Әлемдегі ең ерекше теміржолдар

Әлемде
12.07.2023, 12:39

Теміржолдың пайда болуы адамзаттың көлік саласында қол жеткізген ең үлкен жетістігінің бірі болды десек артық емес. Өткен ғасырда әртүрлі қозғалыс құрамы үшін көптеген маршруттар жасалды. Олардың кейбірі өте экзотикалық, таулы, сулы және ну орманды жерде  салынды, сол себепті мұндай ерекше теміржолдар елдің назарын аудартып, тартымды бола түсті. Мұндай керемет теміржол желілерін әлемнің әр түкпірінен көруге болады. Солардың ең қызықты дегендерін назарларыңызға ұсынамыз.

Блумер разрезі

Бұл Американың Калифорния штатында салынған ең алғашқы теміржол желілерінің бірі. Аталған жолдың ерекшелігі оның қыраттың ішін кесіп өтуінде, ол үшін 1860 жылдары биіктігі 30 метр, ұзындығы 150 метр болатын ағаш жол өткелі салынған. Бұл құрылысты қазіргі адамдар көрсе «әлемнің сегізінші кереметіне» теңер еді, деп жазды billionnews басылымы.

19 қабатты үйдегі теміржол

Қытайдың Чунцин қаласынан ерекше үйді көруге болады, сәулетшілер оның астынан теміржол өтетіндей етіп жасаған. Шын мәнінде, бұл композицияда таңқаларлық ештеңе жоқ, бар болғаны  халық ең тығыз қоныстанған жер ғана.

Ханойдағы пойыздар

Әлемдегі ең тар көшелер арқылы өтетін теміржолды көргіңіз келе ме? Олай болса сізге Вьетнамға, нақтырақ Ханойға бару қажет. Жергілікті халық мұндай жолға әбден үйренген, олар үшін бұл қауіпті жол саналмайды. Бір қызығы мұндай жерлердегі үйлердің кіре берісіне шлагбаумдар қойылған. Өйткені көшеге жүгіріп шықпас бұрын жан-жағыңа қарауың қажет.  

Hindenburgdamm

Германияда Hindenburgdamm бөгеті (дамба) бар, ерекшелігі сол оның үстімен теміржол өтеді. Оның ұзындығы 11 шақырым. Теміржол желісі Зюльт аралынан елдің құрылықтық бөлігіне дейін созылған. Күн сайын оның үстімен 100-ден астам пойыз жүреді екен.  

Ең ұзын туннель

Готхард базалық туннелі әлемдегі ең ұзын теміржол туннелінің бірі. Ол Швейцарияның Альпі тауы арқылы солтүстік пен оңтүстік Еуропаны жоғары жылдамдықты байланыспен қамтасыз етіп отыр. Туннелдің ұзындығы 57 шақырым және ресми түрде 2016 жылы ашылған.  

Виадук

Швейцарияның Брусио коммунасында ілмек түріндегі тоғыз аркалы теміржол көпірі бар, оның үстіне бұны виадук деп те атайды. Оның ұзындығы 110 метр, ал бұрылыстағы иілуі  7% құрайды.

Ұшу жолағындағы пойыз

Жаңа Зеландияның Гисборн аймақтық әуежайында ұшу-қону жолағын бойлай өтетін ең ерекше теміржол желісі бар. Ұшақтар қонып немесе көтеріле бастағанда, теміржолдың осы бөлігімен өтіп бара жатқан барлық пойыздар дереу тоқтай қалуы керек. Яғни, бір жерден пойыз да, ұшақтар да өтіп жатыр.  

 

Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда теңіз жүк тасымалының көлемі 7,2%-ға өсті
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда жылу беру маусымына дайындық аясында 19 млн тонна көмір тасымалданды
Әлемде
19.08.2026
Еуропада жүк вагондарының дөңгелектерін тексеру талаптары күшейтіледі
Жаңалықтар
18.08.2026
Еліміздің алты өңірінде 2 мыңнан астам жүргізуші ҚТЖ-ның «Қауіпсіз өткел» акциясына қатысты
Жолаушылар тасымалы
18.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ пойыздарымен 7,5 млн жолаушы тасымалданды
Әлеумет
18.08.2026
ҚТЖ: отандық өндірушілерді қолдайды
Аймақтар
18.08.2026
Жүктемесі жоғары өткелдерде рейд өтті
Аймақтар
18.08.2026
Басты өлшем – қозғалыс қауіпсіздігі
Аймақтар
18.08.2026
Бурыл станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Қауіпсіздік
18.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар өткелдердегі қауіпсіздікті күшейтуде
Аймақтар
18.08.2026
Мал басу азайды
Аймақтар
18.08.2026
Еңбек заңнамасы талқыланды
ҚТЖ келбеті
18.08.2026
Коллекционер теміржолшы
Аймақтар
18.08.2026
Торқалы тоқсанға келген теміржолшы
Жаңалықтар
18.08.2026
Теміржол вокзалдарын жаңғырту Жетісу облысында жалғасуда
Жаңалықтар / Мұрағат
18.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №65 18 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
17.08.2026
Балалар лагерінде темір жолдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық іс-шара өтті
Спорт
17.08.2026
Теміржолшы пара-пауэрлифтингтен Қазақстан чемпионатында күміс алды
Әлемде
17.08.2026
Қауыннан жасалған «пойыз»
Жүк тасымалы / Апта саны
17.08.2026
ҚТЖ желісімен 184 млн тоннадан астам жүк тасымалданды