Теміржол рекордтары

Әлемде
13.02.2023, 11:39
Оқуға 2 мин

Темір жол саласы қызықты деректерге толы. Пойыздар құраманың  көптігі, тиеген жүк көлемі, ұзақ қашықтыққа жүру бойынша рекордтар орнатып тұрады. Мұндай рекордтар тізіміне еліміздің темір жол саласы да енгенін білесіз бе?

1986 жылы Екібастұздан Оралға бет алған пойызда 439 вагон болған. Бұл пойыз еліміздің батысына қарай 42 мың тонна көмір жеткізген және ең ұзын құраманың бірі ретінде рекордқа енген.

Кейін жүк тасымалы бойынша жаңа рекорд 2001 жылы Аустралияда тіркелді. Мұнда 82,2 мың тонна темір рудасын тасымалдау үшін жалпы ұзындығы 7350 м болатын 682 вагоннан тұратын құрама жасақталды. Осылайша, бұл пойыз ең ұзын әрі көп жүк тиеген құрама ретінде тарихта қалды.

Ең ұзақ тоқтаусыз теміржол сапарын Мәскеу-Пхеньян пойызында жасауға болады екен. Маршруттың ұзындығы 10 309 шақырымнан асады және бұл дерек Гиннестің рекордтар кітабына енген.

Сондай-ақ, ең ұзын теміржол Мәскеуді Находкамен байланыстыратын ұзындығы 9438 шақырым болатын Транссібір темір жолы. Бұл бағытты толықтай жүріп өту үшін 8 күн 4 сағат 25 минут уақыт кетеді екен.

Былтыр Швейцарияда ең ұзын жолаушылар пойызы рекорд орнатқанын ерекше атап өткен жөн. Ұзындығы 2 шақырымға созылған пойыз Ретий теміржолы бойындағы көрікті жерлердің бір бөлігін, атап айтқанда Альбул/Бернин бағытымен Предадан Бергенге дейін жүріп өтті. 25 вагон тізбегін біріктіру арқылы Ретий теміржолының басшылары 175 жылдық мерейтойын атап өтуді әрі әлемдік рекорд орнатып, жергілікті халық пен шетелдік туристердің назарын аударуды жөн көрген. Эксперимент сәтті іске асты. Оның басты шарты пойызды жүргізген 6 машинистің бірдей іс-қимыл жасауы болды.

Сұраныс бойынша тоқтайтын пойыз

Пойыздардың кез келген жерден қол көтерген адамға тоқтайтыны жайлы естуіңіз бар ма? Алясканың Талкинт қаласынан «Ураган» шатқалы арасында қатынайтын Hurrican Turn пойызында жоспарланған аялдама жоқ. Бұл пойыз сұраныс бойынша ғана тоқтайды. Оған міну үшін жолаушы жүргізушіге ақ орамалын бұлғап, белгі берсе жеткілікті. Мұндай аялдамалардың саны шектеусіз десек те болады.

Биік таулы жердегі маршрут

Қытайда теңіз деңгейінен шамамен 4000 метр биіктікте жүретін пойыз бар. Мұнда әлемдегі ең биік тау темір жолы Цинхай-Тибет жолы бар. Жалпы ұзындығы 1956 км болатын маршруттың белгілі бір нүктелерінде пойыз 5000 м биіктікке дейін көтеріледі екен. Мұндай экстремалды биіктіктер арнайы вагондарды талап етеді: олар толығымен қымталған, ал орындықтардың жанында оттегі беру пульті мен жеке оттегі маскаларын қосатын тетігі бар.

 

Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан мен Бельгия порттар арасындағы серіктестікті дамытуды көздейді
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан арқылы транзиттік тасымал көлемі 13,1%-ға өсті
Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты