Әлемдегі ең әдемі 10 пойыз

Әлемде
28.06.2023, 12:05

Бұл сәнді пойыздармен саяхатқа аттану мүмкіндігі екінің біріне бұйыра бермейді. Әдеттегі пойызбен салыстырғанда олардың билеті өте қымбат тұрады, дегенмен оның өзіндік мәні бар. Өйткені бұл пойыздармен сапарға аттанғанда сізде мұндай есте қаларлық саяхат келесі жолы болмайтынын түсінесіз. Себебі бұл пойыздардың кейбірі жылына бір рет қана сапарлайды, ал саяхаттауды жақсы көретіндерге тек бір орынды иелену үшін көптеген ай күтуіне тура келеді. Назарларыңызға әлемдегі ең әдемі 10 пойызды ұсынамыз.

1. «Шығыс экспресс»

Билет бағасы: 1 160 доллардан басталады.

Бұл Шығыс пен Батысты байланыстыратын алғашқы теміржол желісі болды. Агата Кристидің «Шығыс экспрессіндегі кісі өлтіру» романының арқасында ең танымал пойызға айналды десек болады.

2. Eastern & Oriental Express пойызы

Билет бағасы: 2 217 доллардан басталады.

Сингапур – Малайзия – Банкок бағыты бойынша жүретін бұл пойыз бес жұлдызды қонақ үй сияқты. Billionnews басылымының жазуынша, онымен сапарға шыққан адам өзін қонақ үй ішінде жүргендей сезінеді.  

3. The Golden Chariot пойызы

Билет бағасы: 5 730 доллардан басталады.

Бұл әлемдегі ең әдемі жолаушылар пойызының бірі саналады. Пойыздың жасалу стилі Ұлыбритания патшайымына тиесілі ескі Blue Express пойызына ұқсайды.

4. Rovos Rail пойызы

Билет бағасы: 1 200 доллардан басталады.

Пойыздың ең соңында үлкен терезелермен жабдықталған әрі панорамалық көрініске жол ашатын вагоны бар.

5. Royal Scotsman пойызы

Билет бағасы: 2 935 доллардан басталады.

Өте ыңғайлы әрі жол жүруге жайлы бұл пойыз бүкіл Шотландияны аралап өтеді. Сондай-ақ ондағы вагондардың бірі спа-орталығына айналған.  

6. Maharajas Express пойызы

Билет бағасы: 6 840 доллардан басталады.

Азиядағы ең қымбат әрі сәнді пойыз деп осыны айтса болады. Өйткені бұл Үндістандағы патша сарайының көшірмесі болып табылады.  

7. «Императорлық Ресей» пойызы

Билет бағасы: 6 400 еуродан басталады.

Бұл жылына бір рет қана саяхатқа шығатын ең әдемі және танымал пойыз. Императорлық Ресей – патшаның отбасы саяхаттаған құрамның атмосферасын сезіндіретін бірегей пойыз. Пойызда бар, вагон және фортепиано залы бар. Пойыз мына бағыттар бойынша жүріп өтеді: «Мәскеу-Пекин», «Пекин-Мәскеу», «Мәскеу - Ұлан-Батор», «Ұлан-Батор- Мәскеу».

8. Blue Train пойызы

Билет бағасы: 1 740 доллардан басталады.

Пойыз Оңтүстік Африканың оңтүстік жағалауындағы көркем жерлермен жүріп өтеді. Онымен саяхаттаған жолаушылар жол бойында керік, антилоп, бизон сияқты аңдар мен жануарларды тамашалай алады.

9. «Алтын қыран» пойызы

Билет бағасы: 13 995 доллардан басталады.

Бұл әлемдегі ең қымбат жолаушылар пойызы. Вагондардың бірінде фортепиано мен кітапхана орналасқан. Аталған пойыз Мәскеу – Владивосток бағытында қатынайды.

10. Train Suite Shiki-shima пойызы

Билет бағасы: 4 450 доллардан басталады.

Заманауи минималистік дизайнда жасалған жапондық Train Suite Shiki-shima барлық сәнді вагондардың винтажды болуы артық екенін дәлелдеп отыр. Тохоку мен Хоккайдо аймақтарын аралайтын пойызда барлығы 17 төсек орны бар. Ең жақсы орындар екі қабатты жетінші вагонда: көліктің салоны дәстүрлі элементтермен безендірілген және оның басты ерекшеліктерінің бірі - 300 жылдық кипарис ағашынан жасалған ванна.

 

Әлеумет
15.03.2026
ҚТЖ қызметкерлері мен басшылығы республикалық референдумға белсенді қатысуда
Жолаушылар тасымалы
13.03.2026
Наурыз мейрамы қарсаңында ҚТЖ қала маңындағы пойыздарда 2177 қосымша орын ұсынады
Жолаушылар тасымалы
13.03.2026
Jibek Joly туристік пойызы жаңа бағыт бойынша жолға шығады
Инфрақұрылым
13.03.2026
Абай облысында «Бақты – Аягөз» теміржол жобасының іске асырылу барысы талқыланды
Жүк тасымалы
13.03.2026
Қостанайдан Нью-Йоркке дейін...
Жүк тасымалы
13.03.2026
Жаһандық желінің маңызды буыны
Инфрақұрылым
13.03.2026
Назарда тұрған нысандар
Жүк тасымалы
13.03.2026
Семейдегі жүк тасымалы мен логистиканы дамыту шаралары
Қауіпсіздік
13.03.2026
Шымкентте теміржол бойындағы қауіпсіздік мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
13.03.2026
Теміржолшылар таңдау жасайды
Жаңалықтар
13.03.2026
Теміржолшылар қан тапсырды
Аймақтар
13.03.2026
Ғибратты ғұмыр иесі
Жаңалықтар / Мұрағат
13.03.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №19 13 наурыз 2026 жыл
Жаңалықтар
12.03.2026
Көлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған жаңа техника табысталды
Жаңалықтар
12.03.2026
Жолаушылар үшін жаңа бағыттар ашылып, вагондар паркі жаңартылып жатыр – Тоқаев
Жолаушылар тасымалы
12.03.2026
ҚТЖ төтенше ауа райы жағдайында пойыздардың үздіксіз қозғалысын қамтамасыз етуде
Жолаушылар тасымалы
12.03.2026
ҚТЖ тас жолдардың жабылуына байланысты 390 жолаушыны пойызбен жеткізді
Әлемде
12.03.2026
Дрондар теміржол жұмысын өзгертуде
Әлемде
11.03.2026
Әлемдегі ең жүйрік CR450 пойызы 453 км/сағ жылдамдықты еңсерді
Аймақтар
11.03.2026
Жамбылда теміржолшы арулар марапатталды