаттау жұмыстары жүріп жатыр, одан кейін Европа темір жолдарына пайдалануға беріледі. 

Көрме барысында PESA отынмен қамтамасыз етуге маманданған PKN Orlen компаниясымен әріптестік жөнінде келісім жасады. Бұл локомотивтерді алғанда оларды сутегімен қамтамасыз ету мәселесін бірден шешуге мүмкіндік береді.

Қазір PESA жылына мұндай локомотивтің үшеуін шығаруға қауқарлы, бірақ сұраныс артса өндіріс барысы да ұлғая түспек. Бір локомотивті жасауға шамамен екі жыл уақыт кетеді екен.

Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты
Жаңалықтар
20.08.2026
Жыл басынан бері пойыздардың 44 әйнегі сынған
Әлемде
20.08.2026
Қырғызстан неліктен «Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржол жобасының ұзын әрі қымбат бағытын таңдады?
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда теңіз жүк тасымалының көлемі 7,2%-ға өсті
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда жылу беру маусымына дайындық аясында 19 млн тонна көмір тасымалданды
Әлемде
19.08.2026
Еуропада жүк вагондарының дөңгелектерін тексеру талаптары күшейтіледі
Жаңалықтар
18.08.2026
Еліміздің алты өңірінде 2 мыңнан астам жүргізуші ҚТЖ-ның «Қауіпсіз өткел» акциясына қатысты
Жолаушылар тасымалы
18.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ пойыздарымен 7,5 млн жолаушы тасымалданды
Әлеумет
18.08.2026
ҚТЖ: отандық өндірушілерді қолдайды
Аймақтар
18.08.2026
Жүктемесі жоғары өткелдерде рейд өтті
Аймақтар
18.08.2026
Басты өлшем – қозғалыс қауіпсіздігі
Аймақтар
18.08.2026
Бурыл станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Қауіпсіздік
18.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар өткелдердегі қауіпсіздікті күшейтуде
Аймақтар
18.08.2026
Мал басу азайды
Аймақтар
18.08.2026
Еңбек заңнамасы талқыланды
ҚТЖ келбеті
18.08.2026
Коллекционер теміржолшы
Аймақтар
18.08.2026
Торқалы тоқсанға келген теміржолшы
Жаңалықтар
18.08.2026
Теміржол вокзалдарын жаңғырту Жетісу облысында жалғасуда
Жаңалықтар / Мұрағат
18.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №65 18 тамыз 2026 жыл