Нидерландыда машинистсіз жүретін маневрлік локомотив таныстырылды

Әлемде
01.12.2022, 15:05

Alstom компаниясы серіктестері – нидерландиялық ProRail теміржол инфрақұрылымы жөніндегі операторы және белгиялық Lineas жүк тасымалдау операторымен бірге автоматтандырылған GoA4 маневрлі локомотивін таныстырды. Аталған жоба бойынша серіктестер арасында келісімшарт 2020 жылы жасалған, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Дизельді-гидравликалық өздігінен жүретін тепловоз Бреда қаласының маңындағы теміржол вокзалының жолымен жүріп өтті, сапар барысында ол әртүрлі кедергілерді танып, оларды еңсере білді. Автоматтандырылған локомотив бұған дейін бірнеше рет сынақтан өткізілген.  

Локомотивке қабілеттілігі жоғары және көпбейінді камералары бар радар орнатылған, олардан алынған деректер кез келген ауа райында және кез келген көріну жағдайында локомотив бағытындағы кедергілерді анықтау және жіктеу үшін классикалық алгоритмдер мен машиналық оқыту технологияларын қолдану арқылы біріктіріледі. Бұл құрылғылар жолдағы кедергілерді 500 метр ұзақтықтан көре алады.

Alstom компаниясы магистральдық теміржол пойыздарын автоматтандыру бағытындағы көшбасшылардың бірі.  

Айта кетсек, кеше Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Францияға ресми сапары аясында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мен «ALSTOM Transport SA» АҚ арасында келісімдерге қол қойылды.

Қабылданған құжатқа сәйкес ALSTOM компаниясы 2023-2029 жылдар кезеңінде қазақстандық зауытта ЭҚЗ электровоз шығарады және «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ үшін 245 электровоз жеткізіп береді.

 

Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда теңіз жүк тасымалының көлемі 7,2%-ға өсті
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда жылу беру маусымына дайындық аясында 19 млн тонна көмір тасымалданды
Әлемде
19.08.2026
Еуропада жүк вагондарының дөңгелектерін тексеру талаптары күшейтіледі
Жаңалықтар
18.08.2026
Еліміздің алты өңірінде 2 мыңнан астам жүргізуші ҚТЖ-ның «Қауіпсіз өткел» акциясына қатысты
Жолаушылар тасымалы
18.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ пойыздарымен 7,5 млн жолаушы тасымалданды
Әлеумет
18.08.2026
ҚТЖ: отандық өндірушілерді қолдайды
Аймақтар
18.08.2026
Жүктемесі жоғары өткелдерде рейд өтті
Аймақтар
18.08.2026
Басты өлшем – қозғалыс қауіпсіздігі
Аймақтар
18.08.2026
Бурыл станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Қауіпсіздік
18.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар өткелдердегі қауіпсіздікті күшейтуде
Аймақтар
18.08.2026
Мал басу азайды
Аймақтар
18.08.2026
Еңбек заңнамасы талқыланды
ҚТЖ келбеті
18.08.2026
Коллекционер теміржолшы
Аймақтар
18.08.2026
Торқалы тоқсанға келген теміржолшы
Жаңалықтар
18.08.2026
Теміржол вокзалдарын жаңғырту Жетісу облысында жалғасуда
Жаңалықтар / Мұрағат
18.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №65 18 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
17.08.2026
Балалар лагерінде темір жолдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық іс-шара өтті
Спорт
17.08.2026
Теміржолшы пара-пауэрлифтингтен Қазақстан чемпионатында күміс алды
Әлемде
17.08.2026
Қауыннан жасалған «пойыз»
Жүк тасымалы / Апта саны
17.08.2026
ҚТЖ желісімен 184 млн тоннадан астам жүк тасымалданды